2. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша салықтық есептілікті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.
11-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
62-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
570-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында бүкіл жер нысаналы мақсатына жəне тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.
2. Жердің сол немесе өзге санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендердің жері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1) тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жері;
2) тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер.
3. Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері;
2) орман қорының жері;
3) су қорының жері;
4) босалқы жер;
5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері.
Көрсетілген жерлер (босалқы жерді жəне ядролық қауіпсіздік аймағын қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 580-бабында айқындалған тəртіппен салық салынуға жатады.
4. Жер салығы:
1) сəйкестендіру құжаттары:
меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті орган əрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердің мемлекеттік сандық жəне сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
571-бап. Төлеушілер
1. Мынадай:
1) жеке меншік құқығында;
2) тұрақты жер пайдалану құқығында;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өзі дербес төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер жəне орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның түзеу мекемелерінің мемлекеттік кəсіпорындары;
4) діни бірлестіктер.
4. Осы баптың 3-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 67-бабына сəйкес айқындалады.
572-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушіні айқындау
1. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша, егер осы жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын куəландыратын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, осы тұлғалардың əрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания жер салығын төлеуші болып табылады.
2. Жер учаскесіне арналған сəйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мəмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену жəне пайдалану негіз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингі шартына сəйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.
573-бап. Салық салу объектісі
1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар жəне халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылысжайлары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары жəне басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан жəне соларға арналған жер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.
Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылысжайлар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылысжайлар, жол қызметінің қызметтік жəне тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын жəне əсемдік екпелер алып жатқан жер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер алып жатқан жер учаскелері;
4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері;
5) осы Кодекстің 590-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері.
574-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау
1. Теміржолдар, оқшаулау белдеулері, теміржол станциялары, вокзалдар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен теміржол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері теміржол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Электр беру желілері балансында бар энергетика жəне электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары балансында бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
4. Радиорелелік, əуе, кəбілдік байланыс желілері балансында бар байланыс ұйымдары үшін байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
575-бап. Салықтық база
Жер учаскесінің жəне (немесе) жер үлесінің алаңы жер салығын айқындау үшін салықтық база болып табылады.
63-тарау. САЛЫҚТЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР
