Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I Заңы
(2018.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат
3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi
4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi
6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi
7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу
2-тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары
9-бап. Мүгедектік топтары
10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары
12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері
3-тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы
13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары
14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең
15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау
16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері
4-тарау. Алып тасталды
5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
19-бап. Халықаралық шарттар
20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер
21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
1 тарау. Жалпы ережелер
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен; 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.
4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07 № 148-III ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған кезде және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі
1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
2-тармақтың екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға өтінішті жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға береді.
3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса осы баптың 2-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Өтініш берушіге жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.
5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап жаңа редакцияда
4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi
1. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.
4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.04.99 ж. № 366-1 Заңымен; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III Заңымен (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртібі
1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:
егер жәрдемақының тағайындалған мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, осы Заңның 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерлерде;
осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес көлемде төленеді.
Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде төленеді.
Жәрдемақылардың тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-3. Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомасы мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін біржолғы төленеді.
3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу
1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртібімен жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi.
3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды.
4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды.
2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары
1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.
3. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.
ҚР 21.03.2002 № 308 Заңымен 9-бап жана редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Мүгедектік топтары
Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.
Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ мүгедектік туындаған уақытты МӘС бөлімшесі белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
ҚР 21.03.02 ж. № 308; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі
1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 - 3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде, осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе жасына байланысты алатын зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
2. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді.
3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1; 2004.31.12 № 28-III (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:
1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар
1-1) бала кезiнен мүгедектер;
2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;
5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.
ҚР 21.03.2002 № 308-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; ҚР 09.01.03 ж. № 382-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері
1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға − 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
3 тарау. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.