Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат):
1) 1-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2) 3-бапта:
2-тармақтағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «он күн мерзімнен» деген сөздер «он жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «бес күннен» деген сөздер «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 9-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау ережесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орталық атқарушы орган әзірлейді.».
2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 1-бапта:
22) тармақшадағы «заңдарда белгіленген тәртіппен» және «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
«37) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2) 5-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптағы «төленіп отырады» деген сөздер «қайтыс болған айына қоса төленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бапта:
1-тармақтағы «зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
1-тармақтағы «10 күн мерзімнен кешіктірмей» деген сөздер «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «5 күннен» деген сөз «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-баптың 2-тармағындағы «зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 18-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы «салымшылардың» деген сөзден кейін «(алушылардың)» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 19-бапта:
1-тармақтағы «өткен» деген сөз «ағымдағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.»;
9) 41-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасы «жасасылған» деген сөзден кейін «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 50-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «зейнетақы қорлары» деген сөздерден кейін «және Орталық» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «қорларының» деген сөзден кейін «, Орталықтың» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Орталыққа - міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшін;»;
11) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін» деген сөздер «реттеуді жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздер алып тасталсын, «заң күші бар Жарлығының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:», «қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердің) балалары, асырауындағылар;», «ата-аналары; екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері);» деген сөздер алып тасталып, «қаза тапқан адамдардың» деген сөздер «қаза тапқандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін);»;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
«аяқталған» деген сөз «ағымдағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.»;
4-тармақта:
«халықты әлеуметтік қорғау саласындағы» деген сөздер алып тасталсын;
«6» деген цифр «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бірге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.»;
4) 7-бапта:
3) тармақшадағы «2,4» деген цифрлар «5,8» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «5,7» деген цифрлар «7,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «2,7» деген цифрлар «4,2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе сол кезеңде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-сындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-сындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болғаны белгіленген тәртіппен анықталған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептік көрсеткіш;»;
7) тармақшадағы «0,9» деген цифрлар «2,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КCP Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға - 2,0 айлық есептік көрсеткіш;»;
8-1) тармақшадағы «0,5» деген цифрлар «2,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 3,9 айлық есептік көрсеткіш;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін) - 3,9 айлық есептік көрсеткіш;»;
5) 8-бапта:
4-тармақтағы «интернат-үйлерде» деген сөздер «мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бапта:
2-тармақтағы «жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер «тұрғылықты жері бойынша Орталыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган тізбесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын құжаттар табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
4-тармақтағы «бес күннен» деген сөздер «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «бастап» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 39-құжат):
2-баптағы «2006 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «2007 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 3-тармағының 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 4-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 4-і.
№ 148-III ҚРЗ