4-3. Клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепте тұрған қаржы құралдарын меншікті активтерден бөлек есепке алады және бұлар оның банкрот болу жағдайында мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына осы баптың 4-4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, енгізілмейді.
4-4. Клирингтік ұйымның резервтік қорының қаражаты ол банкрот болған жағдайда мүліктік массаның құрамына және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына клирингтік ұйым өзінің клирингтік қатысушылары алдындағы барлық міндеттемелерін атқарғаннан кейін қалған бөлігінде енгізіледі.»;
33) 77-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) клирингтік ұйым орталық контрагенттің функцияларын орындаған жағдайда, клирингтік қатысу сертификаттарын шығару;»;
34) 77-3-баптың 2-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) клирингтік ұйымның кепілдік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, клирингтік ұйымның кепілдік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін, сондай-ақ клирингтік ұйымның жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібін;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) резервтік қорлардың түрлерін, клирингтік ұйымның резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клирингтік ұйымның резервтік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін;»;
35) 78-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Орталық депозитарий шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымдарына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдарға қызмет көрсетуге құқылы.
Орталық депозитарий мен шетелдік қаржы ұйымы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйым арасында жасалған шартта көрсетілетін қызметтер тізбесі қамтылуға тиіс, оларды көрсету шарттары мен тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына сәйкес немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) номиналды ұстау туралы шарт талаптарына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес осы тұлғалардың жекелеген деректемелерін ашып көрсетпей, депонент ұсынған мәліметтердің негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған тұлғаларды қоспағанда, депоненттердің клиенттері;
8) іскерлік қатынастар орнату рәсімінен өткен өзге де жеке және заңды тұлғалар.»;
36) 80-бапта:
1-тармақта:
35-тармақтың 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына және (немесе) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және (немесе) қаржы құралдарының номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттерге олардың клиенттері-Қазақстан Республикасының резиденттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;»;
«3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған номиналды ұстаушының клиентіне номиналды ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «орындауды жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «орындауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;
6) сейфтік операцияларды: құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.»;
5-тармақтағы «тiзiлiмдер» деген сөз «тiзiлiмдері» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге құқылы.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 9-1 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпаратты алуға құқылы;»;
«11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.»;
37) 81-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;»;
«7-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсыну, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыруы;»;
38) 90-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «активтері есебінен қалыптастырылған кепілдік берілген қорды» деген сөздер «жарналары есебінен қалыптастырылған кепілдік қорларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтың 39) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
39) 113-2-бап алып тасталсын.
36. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 14, 75-құжат):
36-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:»;
2) 6-5-бапта:
36-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алу шарттары да, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алуы туралы мәліметтер мен ақпараттың нысандарын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;»;
36-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың екінші бөлігі 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты осы баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасын қолдану мақсатында бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік деп түсініледі.»;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 1), 5) және 6-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
36-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;»;
36-тармақтың 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;»;
«6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
36-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;»;
2-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
36-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.»;
36-тармақтың 3) тармақшасының он үшінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрлерін жүргізу мен қызметке арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банк активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.»;
36-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 10-бапта:
8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешім қабылдайды;»;
«10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген барлық немесе жекелеген операцияларды жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;»;
36-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 11-бапта:
4) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздер алып тасталсын;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тiзiлiмiн жүргiзедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;»;
36-тармақтың 6) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 12-2-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітеді;»;
7) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
36-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,» деген сөздер алып тасталсын;
36-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаржы ұйымдарының, банк» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
8) 15-2-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;»;
5) тармақшадағы «жатқызған жағдайда, жүзеге асырады.» деген сөздер «жатқызған жағдайда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызған жағдайда жүзеге асырады.»;
36-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
9) 15-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің елеулі болуына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша акті негізінде - отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына не төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.»;
36-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
10) 15-6-баптың 1-тармағында:
8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
9) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын тарату туралы есепті бекіту;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;»;
36-тармақтың 11) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
11) 15-14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерiнің және өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.».
37. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 12, 62-құжат):