Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат):
1) 1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.";
2) 12-бапта:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші топтағы мүгедектерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі);";
үшінші абзацтағы "7,5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,06 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,74 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,00 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "10 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "8 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "6 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,87 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "10 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "8 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "6 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,87 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші абзацтағы "12 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "9,5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,30 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,00 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші абзацтағы "16 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "2,09 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "11 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,00 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-бапта:
1-тармақтағы "12 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,41 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,50 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,55 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
3. Ата-аналарының екеуінен де айырылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетімдерге) айлық жәрдемақы әрбір балаға 0,90 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелеріне - 0,41 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.";
4-тармақта:
"бір айлық есептік көрсеткішке" деген сөздер "0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"15 айлық есептік көрсеткіштен" деген сөздер "1,96 ең төмен күнкөріс деңгейінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-баптағы ", не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерде алған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
5) 18-бапта:
1-тармақта "3 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,50 ең төмен күнкөріс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат):
7-бапта:
екінші бөліктегі "жылға" деген сөз "қаржы жылына" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшаның үшінші бөлігіндегі "1,9" деген цифрлар "3,9" деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10,105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
6-баптың 1-тармағындағы "сегіз" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 918-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағындағы "еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ең төмен тұтыну себеті адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен тұрады.";
3-тармақта:
"белгілейтін" деген сөз "бекітетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
"денсаулық сақтау жөніндегі" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 3) тармақшасындағы "жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де" деген сөздер "айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің негізінде айқындалады. Ол республика бойынша, сондай-ақ өңірлер деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тоқсан сайын есептеледі.";
5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының
ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік
төлемдерді белгілеген кезде ең төмен күнкөріс
деңгейінің шамасын қолдану
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша айқындалатын және жыл сайын инфляцияны ескере отырып тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік төлемдерді белгілеу үшін негіз болып табылады.";
6) 6-бапта:
тақырыбындағы "мен кедейлік шегі" деген сөздер алып тасталсын;
"кедейлік шегі" деген сөздерден кейін ", азық-түлік себетінің құны" деген сөздермен толықтырылсын;
"осы шектен" деген сөздер "осы өлшемдерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздер "статистика" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, 2005 жылғы желтоқсанның 15-і.
№ 101-III ҚРЗ