3. Микрокредиттер беру қағидаларының мазмұнына қойылатын талаптар «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.».
29. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 74-құжат):
29-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін» деген сөздер «базалық мөлшерлемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.»;
3) 24-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.»;
4) 25-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі «тізілімдерінің жүйесінде» деген сөздерден кейін «немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
29-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, лауазымын атқаруға не қызмет нысанасы қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалы басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.».
30-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.»;
2) 1-бапта:
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) консультативтік комитет - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;
5) кредитор - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;
6) қосымша жарна - осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы - уәкілетті орган өзіне қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;»;
10), 13), 14), 15), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өтініш беруші - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;»;
«13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайларына орай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен төлейтін ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;»;
«17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақыны шегере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;
18) сақтандыру шарты - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт;»;
3) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерді жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
4) 4-1-бапта:
2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы -заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
8) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін өздеріне қатысты уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері болып табылатыны туралы мәліметтердің болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері деп құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.»;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);
3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.»;
6) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.»;
7) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айырғаны және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізгені туралы Қорды хабардар етуге;»;
8) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тарату комиссиясы Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттардың көшірмелерін және үзінді көшірмелерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын тарату немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;».
31-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
31. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
32-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
32. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
33-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
33. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
34-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
34. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.».
35. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) бағалы қағаздарды шығару шарттары - эмитент, сатылымға болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылу, орналастырылу, айналыста болу, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтерді және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпаратты қамтитын құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);»;
35-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы - өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;»;
11) тармақша алып тасталсын;
20), 47-2) және 47-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: