632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тəртібі
1. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді жəне жануарлардың санын немесе салмағын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін) негізге ала отырып есептейді.
Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген мөлшерлемелерге 10-ға тең коэффициент қолданылады.
2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кəсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кəсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін банк ұйымдары арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кəсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кəсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
633-бап. Орман жəне өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тəртібі
1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді жəне мөлшері осы баптың 2-тармағына сəйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, рұқсат беру құжатында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік орман қорының жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есептейді.
3. Төлемақы мөлшері:
сүректі түбірімен босатқан кезде - осы Кодекстің 630-бабында белгіленген коэффициенттер ескеріле отырып, орман пайдалану көлемі жəне төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып;
төлемақы мөлшері осы Кодекстің 630-бабының 2-тармағына сəйкес айқындалатын орманды пайдалануды қоспағанда, орман пайдаланудың өзге де түрлері кезінде - орман пайдаланудың көлемі жəне (немесе) алаңы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін орман пайдаланудың өзге де түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып айқындалады.
4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісінің тұрған жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде - орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде - рұқсат беру құжаттарын алғанға дейін немесе алған күні төленеді. Бұл ретте рұқсат беру құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;
3) түбірімен босатылатын сүрек үшін - жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде;
4) өсімдіктердің сирек кездесетін жəне жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін - əрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.
5. Мемлекеттік орман қорының жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке пайдалану объектісінің тұрған жері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен төленеді.
6. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын жəне қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының жəне қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сəйкес келмесе, мемлекеттік орман иеленушілер іс жүзінде дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеуді жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.
7. Кезекті мерзімге кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ алдыңғы жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 630-бабында айқындалған тəртіппен жүргізіледі.
8. Төлемақы сомасын төлеу банк ұйымдары арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде мемлекеттік орман иеленушілердің кассаларына қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей банк ұйымдарына кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, бюджетке есепке жатқызу үшін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
9. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің бизнес-сəйкестендіру нөмірі қойылады.
634-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 358-бабына сəйкес айқындалады.
635-бап. Салықтық есептілік
1. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер (орман, өсімдік ресурстарын жəне жануарлар дүниесін жəне жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық жəне (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілерді қоспағанда) арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларация ұсынады.
2. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде декларация ұсынады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.
3-параграф. Қоршаған ортаға теріс əсер еткені үшін төлемақы
636-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға теріс əсер еткені үшін төлемақы (бұдан əрі осы параграфтың мəтіні бойынша - төлемақы) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сəйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға əсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны жəне қалдықтарды көмгені үшін алынады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшелері жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер жəне салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға жəне қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мəліметтерді, сондай-ақ табиғат пайдаланушылардың өндіру мен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты өздері жөніндегі мəліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, іс жүзінде орналастыру кезеңі) ұсынады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган жəне оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына Қазақстан Республикасы экология заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес осындай тексерулердің нəтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып белгіленген қоршаған ортаға теріс əсер етудің нақты көлемдері туралы мəліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нəтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
637-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сəйкес айқындалған І, II жəне III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нəтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс əсер ету бойынша шаруа жəне фермер қ қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
638-бап. Салық салу объектісі
Мыналар:
1) ластаушы заттардың шығарындылары;
2) ластаушы заттардың төгінділері;
3) көмілген қалдықтар;
4) көмірсутектерді барлау жəне (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І жəне ІІ санаттардағы объектілер үшін - белгіленген нормативтер жəне лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін - декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс əсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін - масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган жəне оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экология заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нəтижелері бойынша анықталған іс жүзіндегі көлемі салық салу объектісі болып табылады.
639-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді жəне екінші, үшінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің стационарлық көздерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
| 3. | Шаң жəне күл | 10 | |
| 4. | Қорғасын жəне оның қосылыстары | 3986 | |
| 5. | Күкіртсутек | 124 | |
| 6. | Фенолдар | 332 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
| 8. | Формальдегид | 332 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
| 10. | Метан | 0,02 | |
| 11. | Күйе | 24 | |
| 12. | Темір тотықтары | 30 | |
| 13. | Аммиак | 24 | |
| 14. | Алты валентті хром | 798 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 598 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 996,6 |
3. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің стационарлық көздерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлеме- лері мыналарды құрайды:
1) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 40 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 40 | |
| 3. | Шаң жəне күл | 20 | |
| 4. | Қорғасын жəне оның қосылыстары | 7972 | |
| 5. | Күкіртсутек | 248 | |
| 6. | Фенолдар | 664 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,64 | |
| 8. | Формальдегид | 664 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,64 | |
| 10. | Метан | 0,04 | |
| 11. | Күйе | 48 | |
| 12. | Темір тотықтары | 60 | |
| 13. | Аммиак | 48 | |
| 14. | Алты валентті хром | 1569 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 1196 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 1993,2 |
2) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 60 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 60 | |
| 3. | Шаң жəне күл | 30 | |
| 4. | Қорғасын жəне оның қосылыстары | 11958 | |
| 5. | Күкіртсутек | 372 | |
| 6. | Фенолдар | 996 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,96 | |
| 8. | Формальдегид | 996 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,96 | |
| 10. | Метан | 0,06 | |
| 11. | Күйе | 72 | |
| 12. | Темір тотықтары | 90 | |
| 13. | Аммиак | 72 | |
| 14. | Алты валентті хром | 2394 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 1794 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 2989,8 |
4. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
| 3. | Шаң жəне күл | 10 | |
| 4. | Қорғасын жəне оның қосылыстары | 3986 | |
| 5. | Күкіртсутек | 124 | |
| 6. | Фенолдар | 332 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
| 8. | Формальдегид | 332 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
| 10. | Метан | 0,02 | |
| 11. | Күйе | 24 | |
| 12. | Темір тотықтары | 30 | |
| 13. | Аммиак | 24 | |
| 14. | Алты валентті хром | 798 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 598 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 996,6 |
5. Ілеспе жəне (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Көмірсутектер | 44,6 |
| 2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
| 3. | Метан | 0,8 |
| 4. | Күкірт диоксиді | 200 |
| 5. | Азот диоксиді | 200 |
| 6. | Күйе | 240 |
| 7. | Күкіртсутек | 1240 |
| 8. | Меркаптан | 199320 |
6. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
| 2. | Дизель отыны үшін | 0,45 |
| 3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
7. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді жəне екінші, үшінші санаттардағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттер | 1340 |
| 2. | Мырыш | 2680 |
| 3. | Мыс | 26804 |
| 4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 8 |
| 5. | Тұзды аммоний | 68 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 536 |
| 7. | Нитраттар | 2 |
| 8. | Жалпы темір | 268 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
| 10. | Өлшенген заттар | 2 |
| 11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 54 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
| 13. | Алюминий | 54 |
8. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттер | 2680 |
| 2. | Мырыш | 5360 |
| 3. | Мыс | 53608 |
| 4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 16 |
| 5. | Тұзды аммоний | 136 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 1072 |
| 7. | Нитраттар | 4 |
| 8. | Жалпы темір | 536 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,16 |
| 10. | Өлшенген заттар | 4 |
| 11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 108 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,4 |
| 13. | Алюминий | 108 |
2) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттер | 4020 |
| 2. | Мырыш | 8040 |
| 3. | Мыс | 80412 |
| 4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 24 |
| 5. | Тұзды аммоний | 204 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 1608 |
| 7. | Нитраттар | 6 |
| 8. | Жалпы темір | 804 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,24 |
| 10. | Өлшенген заттар | 6 |
| 11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 162 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,6 |
| 13. | Алюминий | 162 |
9. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін ластаушы заттардың төгінділеріне төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттер | 1340 |
| 2. | Мырыш | 2680 |
| 3. | Мыс | 26804 |
| 4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 8 |
| 5. | Тұзды аммоний | 68 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 536 |
| 7. | Нитраттар | 2 |
| 8. | Жалпы темір | 268 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
| 10. | Өлшенген заттар | 2 |
| 11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 54 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
| 13. | Алюминий | 54 |
10. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді жəне екінші, үшінші санаттардағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіру мен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда, санкцияланған үйінділерде жəне арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
| 1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | | |
| 1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
| 1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
| 1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
| 1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кəріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасы) | 0,38 | |
| 1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркəсібінің жəне карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
| 1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
| 1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
| 1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
| 1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
| 1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды жəне шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
| 1.2.4. | Күл жəне күл шлактары | 0,66 | |
| 1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,002 | |
| 1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
| 1.2.6.1. | трансуранды | | 0,76 |
| 1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,38 |
| 1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,04 |
| 1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,38 |
11. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіру мен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда, санкцияланған үйінділерде жəне арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
| 1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | | |
| 1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 16,02 | |
| 1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 2,12 | |
| 1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
| 1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кəріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасы) | 0,76 | |
| 1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркəсібінің жəне карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
| 1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,008 | |
| 1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,052 | |
| 1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,04 | |
| 1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,076 | |
| 1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды жəне шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,076 | |
| 1.2.4. | Күл жəне күл шлактары | 1,32 | |
| 1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,004 | |
| 1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
| 1.2.6.1. | трансуранды | | 1,52 |
| 1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,76 |
| 1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,08 |
| 1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,76 |
2) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіру мен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда, санкцияланған үйінділерде жəне арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
| 1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | | |
| 1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 24,03 | |
| 1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 3,18 | |
| 1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
| 1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кəріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасы) | 1,14 | |
| 1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркəсібінің жəне карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
| 1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,012 | |
| 1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,078 | |
| 1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,06 | |
| 1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,114 | |
| 1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды жəне шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,114 | |
| 1.2.4. | Күл жəне күл шлактары | 1,98 | |
| 1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,006 | |
| 1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
| 1.2.6.1. | трансуранды | | 2,28 |
| 1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 1,14 |
| 1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,12 |
| 1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 1,14 |
12. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіру мен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда, санкцияланған үйінділерде жəне арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
| 1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | | |
| 1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
| 1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
| 1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
| 1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кəріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасы) | 0,38 | |
| 1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркəсібінің жəне карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
| 1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
| 1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
| 1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
| 1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
| 1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды жəне шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
| 1.2.4. | Күл жəне күл шлактары | 0,66 | |
| 1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,002 | |
| 1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
| 1.2.6.1. | трансуранды | | 0,76 |
| 1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,38 |
| 1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,04 |
| 1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,38 |
13. Көмірсутектерді барлау жəне (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 айлық есептік көрсеткішті құрайды.