1) 1-баптың 24-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1) сарапшылық кеңес - агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;»;
2) 10-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі - сақтандырушылар):».
46-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
46. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
47. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.»;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) банк-агент - екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі;»;
«9-1) кепілді басқарушы - тең кепіл ұстаушылардың арасында жасалған кепілді басқару шартына байланысты солардың атынан және мүдделерінде әрекет ететін, тең кепіл ұстаушылардың атынан кепіл шартын жасайтын заңды тұлға;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кредитор - облигациялар ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар - екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары;
10-2) қарыз алушы - синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға;»;
«15-1) синдикатталған қаржыландыру - бір синдикатталған қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі;»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру
14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері
1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша бірнеше кредитор (бұдан әрі - кредиторлар синдикаты) бір-бірімен келісе отырып, қарыз алушының меншігіне әрбір кредитор үшін шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде ақша беруге немесе беріп тұруға міндеттенеді, ал қарыз алушы кредиторларға олардан алған ақшаны қайтаруға, сыйақыны, сондай-ақ, егер шартта өзге де төлемдерді төлеу міндеті көзделсе, оларды төлеуге міндеттенеді.
2. Қарыз алушы мен кредиторлар синдикатына қатысушылар (кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылар) арасында жасалған синдикатталған қарыз шартында оған кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың қосылу мүмкіндігі көзделуі мүмкін, оларға қатысты синдикатталған қарыз шарты кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың шартта көзделген тәртіппен оған қосылған кезінен бастап қолданылады. Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылар шартқа қосылған кезде кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылардың және қарыз алушының міндеттемелері өзгермейді.
3. Синдикатталған қарыз шартында жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешімдер негізінде және осындай шешімде көзделген тәртіппен:
1) кредиторлар синдикатына барлық қатысушылардың құқықтарды жүзеге асыруы немесе белгілі бір құқықтардан бас тартуы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген жағдайларда қарыз алушыға синдикатталған қарыз шартынан бас тарту туралы хабарламаны немесе оны өзгерту не бұзу туралы талапты жіберу;
3) кредиторлар синдикатына қатысушылар немесе үшінші тұлғалар қатарынан банк-агентті және (немесе) кепілді басқарушыны таңдау, оларға белгілі бір өкілеттіктер беру және оларға осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқаулар жіберу;
4) синдикатталған қарыз шарты бойынша барлық кредиторлардың талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына басқа қатысушыға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беру;
5) синдикатталған қарыз шартында айқындалған жағдайларда, қарыз нысанасының барлық немесе қалған бөлігін сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтару;
6) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;
7) синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну жүргізілетіні көзделуге тиіс.
4. Синдикатталған қарыз шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қарыз шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.
14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары
1. Синдикатталған қаржыландыру кемінде екі кредитор қатысқан кезде жүзеге асырылады.
2. Әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақшаның мөлшері синдикатталған қарыз шартында тұрақты ақша сомасында немесе қарыз алушыға беруге жататын ақшаның белгілі бір үлесі түрінде белгіленуі мүмкін.
Әрбір кредитордың қарыз алушыға берілген ақшаның мөлшеріне пропорционалды қарыз алушыға қатысты дербес құқықтары (талаптары) болады.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредитор өзге кредиторлардың қарыз алушыға ақша беру жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Қарыз алушы банк-агенттің кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамы туралы және олардың қарыз алушыға қоятын талаптарының мөлшері туралы ақпарат беруін талап етуге құқылы.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімді, кепілді басқару шартын жасасу, өзгерту немесе тоқтату кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы мен қарыз алушы арасында синдикатталған қарыз шарты бойынша туындайтын міндеттемелерді өзгертуге немесе тоқтатуға алып келмейді.
Кредиторлар синдикатына қатысушылар синдикатталған қарыз шартының талаптарын, оның ішінде синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне белгіленген әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақша мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
3. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.
Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісім синдикатталған қарыз шарты жасалғанға дейін де, ол жасалғаннан кейін де, оның ішінде қарыз нысанасы берілгеннен кейін кредиторлар синдикатына қатысушылар арасында жасалуы мүмкін.
Кредиторлар синдикатына қатысушылардың арасындағы келісімде, соның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушылардың біреуі немесе бірнеше қатысушысы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі және кредиторлар синдикатына қатысушы құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы жөнінде шешім қабылдау тәртібі айқындалады.
Кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агент жүзеге асырған кезде кредиторлар синдикатына өзге де қатысушылар шартта көзделген құқықтарды синдикатталған қарыз шарты тоқтатылған кезге дейін немесе синдикатталған қарыз шартында көзделген кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агенттің жүзеге асыруы туралы талаптың күші жойылғанға дейін жүзеге асыруға құқылы емес.
Банк-агент кредиторлар тізілімін жүргізеді, кредиторлардың әрқайсысы қарыз алушыға берген барлық қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, қарыз алушыдан немесе үшінші тұлғалардан синдикатталған қарыз шарты бойынша орындауды, оның ішінде сыйақы мен өзге де төлемдерді алады, келіп түскен ақшаны есепке алуды жүргізеді және оларды кредиторлар арасында бөледі, кредиттік дерекнама мен құжаттама жинауды, қалыптастыруды және жүргізуді, қарыз алушының қарызды нысаналы пайдалануына және қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды, қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады, қарыз алушыны синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алғаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Кредиторлар синдикатына қатысушы әрбір кредитор банк-агент функцияларының тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеу жөніндегі өз талаптарын мәлімдеуге құқылы.
4. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша кепілді басқарушымен кепілді басқару шартын жасасуға құқылы.
Кепілді басқару шарты бойынша кепілді басқарушы барлық кредиторлардың (бірлесіп кепіл ұстаушылардың) атынан және мүдделерінде әрекет етеді, кепіл берушімен кепіл шартын жасасады және кепіл шарты бойынша кепіл ұстаушылардың барлық құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілді басқару шартына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілді басқару шарты тоқтатылған кезге дейін өздерінің кепіл ұстаушы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Кредиторлар синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына қатысушы басқа кредиторға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беруді жүргізуге құқылы.
Синдикатталған қарыз шартында кредиторлар синдикатына қатысушының қарыз беру жөніндегі өз міндетін аударуына қарыз алушының алдын ала келісімі болуы мүмкін.
Банк-агенттің барлық құқықтары мен міндеттері осы Заңға сәйкес банк-агент болуға құқылы басқа тұлғаға берілген жағдайда, жаңа банк-агент қарыз алушыға мұндай берудің жасалғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Егер қарыз алушы мұндай хабарламаны алмаса, қарыз алушы бастапқы банк-агентке ақша беру арқылы жүргізген синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелер тиісінше орындалды деп есептеледі.
Синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде басқаға беруді жасаған кредитор жаңа кредиторға талап ету құқықтарының ауысқаны туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, банк-агентті және кепілді басқарушыны талап ету құқықтарының ауысқаны туралы хабардар етуге міндетті.
Қарыз алушыны кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтарының басқа тұлғаға өтуі туралы хабардар етуді банк-агент және кепілді басқарушы кредитордың талап ету құқықтарының жаңа кредиторға өтуі туралы хабарламасын алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей банк-агент синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:
1) синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, синдикатталған қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттігі;
2) қарыз алушының синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен банк-агентке өтініш жасау құқығы;
3) синдикатталған қарыз шартының төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты шараларды көздейтін тармақтарын көрсете отырып, қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.
2. Қарыз алушы міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк-агентке өзінің синдикатталған қаржыландыру шартының талаптарына өзгерістер, оның ішінде:
1) синдикатталған қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;
3) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
4) синдикатталған қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.
3. Банк-агент қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны кредиторлар синдикатына қатысушыларға жібереді, олар қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешім негізінде жазбаша нысанда не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен банк-агентке:
1) синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
3) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, мұндай бас тарту туралы хабарлайды.
Банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қарыз алушыға жібереді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ қарыз алушы осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы мен кредиторлар арасында синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, кредиторлар:
1) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;
2) синдикатталған қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру;
3) төрелікке, сотқа синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгіну;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді банк-агент жүзеге асырады.
5. Кредиторлар осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімдерді қабылдағанға дейін кредиторлар осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген сотқа дейінгі реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.».
48. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концедент - Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) - концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады;»;
9) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын қызметтер;»;
«25) тікелей келісім - осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.»;
2) 3-бап 5) тармақшасындағы «жол бермеуге негізделеді.» деген сөздер «жол бермеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) концессиялық жобаны іске асыру үшін концессионердің инвестицияларды жүзеге асыруына;
7) халық үшін концессиялық жобаның құндылығына негізделеді.»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Концессияны қолдану салалары
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық саласындағы (аясындағы) туристік қызмет, әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берілуі мүмкін.»;
4) 7-баптың 4-тармағы «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 9-бапта:
1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары «конкурстық», «конкурсты», «конкурсқа» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукциондық)», «(аукционды)», «(аукционға)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «орта мерзімді кезеңге» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша «конкурстық», «конкурсқа», «конкурсты» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукциондық)», «(аукционға)», «(аукционды)» деген сөздермен толықтырылсын;
7-5) тармақша «конкурсты» деген сөзден кейін «(аукционды)» деген сөзбен толықтырылсын;
7-7) тармақша алып тасталсын;
6) 10-баптың 2) тармақшасы «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 10-1-баптың 1) тармақшасы «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 12-баптың 1), 2) және 7) тармақшалары «конкурстық», «конкурстың», «конкурсты» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукциондық)», «(аукционның)», «(аукционды)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 13-бапта:
2) тармақша «конкурсты» деген сөзден кейін «(аукционды)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан:
конкурстық (аукциондық) құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
концессионер таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілген кезде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартады;»;
3-3) тармақшада:
«4 000 000 айлық есептік көрсеткішке» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
5) және 9) тармақшалардағы «конкурстың ұйымдастырушысы», «конкурсты» деген сөздер тиісінше «конкурстың (аукционның) ұйымдастырушылары», «конкурсты (аукционды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) тізбені қалыптастыру;
2) концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу;
3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.
2. Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру концессионерге мемлекет кепілгерлігін берудің міндетті шарты болып табылады.»;
11) 15-2-баптың тақырыбы мен мәтіні «конкурстық», «конкурсты», «конкурс» деген сөздерден кейін тиісінше «(аукциондық)» «(аукционды)» «(аукцион)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 16-баптың 1-тармағы «конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
13) 17-бапта:
тақырып «Конкурстық» деген сөзден кейін «(аукциондық)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «Конкурсты» деген сөзден кейін «(аукционды)» деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша «талаптарды» деген сөзден кейін «және оларды бағалау тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
4), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессия шартының жобасын;»;
«7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;
8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқауды;
9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен соңғы мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;
10) әлеуетті концессионердің концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде ұсыну құқығына тиісті нұсқауды;
11) әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндіру сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;
12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;
13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кеш емес);