14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынуға міндетті.»;
2-тармақ «Конкурсты», «конкурстық» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукционды)», «(аукциондық)» деген сөздермен толықтырылсын;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен, бiрақ конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей өтініш жасауға құқылы. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенін көрсетпей, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiруді хабарлауға мiндеттi.
Қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық (аукциондық) құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн - әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтiнiмдерде ескеруі үшiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында дереккөздерін көрсетпестен, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге дереу жіберіледі.
6. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.»;
14) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;
3) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған болуға;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.
Меншікті қаражат деп әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі, олар концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген болуға тиіс;
6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс;
7) азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) және құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) болуға тиіс.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетінін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға құжаттар ұсынады, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделеді.»;
3, 3-1, 3-2, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, мұндай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мұндай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
3-2. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты ұсынбауға құқылы.
5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетінін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды.»;
15) 18-1-бапта:
тақырып «Конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;»;
3) тармақ «конкурстың», «конкурстық» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукционның)», «(аукциондық)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.»;
3-тармақша «конкурстың», «конкурстық» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукционның)», «(аукциондық)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік орган болып табылатын конкурстарды (аукциондарды) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;»;
екінші бөлік «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік «конкурсты» деген сөзден кейін «(аукционды)» деген сөзбен толықтырылсын;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайда қайтармайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:
1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;
3) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;
4) концессия шарты күшіне енген;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.»;
16) 18-2, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионер таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның жұмыскері конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды (аукциондарды) дайындау жөнінде сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың (аукционның) нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті концессионері мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, өткізілетін конкурсқа (аукционға) қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы бап талаптарының бұзылуын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессиялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу
1. Концессионер таңдау концессиялық жобалар бойынша конкурс (аукцион) өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Республикалық меншікке жатқызылған және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
Коммуналдық меншікке жатқызылған және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін - кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал конкурс (аукцион) қайта өткізген кезде кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын міндетті түрде жариялайды. Конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратта концессия объектілері, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтер, конкурс (аукцион) жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар; конкурс (аукцион) өткізілетін орын, уақыт және күн туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Концессиялық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Тиісті конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу
1. Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, бұл мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комиссия конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.
Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеді деп есептеледі.
Бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
4. Комиссия келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келіссөздер барысында, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
5. Конкурс (аукцион) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Конкурс (аукцион) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы және комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.
6. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан пайдалануға келмейтін болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.
7. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.
8. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде, құрылатынын конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген, конкурстың (аукционның) жеңімпазы құрған заңды тұлғамен концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктері ұсынылған жағдайда) концессия шартын жасасады.
9. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
10. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионер таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.»;
17) 21-баптың 6-тармағының алтыншы бөлігі «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын;
18) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «конкурссыз» деген сөзден кейін «(аукционсыз)» деген сөзбен толықтырылсын;
19) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
20) 26-3-баптың 1-тармағы «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын.
49. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
49-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң депозиторлар - жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
49-тармақтың 2) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі - төлемдердің электрондық порталы) - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі - депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы - кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;»;
49-тармақтың 2) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қатысушы банк - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);»;
«9) қосылу шарты - банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;»;
49-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;»;
4) 5-баптың 2-тармағында:
49-тармақтың 4) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді