640-бап. Есептеу мен төлеу тəртібі
1. Төлемақы сомасын:
1) I жəне II санаттардағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 638-бабында көрсетілген салық салу объектілерін жəне осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 638-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін жəне белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін жəне осы Кодекстің 638-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нəтижесінде алынған мəліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сəйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 636-бабының 3-тармағында көзделген мəліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру мен қолдануды ынталандыру, қоршаған ортаға зиянды антропогендік əсер ету деңгейінің алдын алу немесе оны төмендету мақсатында кешенді экологиялық рұқсат, оның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектілер бойынша төлемақыны есептеу кезінде төлеушілер мынадай коэффициенттерді:
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде, стационарлық көздерден жəне ілеспе жəне (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 639-бабының 2, 3, 4 жəне 5-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 639-бабының 7, 8 жəне 9-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап лимиттер шегінде жəне өндіру мен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру жəне көму кезінде ұсынылатын есептілікке сəйкес қалдықтарды көмгені үшін осы Кодекстің 639-бабының 10, 11 жəне 12-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап көмірсутектерді барлау жəне (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі лимиттер шегінде жəне күкіртті түзу жəне орналастыру кезінде ұсынылатын есептілікке сəйкес күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осы Кодекстің 639-бабының 13-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін қолданады.
3. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,6;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,86;
осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,1;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2, 5, 7, 10 жəне 13-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге - 2;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша, сондай-ақ ІІ жəне ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І жəне ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
4. 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,2;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,72;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 1) тармақшасында, 11-тармағының 1) тармақшасында жəне 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 4;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша, сондай-ақ ІІ жəне ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында жəне 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І жəне ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
5. 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2,4;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 3,44;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында жəне 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - электр өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,6;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,86;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,1;
полигондардың операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
Осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында жəне 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2;
3) ІІ жəне ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І жəне ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады;
6. 2034 жылғы 1 қаңтардан бастап 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс əсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 2,4;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 3,44;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында жəне 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 1,2;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,72;
осы Кодекстің 639-бабының 11-тармағы 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2;
полигондардың операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 11-тармағы 2) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,8;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында жəне 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 4;
3) ІІ жəне ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын жəне коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І жəне ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс əсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған радиоактивті қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 639-бабы 10, 11 жəне 12-тармақтары кестесінің 1.2.6.1, 1.2.6.2 жəне 1.2.6.3-жолдарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолданылады.
8. Жиынтық жылдық көлемде төлемдерінің көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейін І жəне ІІ санаттардағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер рұқсат беру құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс əсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлем жасалып, рұқсат беру құжатын ресімдеу кезінде есепті салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат беру құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізіледі.
9. Төлемақы сомасы, ластаудың жылжымалы көздерін қоспағанда, рұқсат беру құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс əсер ету көзінің (объектінің) тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластаудың жылжымалы көздері бойынша төлемақы сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша - салық төлеушінің тұрған жері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (егер оған салықтық міндеттемені орындау жүктелсе) тұрған жері бойынша енгізіледі.
10. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс əсер етудің іс жүзіндегі көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.
11. І санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы шеңберінде (бұдан əрі осы тармақтың мақсаттарында - бағдарлама) қоршаған ортаға теріс əсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу графигінде белгіленген мерзімге, маркерлік ластаушы зат бойынша қоршаған ортаға теріс əсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіші шамасының 30 пайызынан аз осындай көрсеткішке қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген заттың эмиссиясына қатысты төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициент теріс əсерді кезең-кезеңімен төмендетудің белгіленген көрсеткішіне қол жеткізілмеген жылдың алдындағы салықтық кезеңнен бастап жəне осындай көрсеткішке қол жеткізілген күнге дейін осы баптың 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттің мəніне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа бағдарламаны орындау мерзімі аяқталған күнге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 30 жəне одан аз пайызы бойынша белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген жағдайда, төлемақы сомасын есептеу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициенттер белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген маркерлік ластаушы заттар эмиссияларына қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттердің мəндеріне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты бағдарламаны орындау шартымен жəне оны орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда, төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициенттер осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, төлемақы алынатын І санаттағы осы объект бойынша қоршаған ортаға теріс əсердің барлық түрі бойынша кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттердің мəндеріне ие болады.
Бұл ретте, егер бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 70 жəне одан көп пайызы бойынша қол жеткізілсе, осы тармақтың үшінші бөлігі бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге көрсетілген күнге дейін қол жеткізілген І санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін жүзеге асырылған маркерлік ластаушы заттардың эмиссияларына қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктеріне сəйкес туындаған жəне есепке жазылған төлемақы сомасына осы баптың 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген коэффициенттер қолданылған күннен бастап осы Кодексте айқындалған мөлшерде өсімпұлдар есепке жазылады.
641-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 358-бабына сəйкес айқындалады.
642-бап. Салықтық есептілік
1. Төлемақы төлеушілер ластаудың жылжымалы көздері бойынша декларацияны қоспағанда, ластау объектісінің тұрған жеріндегі салық органдарына декларация ұсынады.
Декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздері бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша - салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер декларацияны тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, төлеушілер декларацияны рұқсат беру құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тапсырады.
4-параграф. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
643-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан əрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиілік спектрінің номиналдары (белдеулер, диапазондар) (бұдан əрі - радиожиілік спектрінің номиналдары) үшін алынады.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тəртіппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куəландырылады.
3. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бюджетке төлеуге жататын біржолғы төлемақы сомасы төлемақы есебіне есепке жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына төлеушілер, салық салу объектілері, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы жəне төлемақы сомалары туралы мəліметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) осы Кодекстің 646-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда - салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 646-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда - салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.
5. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары жəне оны төлеу мерзімдері туралы мəліметтерді ұсынады.
644-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен радиожиілік спектрін пайдалану құқығын алған тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше пайдаланатын радиожиілік спектрінің номиналдары үшін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
1) өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерді орындаған кезде радиожиілік спектрін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер;
2) бір станцияға пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері.
645-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Жылдық төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Радиобайланыс түрлерi | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Дербес радиошақыру радиожүйелері (енi 25 кГц жиілік берілгені үшін) | облыс, республикалық маңызы бар қала жəне астана | 10 |
| 2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшін) | | |
| 2.1. | | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 140 |
| 2.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елді мекен | 80 |
| 2.3. | | қалған əкімшілік-аумақтық бірліктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
| 3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплексті арна үшін) | | |
| 3.1. | | республикалық маңызы бар қала жəне астана | 80 |
| 3.2. | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 60 |
| 3.3. | | қалған əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 15 |