3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар - осы Кодекстің 837-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
4) инвестициялар туралы келісім жасасқан жəне осы Кодекстің 81-тарауының ережелерін қолданатын тұлғалар - инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
5) арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары - арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (пайдалануға жоспарланатын) салық салу объектілері (салық алу объектілері) бойынша.
3. Мына төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентін қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері - осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
2) негізгі қызмет түрі ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту жəне ормандардың экологиялық əлеуетін арттыру жөніндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кəсіпорындар - өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кəсіпорындар - өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;
4) психоневрологиялық жəне туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кəсіпорындары;
5) технологиялық парктер - «Өнеркəсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.
Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келетін технологиялық парктер қолдануға құқылы:
мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес құрылған;
осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 жəне одан көп пайызы технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес акционерлік қоғам, мекеме, тұтыну кооперативі, діни бірлестік нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;
7) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдардан басқа, əлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - осы Кодекстің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жəне 3-тармағы 4) тармақшасының ережелері жер учаскесін жəне (немесе) оның бір бөлігін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілгеннен, өзге де негіздерде пайдалануға берілгеннен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің есебіне жатқызылатын жағдайды қоспағанда, жер учаскесін жəне (немесе) оның бір бөлігін (ондағы ғимараттармен, құрылыстармен, құрылысжайлармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген, өзге де негіздерде пайдалануға берген немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдаланған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде:
салық төлеушілер салық салу объектілерін бөлек-бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті;
жер учаскесінің бөлігі бойынша жер салығының мөлшері осындай учаске бөлігі алаңының бүкіл жер учаскесінің жалпы алаңына үлестік салмағы бойынша айқындалады.
64-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТƏРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
583-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тəртібi
1. Салықты есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, əрбір жер учаскесі бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиісті салықтық мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептейді.
3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңі үшін есептеледі.
4. Жер салығы бюджетке жер учаскесінің тұрған жері бойынша төленеді.
5. Салықтық жыл ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Əкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде аумағы осындай өзгеріске байланысты басқа əкімшілік- аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен шекарасында болған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
7. Салық төлеушілер алып жатқан жер учаскелері бонитетінің балын анықтау мүмкін болмаған кезде жер салығының мөлшері іргелес орналасқан жердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық осындай объектілердің жалпы алаңындағы əрбір меншік иесінің үлесіне пропорционалды түрде есептеледі.
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне, пəтердің (тұрғынжайдың) меншік иесі - жеке тұлғаны қоспағанда, кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын ортақ мүліктегі үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) əрбір меншік иесінің үлесіне пропорционалды түрде жер салығы салынуға жатады.
Бұл ретте:
1) жеке тұлғаны қоспағанда, ортақ мүліктегі тұрғынжай меншік иесінің үлесіне сəйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 577-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуға жатады;
2) ортақ мүліктегі тұрғын емес үй-жайдың (тұрғын емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сəйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуға жатады.
584-бап. Заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлердің салықты есептеу тəртібі мен төлеу мерзімдерi
1. Салық төлеушілер салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жер салығының сомаларын дербес есептейді.
2. Салықтық кезең ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесін иеленудің іс жүзіндегі кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе сол сəтте бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ол жер учаскесін беретін айдың басына дейін есептейді. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесіне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшін есептейді.
3. Салық төлеуші жер салығын салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
4. Əкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріс жасалған күнге дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылған елді мекендердің жер учаскелері бойынша жер салығы осындай учаскелер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған жағдайда, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің, төлеудің жəне салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшеліктерi
1. Бірнеше салық төлеушінің пайдалануындағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелері үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы ғимараттар мен құрылыстардың алаңына пропорционалды түрде əрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке есептеледі.
2. Осы Кодекстің 571-бабы 3-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ғимараттың бір бөлігін не құрылысжайдың бір бөлігін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлық ғимараттың, құрылысжайдың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген ғимараттың бір бөлігі не құрылысжайдың бір бөлігі алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы ғимараттар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елдi мекендердің жеріне осы Кодекстің 577-бабында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
65-тарау. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖƏНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІК
586-бап. Салықтық кезең
1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
587-бап. Салықтық есептілік
1. Декларацияны жер учаскелері тұрған жердегі салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2) дара кəсіпкерлер - кəсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылуға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) - кəсіпкерлік қызметте жəне (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдаланылуға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
12-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ
66-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КƏСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ
588-бап. Салық төлеушілер
1. Мүлік салығын төлеушілер мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кəсіпкерлер;
3) концессия шартына сəйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 589-бабында аталған тұлғалар.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мүлік салығын дербес төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау жəне қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер;
Осы тармақшада аталған салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау жəне қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тəртіппен төлейді;
2) мемлекеттік мекемелер жəне орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның түзеу мекемелерінің мемлекеттік кəсіпорындары;
4) діни бірлестіктер;
5) осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, келісімшарттық қызмет шеңберінде күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
589-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектісін сенімгерлік басқаруға берген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 67-бабына сəйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектісі, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың əрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
3. Ортақ бірлескен меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілері меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісу бойынша салық төлеуші бола алады.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келетін, қаржылық жалдауға берілген объектілер бойынша жалға беруші салық төлеуші болып табылады.
Лизинг алушы қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша салық төлеуші болып табылады.
5. Пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылады.
6. Мемлекеттік тіркеуге жататын ғимараттарға, құрылысжайларға құқықтардың осындай тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін - мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі жəне (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) актісі;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мəмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осы объектіні іс жүзінде иеленетін жəне пайдаланатын (пайдаланып отырған) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып танылады.
590-бап. Салық салу объектісі
1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жəне қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлерді қоспағанда, дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес негізгі қаражат, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген сыныптамаға сəйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылысжайлар, осындай ғимараттардың бөліктері;
2) халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есепке алынатын тұрғынжайды сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген сыныптамаға сəйкес осындайларға жататын ғимараттар, осындай ғимараттардың бөліктері;
3) иелену, пайдалану құқықтары концессия шарты бойынша берілген, концессия объектілері болып табылатын ғимараттар, құрылысжайлар;
4) осы Кодекстің 316-бабында көрсетілген активтер;
5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) жəне құрылысжайларды қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес екінші деңгейдегі банктер активтерінің құрамында есепке алынатын, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретіндегі мүлікке өндіріп алу нəтижесінде меншікке өткен, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген сыныптамаға сəйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылысжайлар, осындай ғимараттардың бөліктері;
6) осы Кодекстің 589-бабының 6-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылысжайлар;
7) техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген сыныптауышқа сəйкес осындайларға жататын ғимараттар мен құрылысжайлар, осындай ғимараттар мен құрылысжайлардың қаржылық жалға берілген жəне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес дебиторлық берешек ретінде ескерілетін бөліктері салық салу объектісі болып табылады.
2. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді жəне қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлер үшін техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген сыныптамаға сəйкес осындайларға жататын жəне осы Кодекстің 218-бабының 9) тармақшасына сəйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылысжайлар салық салу объектісі деп танылады.
3. Мыналар салық салу объектілері болып табылмайды:
1) осы Кодекстің 573 жəне 574-баптарына сəйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылысжайлар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылысжайлары:
бұрылу белдеуі;
жолдардың конструкциялық элементтері;
жолдардың жай-күйі жəне абаттандырылуы;
көпірлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш жəне су өткізгіш құрылысжайлар;
жол бойындағы орман алаптары;
желілік тұрғын үйлер жəне жол пайдалану қызметінің кешендері;
4) 589-баптың 6-тармағында жəне осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілері;
5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылысжайлар;
6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сəйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алған ғимараттар, құрылысжайлар;
7) салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сəйкес айқындалатын жəне салық есептеуді салық органдары осы Кодекстің 603 жəне 604-баптарына сəйкес жүргізетін жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектілері;
8) концессия объектілерінің құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 000 000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, оларды иелену, пайдалану құқықтары қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша берілген концессия объектілері болып табылатын ғимараттар, құрылысжайлар;
9) радиоактивті қалдықтарды орналастыру жəне ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында орналасқан ғимараттар, құрылысжайлар.
591-бап. Салықтық база
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бухгалтерлік есептің деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің жылдық орташа баланстық құны жүргізілген мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, осы Кодекстің 590-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықтық база болып табылады.
Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау əр үш жылда бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс.
2. Осы Кодекстің 590-бабы 1-тармағының 2) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықтық база халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалатын дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.
3. Салық салу объектілерінің жылдық орташа баланстық құны салық салу объектілерінің ағымдағы салықтық кезеңнің əрбір айының 1-і мен есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезең айының 1-індегі баланстық құндарын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу жəне жою жөніндегі міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология кодексінің ережелерінде қалдықтарды көму полигондарын жою қорына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған бағалауы жеке есеп жүргізу кезінде салық салу объектілерінің баланстық құнына кірмейді.
Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбырды жою жөніндегі міндеттемелерді орындау көзделсе, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалған бағалауы осындай міндеттемелер құнының жеке есебін жүргізу кезінде салық салу объектілерінің баланстық құнына кірмейді.
Егер энергия беруші ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес иесіз деп танылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өтеусіз негізде алынған электр желілерін өз балансына қабылдаса, мұндай желілердің құны «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сəйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомалары есепке алынғанға дейін салықтық базаға кірмейді.
4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес белгіленетін дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің əрбір айының 1-іне жəне есептіден кейінгі салықтық кезең айының 1-іне дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің сомаларын қосқан кезде алынған соманың он үштен бір сомасы ретінде айқындалады.
5. Осы Кодекстің 588-бабы 3-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықтық база пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесі негізге алына отырып айқындалады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді жəне қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша мыналар:
салық салу объектісі ретінде танығаннан кейін алғашқы үш жылда - оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға жəне жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салықтық база болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 278-бабының 2-тармағына сəйкес жүзеге асырылады;
кейінгі кезеңдерде нарықтық құны салықтық база болып табылады.
Бұл ретте мұндай бағалау 1 қаңтардағы жағдай бойынша əр үш жыл сайын бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс.
Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған шығындарды растайтын жəне бағасы (құны) белгісіз мəмілелер бойынша не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша бастапқы құжаттар болмаған кезде:
1) осы активке меншік құқығы туындаған күнге салық салу объектісінің;
2) осындай объектілер бойынша төлеушілер деп тану күніне осы Кодекстің 589-бабының 6-тармағында аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық салу объектісі ретінде танығаннан кейін алғашқы үш жылда салықтық база болып табылады.
Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.
7. Осы Кодекстің 67-бабының ережелеріне сəйкес мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді сенімгер басқарушы орындайтын жағдайда, осы баптың 3-тармағында айқындалған тəртіппен:
1) егер осындай мүлік оның балансына берілсе, сенімгер басқарушы дербес;
2) балансында осындай мүлік бар мемлекеттік мекеме белгілеген осындай салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны салықтық база болып табылады. Бұл ретте осындай мүліктің салықтық база бойынша деректері сенімгер басқарушыға жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс.