| 4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
| 4.1. | | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 30 |
| 4.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 20 |
| 4.3. | | қалған əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
| 5. | Таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кездегі ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала жəне астана | 10 20 |
| 6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала жəне астана | 2 |
| 7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала жəне астана | 2300 |
| | 5G/IMT ұялы байланысы (қабылдауға енi 5 МГц/беруге 5 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала жəне астана | 1150 |
| 8. | Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 20 |
| 9. | HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 30 |
| 9.1. | Геостационарлық емес спутниктер қолданылатын спутниктік байланыс (түйіндесу станциясының бір қабылдау-беру құрылғысына, белдеуі қабылдауға 2МГц/беруге 2МГц болатын ені үшін) | Қазақстан Республикасы | 1 |
| 10. | HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) | Қазақстан Республикасы | 100 |
| 11. | Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн): | | |
| 11.1. | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 40 |
| 11.2. | аймақтық жəне магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
| 12. | Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 12.1. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 25 |
| 12.2. | | қалған əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 2 |
| 13. | КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 13.1. | | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 140 |
| 13.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 70 |
| 13.3. | | қалған əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
| 14. | Эфирлiк-кəбілдік теледидар (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | | |
| 14.1. | | халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен | 300 |
| 14.2. | | халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен | 135 |
| 14.3. | | халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан | 45 |
| 14.4. | | қалған əкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
| 15. | Теңіздегі радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық жəне т.б.), бір радиоарна үшін | облыс | 10 |
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны | | |
| 1.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 81 |
| | облыс | 15 |
| 1.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 361 |
| | облыс | 65 |
| 1.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 957 |
| | облыс | 174 |
| 1.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 1353 |
| | облыс | 245 |
| 1.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-тан жоғары | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 2 344 |
| | облыс | 425 |
| 2. | Телевизия/жиіліктердің дециметрлік диапазоны | | |
| 2.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 51 |
| | облыс | 9 |
| 2.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 228 |
| | облыс | 41 |
| 2.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 605 |
| | облыс | 110 |
| 2.4. | Таратушы радио- электрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 855 |
| | облыс | 155 |
| 2.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-тан жоғары | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 1 481 |
| | облыс | 269 |
4. Алты айды қоса алғанға дейінгі мерзімде тəжірибелік пайдалануды, жарыстарды, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыстың түріне, радиожиілік спектрін пайдалану аумағына жəне таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны іс жүзінде пайдалану мерзіміне сəйкес келетін мөлшерде, бірақ жылдық төлемақы мөлшерлемесінің кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.
Ені осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін дуплексті (симплексті) арнаның белдеуін пайдалана отырып технологиялар қолданылған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеуші осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көрсетілген дуплексті (симплексті) арна белдеуінің еніне іс жүзінде қолданатын дуплексті (симплексті) арна белдеуі енінің үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулі сигнал технологиясы пайдаланылған кезде қабылдауға ені 2 МГц/беруге 2 МГц болатын белдеу үшін төлемақы алынады.
646-бап. Есептеу мен төлеу тəртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган рұқсат беру құжаттарында көрсетілген техникалық өлшемдерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сəйкес радиобайланыс түріне жəне радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай жылдық төлемақы мөлшерлемелерінің негізінде есептейді.
2. Егер салықтық кезеңде радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлумен жəне бір жылда радиожиілік спектрі пайдаланылған нақты кезең айларының тиісті санына көбейтумен айқындалады.
Бұл ретте радиожиілік спектрін пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат беру құжатының негізінде радиожиілік спектрін пайдалану құқығы салықтық кезең басталатын күні қолданыста болса (туындаса) немесе осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап осындай құқық тоқтатылатын (тоқтатылған) айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазып береді жəне оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куəландыратын рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен жəне 25 желтоқсаннан кешіктірілмей төленеді.
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру құжаты жоғарыда санамаланған төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы салықтық кезеңдегі алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
5. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын жəне Қазақстан Республикасының салық төлеушілері ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жəне бейрезидент-заңды тұлғалар төлемақыны радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру құжатында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдалануға құқықтың бүкіл қолданылу кезеңі үшін, бірақ осындай рұқсат алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде, кемінде 1 ай бұрын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның тұрған жері бойынша бюджетке төлейді.
647-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 358-бабына сəйкес айқындалады.
5-параграф. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
648-бап. Жалпы ережелер
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлеушілер, төлемақы салынатын объектiлер, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) осы Кодекстің 652-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда - салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 652-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.
649-бап. Төлемақы төлеушілер
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
650-бап. Салықтық кезең
Төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
651-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
652-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушілердің алдыңғы жыл үшін электр байланысы (телекоммуникациялар) қызметтерін көрсетуден түскен кірістерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлумен және есепті кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың нақты санына көбейтумен айқындалады.
Бұл ретте есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты берудің іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат беру құжатының негізінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы салықтық кезең басталатын күні қолданыста болса (туындаса) немесе осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлеушіге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Құқықты куәландыратын рұқсат беру құжаты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын куәландыратын рұқсат беру құжаты жоғарыда санамаланған төлемақы төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылы алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
6-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
653-бап. Жалпы ережелер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда, жергілікті өкілді органның шешімін ескере отырып, осы Кодекстің 655-бабында айқындалған төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғайтылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынады.
654-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін заңды тұлға төлемақы төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
655-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрді қоса алғанға дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Жолдар санаты | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Қалаға кіреберістер | 8 |
| 2. | I, II | 7 |
| 3. | III | 3 |
| 4. | IV | 2 |
Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:
| Р/с № | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| республикалық маңызы бар қалада және астанада | облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде | аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ді қоса алғанға дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 2 | 1 | 0,5 |
| 2. | Лайтбокстар (сити-форматта) | 3 | 2 | 1 |
| 3. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 3.1. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 5 | 3 | 1 |
| 3.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 10 | 5 | 2 |
| 3.3. | 10-нан 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 10 | 3 |
| 3.4. | 20-дан 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 15 | 5 |
| 3.5. | 30-дан 50 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 50 | 20 | 7 |
| 3.6. | 50-ден 70 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 70 | 30 | 12 |
| 3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
| 4. | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | | | |
| 4.1. | 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 20 | 6 |
| 4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
| 5. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 5.1. | 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 1 | 1 | 0 |
| 5.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
| 6. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 6.1. | 2 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.2. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.3. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 3 | 2 | 1 |
| 6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
| 7. | Жылжымалы жайма жарнама | 10 | 5 | 1 |
| 8. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 8.1. | 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 14 | 6 |
| 8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 30 | 24 | 16 |
| 9. | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 3 | 2 | 1 |
Облыстардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне және көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 100 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 200 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.
656-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:
1) хабарламада көрсетілген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
7-параграф. Цифрлық майнинг үшін төлемақы
657-бап. Жалпы ережелер
1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін алынады.
658-бап. Төлемақы төлеушілер
Осы тараудың мақсаттарында:
Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингті жүзеге асыратын;
цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
659-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезеңде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 2 теңге мөлшеріндегі мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен немесе Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылардан өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
3. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.
660-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы
1. Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.
2. Декларация салық төлеушінің тұрған жері бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.
661-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.