автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 285 АЕК;
цифрлық белгіленуі 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 15 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 72 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 57 АЕК;
автомобильге кез келген қалаған цифрлық (немесе) әріптік белгіленуі бар (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) әріптік белгіленуі бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 10 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 1,4 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн - 1,4 АЕК;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 0,35 АЕК.
Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды;
8) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелеріне (арнаулы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн бергенi үшiн - 1 АЕК;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн (арнаулы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн - 0,5 АЕК.
668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерінің талапкер авторлары - өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қоюлар бойынша;
4) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
5) талапкерлер - мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша;
6) талапкерлер - қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қоюлар бойынша;
7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алименттер бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
9) арыз берушілер - азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;
10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арызбен жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қоюмен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
13) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) талапкер қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
15) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай:
іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қараусыз қалдыру;
шешiмді орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту;
шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту;
талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқамен ауыстыру;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту;
өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын бұру;
соттың сырттай шешімінің күшін жою;
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы арыздар;
сондай-ақ мынадай:
сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар бергенi үшін;
16) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
17) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмдерiне шағым жасаған кезде;
18) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері және (немесе) кемінде 35 пайызы есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін, өздері құрған ұйымдар - өздерiнiң мүдделері үшін талап қоюды берген кезде;
19) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;
20) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталудан, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан не қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
21) Ұлттық Банк, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
22) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша;
24) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссиялары - қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша;
25) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері - уақытша әкімшіліктің мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша;
26) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берілген банктер - мынадай:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектi өндiрiп алу;
мүлікке өндіріп алуды қолдану;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюларды берген кезде;
27) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттердің облигациялар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигациялар ұстаушылардың атынан талап қоюды берген кезде;
28) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесінде талап қоюды берген кезде;
29) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары - борышкерлерден зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде талап қойған және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;
30) ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыздар берген кезде;
31) талапкерлер (арыз берушілер) - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерін көздей отырып қорғау туралы талап қоюлар (арыздар) бойынша;
668-баптың 32) тармақшасы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
32) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым - талап қойған және сот шешімдеріне шағым жасау кезінде;
33) талапкерлер - әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюлар бойынша;
34) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктен төленбеген жарналардың сомасын, сондай-ақ қосылу шарты бойынша олардың өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға байланысты даулар бойынша.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар сот актілеріне шағым жасаған кезде де соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Жеке тұлғалар - Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
2) қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін.
2. Көрсетілген мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.
670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:
Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары;
мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;
шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін.
671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) азаматтық талап қою қылмыстық iсте қойылған кезде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойылған кезде;
3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;
«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруді қоспағанда, автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі берілген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
672-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
1. Мемлекеттiк баж:
1) соттар қарайтын істер бойынша - осы Кодекстің 135-бабында көзделген жағдайларды, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті талап қою, әкімшілік талап қою, арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыздар берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қарайтын азаматтардың жолданымдары бойынша - жолданым берілгенге дейін;
2) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және жол жүру құжатын бергені үшін;
аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;
жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;
3) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін - тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергенге дейін;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн апостиль қойылғанға дейiн төленеді.
2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылады.
3. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банк ұйымдары арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік баж сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде осындай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей банк ұйымдарына кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
2-параграф. Консулдық алым
673-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық мәні бар құжаттар бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдік бейрезидент-заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.
674-бап. Консулдық алымды төлеушiлер
Осы Кодекстің 675-бабында көзделген консулдық әрекеттер олардың мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алымды төлеушiлер болып табылады.
675-бап. Алу объектілері
Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады:
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы жолданымдарын пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;
3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
4) Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәлік беру;