"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасына толықтыру енгізу туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 366-I
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.".
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |