1) 1-бапта:
37-тармақтың 1) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жолдама парақ - жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуды жүргізу мен бақылауға арналған қағаз немесе электрондық-цифрлық нысандағы құжат;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;
37-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-2) интеллектуалды көлік жүйесі - жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі - автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;»;
37-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 23-19) және 23-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;»;
37-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 22-бапта:
2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 2-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;»;
37-тармақтың 4) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын жасасу қағаз немесе электрондық нысанда тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.».
38-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
38. «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
39-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
39. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.».
40. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгіленімдерді жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйым;»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде инвестициялық қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компанияларға осы Заңның және уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
3) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын қор биржасының сауда жүйесінде орналастыру мен айналысқа жіберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.»;
4) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) өзі басқаратын қор пайларын ұстаушы болған жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы басқарушы компанияның ұстауындағы пайлар саны ол басқаратын қордың барлық орналастырылған пайлары (сатып алынған пайларды қоспағанда) санының он пайызынан кем болуға тиіс.»;
5) 20-бапта:
1-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қағаз түрінде не» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
6) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорларының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналысқа жiберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.»;
7) 23-баптың 6-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайларды орналастыру кезінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде пайларды сатып алушының жеке шотына (қосалқы шотына) немесе номиналды ұстаушының жеке шотына есепке жатқызу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.»;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтарының талаптары ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) осы сатып алуды жүзеге асырған жағдайда қор бижасында оларды сатып алу арқылы сатып алуға қатысты қолданылмайды.»;
9) 27-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «шарттары,» деген сөзден кейін «мерзімдері мен» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аяқталмаған құрылыс объектілері;
1-2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес осындай деп танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік;»;
5-тармақ «жылжымайтын мүлiк қорының» деген сөздерден кейін «қаржы жылының қорытындысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
9-1. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бiр тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялық қордың активтерi есебiнен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
11) 41-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 11) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктегі «5) және 11) тармақшаларының» деген сөздер «5) тармақшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қор қағидаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер, басқарушы компанияның және осы қордың бағалы қағаздары айналыста болатын қор биржасының интернет-ресурстарын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама арқылы таратылмайды.».
41-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
41. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
42. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, cт.86):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны - гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру - көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;»;
73-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«73-1) тоғанда балық өсіру шаруашылығы - балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;»;
мынадай мазмұндағы 73-2) тармақшамен толықтырылсын:
«73-2) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;»;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«77) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-12), 77-13) және 77-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«77-12) әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
77-13) бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-14) балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасайды;»;
3) 10-баптың 2-тармағының 5-3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарлар түрлерін, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.»;
5) 27-бапта:
1-тармақ 8) тармақшасындағы «ауыстыруға құқығы бар.» деген сөздер «ауыстыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздеме болған кезде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі 24) тармақшасындағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздемеде айқындалған су айдынының жобалық қуатына сәйкес балықтарды тауарлы өсіруді қамтамасыз етуге міндетті.»;
6) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.»;
7) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмi, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негiзiнде берiледi.»;
8) мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:
«39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары
1. Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш жасайды.
2. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын жасау үшін жер учаскелерін беру осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалану кезінде су ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жеке және заңды тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшесімен осы Заңның 40-бабының талаптарын ескерусіз, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасады.
5. Балық өсіру учаскесін пайдалану шарты қырық тоғыз жылға жасалады.».
43. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 44, 48-құжаттар; № 11, 57-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді;»;
2) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске немесе концессионерге шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару
1. Қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы құралдарды қоспағанда, әскери мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін уақытша иеленуге және пайдалануға берілуі мүмкін.
2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше әріптеске немесе концессионерге иеліктен шығарылуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің инвестициялық шығындары мен құны өтемақысының жиынтық көлемі жекеше әріптестің немесе концессионердің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бағалауға жатады.»;
4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-26), 26-27) және 26-28) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;».
44-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
44. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
45-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
45. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 14, 73-құжат):