3. Талап ету құқығын басқаға беру құны және:
1) мынадай:
осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын және (немесе)
осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, жеке тұлға осындай құқыққа бұрын ие болған құн
және (немесе)
2) мынадай:
осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын;
осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы бұрын сатып алынған және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.».
844-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер мен шегерімдер жөніндегі өтпелі ережелер
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай кірістерді:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының ұлғаю сомасындағы кірістерді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы теріс айырманы таниды.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай шығыстарды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының азаю сомасындағы шығыстарды;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы оң айырманы шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қолданады.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының және 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттарында сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік ескеріледі.
845-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 773-бабының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«773-бап. Төлеушілер
«Кен іздеушілікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмірсутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықтарды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.».
846-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі өтпелі ережелер
Салық агентіне 2025 жылға басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішті ұсынған жеке тұлғалар 2025 жыл үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
847-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі туралы өтпелі ережелер
1. Жеке тұлға 2025 жылғы кірістер мен мүлік туралы декларацияда не 2025 жылғы кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - декларация) жеке табыс салығы бойынша асып кету туындаған кезде осы бапта айқындалған тәртіппен салық органы жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін жеке табыс салығы бойынша мұндай асып кетуді осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.
2. Декларацияда мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
3. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жеке табыс салығы бойынша декларацияда мәлімделген асып кету сомасын растау мақсатында салық органы жүргізетін рәсім болып табылады. Салыстырып тексеру барысында:
1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті тұлғалардың деректерімен салыстыру;
2) салықтық шегерімдерді және салықтық шегерімдер деп танылатын шығыстар сомаларын қолданудың негізділігін растау;
3) жеке табыс салығы бойынша есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген асып кету сомасын растау жүргізіледі.
4. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
5. Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып:
1) тиісті уәкілетті тұлғаларға - Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білімге, медицинаға жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді ұсыну туралы;
2) жеке тұлғаға - салықтық шегерімдердің қолданылғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттілігі туралы;
3) екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жіберуге құқылы.
6. Осы баптың 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген сұрау салулар мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Бұл ретте мұндай талапты пошта немесе өзге байланыс ұйымы пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) салық төлеушіге қолын қойғызып жеке табыс етіледі;
3) веб-қосымшада электрондық тәсілмен жіберіледі.
7. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынуды уәкілетті тұлғалар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, салық төлеушілер тиісінше қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша жүзеге асырады.
8. Егер мұндай құжаттар шет тілінде жасалса, мұндай құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасының болуы міндетті.
Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау кезінде пайдасына осындай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның атауы мен сәйкестендіру нөмірінің болуы шартымен мынадай құжаттардың бірі:
банктік шотты пайдалана отырып не банктік шотты пайдаланбай төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты;
төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын чек (бұдан әрі - чек);
банктік шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі - үзінді көшірме) осындай қызметтерге ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжат болып табылады.
Аталған көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алынған және оларға ақы төленген жағдайда, пайдасына осындай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірін чектер мен үзінді көшірмелерде көрсету талап етілмейді.
Құжаттардың көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау және түпнұсқаларды ұсыну арқылы олардың түпнұсқалығын растамау жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамауға және осы баптың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберуге негіз болады.
9. Салық органы уәкілетті тұлғалардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алынған мәліметтері, жеке тұлғаның осы баптың 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері негізінде жеке тұлғаның салық шегерімдерді қолдану негізділігін тексереді, жеке табыс салығы бойынша есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген асып кету сомасын растайды және мынадай:
1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасының толық расталғаны;
2) толық расталмау себептерін көрсете отырып, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасының бір бөлігінде расталғаны;
3) себептерін көрсете отырып, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасының расталмағаны туралы қорытындыларды қалыптастырады.
10. Осы баптың 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар мыналарға:
1) электрондық салық төлеушіге - веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен;
2) қалған салық төлеушілерге - хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
11. Жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке табыс салығы бойынша жеке тұлға мәлімдеген асып кету сомасы шегінде, осы баптың 10-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толық немесе бір бөлігінде растау туралы қорытынды негізінде жүргізіледі.
Жеке тұлғаға жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару салық агентінде 2025 жыл үшін жеке табыс салығы бойынша салықтық берешек болмаған жағдайда жүргізіледі.
12. Жеке тұлғада салықтық берешек болған кезде салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша қазіргі бар салықтық берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды артық төленген салық сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 122-бабында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
13. Қазіргі бар салықтық берешек өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банктік шотқа қайтару жүргізіледі.
Бұл ретте жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.
14. Жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу туралы талапта жеке тұлға көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
15. Жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген банктік шотқа жүргізіледі.
16. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптарды бір мезгілде көрсеткен жағдайда салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызғаннан кейін қалған бөлігінде банктік шотқа қайтаруды қатар жүргізеді.
17. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талап көрсетілген, бірақ банктік шоттың деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған кезде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
Кірістер мен мүлік туралы декларация 2026 жылғы 15 қыркүйектен кейін ұсынылған, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талапты көрсету және банктік шоттың деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация ұсынылған жағдайда, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы осындай декларация ұсынылған күннен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
18. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге тура келсе, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
848-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тəртібі
1. Осы Кодекс:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 189-бапты;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 92-бапты, 90-тарауды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) 320-баптың 2-тармағының 4) жəне 10) тармақшалары, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағының 19) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) 286-баптың 15) тармақшасы, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы, 474-баптың 40) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) 17-бап, 238-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы жəне 2-тармағының 16) тармақшасы, 254-баптың 3-тармағы, 255-баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары, 286-баптың 17) тармақшасы, 323-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) жəне 13) тармақшалары, 338-баптың 4) тармақшасы, 343-бап, 348-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацы жəне 18) тармақшасы, 368-баптың 2) тармақшасы, 429-баптың 3) тармақшасы, 454-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы, 474-баптың 33), 34) жəне 48) тармақшалары, 479-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы, 556-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы, 592-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы, 82-тарау, 681-баптың 11) тармақшасы, 682-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) 238-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы, 320-баптың 3, 4 жəне 5-тармақтары, 323-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі, 668-баптың 32) тармақшасы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) жəне 9) тармақшалары жəне үшінші бөлігі 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 68-баптың 1-1-тармағын жəне 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 26-баптың 23-тармағын қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі);
2) «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 18 шілде
№ 214-VIIІ ҚРЗ