«20) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен шығарып тастау;»;
«47-2) клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттар - клирингтік ұйымның осы Заңның 77-1-бабы 4-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген активтерін есепке алу үшін клирингтік ұйымның атына ашылған шоттар;
47-3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорлары - клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;»;
мынадай мазмұндағы 47-4) тармақшамен толықтырылсын:
«47-4) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры - клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;»;
49) және 52-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«49) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен және (немесе) мемлекет кепілдігімен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация;»;
«52-1) қатысудың клирингтік сертификаты - орталық контрагенттің функцияларын орындайтын клирингтік ұйым шығаратын және оның иесінің клирингтік ұйымның кепілдік қорындағы активтердің үлесіне құқығын куәландыратын эмиссиялық емес бағалы қағаз;»;
мынадай мазмұндағы 52-2) тармақшамен толықтырылсын:
«52-2) ковенанттар (шектеулер) - басталуы мемлекеттік емес облигациялар эмитентінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелердің туындауына алып келетін жағдайлар;»;
59), 60) және 60-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«59) листинг - қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізу және онда болу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген осы тізімге бағалы қағаздарды енгiзу;
35-тармақтың 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
60) лицензиат - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
60-1) маржалық жарна - клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде клирингтік қатысушы енгізетін ақша және (немесе) өзге қаржы құралдары;»;
мынадай мазмұндағы 60-2) тармақшамен толықтырылсын:
«60-2) маржиналдық мәміле - бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер өз клиентінің тапсырмасы негізінде жасайтын, брокер және (немесе) дилер клиентке қайтарымдылық, мерзімділік пен төлемділік талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;»;
35-тармақтың 1) тармақшасының жиырма төртінші - жиырма алтыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
77) және 83) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«77) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға құжаттарды ұсынған заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;»;
«83) төлем агентi - банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;»;
100) тармақша алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп таниды, оларды тіркеу тәртібін, шығару, айналысқа жіберу, өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;»;
35-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
35-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 3-5-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын қоспағанда) өз есебінен және өз клиенттерінің есебінен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы;»;
35-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 3-6-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана шағым жасауға құқылы.»;
6) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы уәкілетті орган енгізген мәліметтер және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары негізінде қалыптастырылады.
Пайдаланушылар үшін Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне қол жеткізу уәкілетті органның веб-порталы арқылы беріледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларға қолданылмайды.»;
8) 12-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.»;
9) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару
1. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару деп осы Заңның мақсатына орай инвесторлардың шектеулі саны арасында орналастырылатын облигацияларды шығару танылады.
2. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары жеке меморандумда айқындалады, оның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Осы облигацияларды орналастыруға қатысатын инвесторлар саны елуден аспауға тиіс.
4. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлардың арасында орналастыруға тыйым салынады.
5. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге жол беріледі.»;
10) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.»;
11) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
12) 18-3-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары» деген сөздер «Эмитенттер» деген сөзбен ауыстырылсын;
35-тармақтың 13) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 31-баптың 8-тармағындағы «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін» деген сөздер «базалық мөлшерлемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) облигациялар шығарылымының проспектiсiнде (жеке меморандумда) белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде уәкiлеттi органды мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары жөнінде хабардар етеді.»;
35-тармақтың 15) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркелуге жатады.»;
2, 4, 5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;
16) 41-баптағы «акционерлері» деген сөз «ірі акционерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 43-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: оның эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде ұстаушы үшін ашылған жеке шот бойынша оның сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;»;
35-тармақтың 18) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
18) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.»;
35-тармақтың 19) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
19) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.»;
35-тармақтың 20) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
20) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.»;
35-тармақтың 21) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
21) 51-баптың 1-тармағы 13) тармақшасындағы «жоймаған жағдайларда, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «жоймаған;» деп ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрған (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына берілген лицензияға қатысты) жағдайларда, лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.»;
35-тармақтың 22) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
22) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
35-тармақтың 23) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
23) 53-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар ұсынатын көрсетілетін қызметтерге жарнама беруші ретінде мына тұлғаларға:
уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына;
лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.»;
24) 54-бапта:
35-тармақтың 24) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы-бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы - заңды тұлғасының басшысы болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Осы баптың талаптары лауазымдық міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты мәселелерге жетекшілік ету кірмейтін, ұлттық компаниялардың басқару органының басшысына және мүшелеріне, атқарушы органының басшысына, сондай-ақ атқарушы органының мүшелеріне қолданылмайды.»;
35-тармақтың 25) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) 57-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде клиентке уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен, номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шоттар (қосалқы шоттар) ашуға міндетті.»;
26) 58-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде, тәртіппен және мерзімдерде электрондық деректерді ұсынуға;»;
27) 59-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) акционерлердің жалпы жиналысында клиенттер атынан сенімхатсыз, сол клиенттерден алынған жазбаша нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дауыс беру;»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтың 28) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
28) 60-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) клиентке қосалқы шот ашу және ол туралы ақпаратты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашып көрсету шарттары;»;
35-тармақтың 29) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
29) 61-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Номиналды ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi номиналды ұстаушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәліметтер ашып көрсетілген депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi көшірме алуға құқылы.»;
35-тармақтың 30) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
30) 72-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банкке және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.»;
35-тармақтың 31) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
31) 72-2-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.»;
32) 77-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым клирингтік қатысу сертификаттарын шығаруға құқылы.
3-2. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, сондай-ақ клирингтік ұйымның кепілдік немесе резервтік қорындағы активтерді есепке алу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.
3-3. Клирингтік қатысу сертификаттарын орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының және клирингтік қатысушылардың өзге де қамтамасыз етуінің құрамына кіретін маржалық жарналар мен ақшаны клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвестициялайды.
Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің клирингтік ұйымның басқа активтерінен оқшауланған есебін, сондай-ақ клирингтік ұйымның клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің инвестициялары нәтижесінде сатып алынған активтерін есепке алуды қамтамасыз етеді.
Клирингтік ұйымның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген оқшауланған активтерін клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепке алады.
Клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен өзгеше активтерді сақтауға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
«4-2. Клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның орталық депозитарийдегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының банктеріндегі және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары, клирингтік ұйымның номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған, клирингтік қатысушылар клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету ретінде аударған қаражат есебінен жүзеге асырылған клирингтік ұйымның инвестицияларын есепке алуға арналған шот болып табылатын жеке шоты осы баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген шоттар болып табылады.