576-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді жəне топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық жəне қуаң далалық аймақтардың жеріне бонитет балдарына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салықтық мөлшерлемелері белгіленеді:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 | 2,4 |
| 2. | 2 | 3,35 |
| 3. | 3 | 4,35 |
| 4. | 4 | 5,3 |
| 5. | 5 | 6,25 |
| 6. | 6 | 7,25 |
| 7. | 7 | 8,4 |
| 8. | 8 | 9,65 |
| 9. | 9 | 10,8 |
| 10. | 10 | 12,05 |
| 11. | 11 | 14,45 |
| 12. | 12 | 15,45 |
| 13. | 13 | 16,4 |
| 14. | 14 | 17,35 |
| 15. | 15 | 18,35 |
| 16. | 16 | 19,3 |
| 17. | 17 | 20,45 |
| 18. | 18 | 21,7 |
| 19. | 19 | 22,85 |
| 20. | 20 | 24,1 |
| 21. | 21 | 26,55 |
| 22. | 22 | 28,95 |
| 23. | 23 | 31,35 |
| 24. | 24 | 33,75 |
| 25. | 25 | 36,2 |
| 26. | 26 | 38,6 |
| 27. | 27 | 41 |
| 28. | 28 | 43,4 |
| 29. | 29 | 45,85 |
| 30. | 30 | 48,25 |
| 31. | 31 | 72,35 |
| 32. | 32 | 77,7 |
| 33. | 33 | 82,95 |
| 34. | 34 | 90,4 |
| 35. | 35 | 93,8 |
| 36. | 36 | 99,1 |
| 37. | 37 | 104,4 |
| 38. | 38 | 110 |
| 39. | 39 | 115,3 |
| 40. | 40 | 120,6 |
| 41. | 41 | 144,75 |
| 42. | 42 | 150,05 |
| 43. | 43 | 155,35 |
| 44. | 44 | 160,85 |
| 45. | 45 | 166,15 |
| 46. | 46 | 171,45 |
| 47. | 47 | 176,8 |
| 48. | 48 | 182,4 |
| 49. | 49 | 187,7 |
| 50. | 50 | 193 |
| 51. | 51 | 217,1 |
| 52. | 52 | 222,45 |
| 53. | 53 | 227,75 |
| 54. | 54 | 233,25 |
| 55. | 55 | 238,55 |
| 56. | 56 | 243,85 |
| 57. | 57 | 249,15 |
| 58. | 58 | 254,75 |
| 59. | 59 | 260,05 |
| 60. | 60 | 265,35 |
| 61. | 61 | 289,5 |
| 62. | 62 | 303,15 |
| 63. | 63 | 316,3 |
| 64. | 64 | 329,75 |
| 65. | 65 | 343,05 |
| 66. | 66 | 356,55 |
| 67. | 67 | 369,8 |
| 68. | 68 | 383,3 |
| 69. | 69 | 396,6 |
| 70. | 70 | 410,1 |
| 71. | 71 | 434,25 |
| 72. | 72 | 447,75 |
| 73. | 73 | 460,95 |
| 74. | 74 | 474,45 |
| 75. | 75 | 487,8 |
| 76. | 76 | 501,3 |
| 77. | 77 | 514,55 |
| 78. | 78 | 528,05 |
| 79. | 79 | 541,35 |
| 80. | 80 | 554,85 |
| 81. | 81 | 579 |
| 82. | 82 | 595,1 |
| 83. | 83 | 611,05 |
| 84. | 84 | 627,25 |
| 85. | 85 | 643,35 |
| 86. | 86 | 659,3 |
| 87. | 87 | 675,5 |
| 88. | 88 | 691,6 |
| 89. | 89 | 707,55 |
| 90. | 90 | 723,75 |
| 91. | 91 | 747,85 |
| 92. | 92 | 772 |
| 93. | 93 | 796,1 |
| 94. | 94 | 820,25 |
| 95. | 95 | 844,35 |
| 96. | 96 | 868,5 |
| 97. | 97 | 892,6 |
| 98. | 98 | 916,75 |
| 99. | 99 | 940,85 |
| 100. | 100 | 965 |
| 101. | 100-ден жоғары | 1 013,3 |
3. Шөлейтті, шөлді жəне тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жеріне бонитет балдарына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салықтық мөлшерлемелері белгіленеді:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 | 2,4 |
| 2. | 2 | 2,7 |
| 3. | 3 | 2,9 |
| 4. | 4 | 3,1 |
| 5. | 5 | 3,35 |
| 6. | 6 | 3,65 |
| 7. | 7 | 3,85 |
| 8. | 8 | 4,05 |
| 9. | 9 | 4,35 |
| 10. | 10 | 4,8 |
| 11. | 11 | 7,25 |
| 12. | 12 | 9,15 |
| 13. | 13 | 11,1 |
| 14. | 14 | 12,75 |
| 15. | 15 | 14,65 |
| 16. | 16 | 16,6 |
| 17. | 17 | 18,55 |
| 18. | 18 | 20,25 |
| 19. | 19 | 22,2 |
| 20. | 20 | 24,1 |
| 21. | 21 | 26,55 |
| 22. | 22 | 28,95 |
| 23. | 23 | 31,35 |
| 24. | 24 | 33,75 |
| 25. | 25 | 36,2 |
| 26. | 26 | 38,6 |
| 27. | 27 | 41 |
| 28. | 28 | 43,4 |
| 29. | 29 | 45,85 |
| 30. | 30 | 48,25 |
| 31. | 31 | 50,65 |
| 32. | 32 | 53,05 |
| 33. | 33 | 55,45 |
| 34. | 34 | 57,9 |
| 35. | 35 | 60,3 |
| 36. | 36 | 62,7 |
| 37. | 37 | 65,15 |
| 38. | 38 | 67,55 |
| 39. | 39 | 69,95 |
| 40. | 40 | 72,35 |
| 41. | 41 | 74,8 |
| 42. | 42 | 77,2 |
| 43. | 43 | 79,6 |
| 44. | 44 | 82 |
| 45. | 45 | 84,45 |
| 46. | 46 | 86,85 |
| 47. | 47 | 89,25 |
| 48. | 48 | 91,65 |
| 49. | 49 | 94,1 |
| 50. | 50 | 96,5 |
| 51. | 51 | 98,9 |
| 52. | 52 | 101,3 |
| 53. | 53 | 103,75 |
| 54. | 54 | 106,15 |
| 55. | 55 | 108,55 |
| 56. | 56 | 110,95 |
| 57. | 57 | 113,4 |
| 58. | 58 | 115,8 |
| 59. | 59 | 118,2 |
| 60. | 60 | 120,6 |
| 61. | 61 | 123,05 |
| 62. | 62 | 126,4 |
| 63. | 63 | 129,1 |
| 64. | 64 | 132,2 |
| 65. | 65 | 135,1 |
| 66. | 66 | 138,2 |
| 67. | 67 | 141,1 |
| 68. | 68 | 144,25 |
| 69. | 69 | 147,45 |
| 70. | 70 | 150,35 |
| 71. | 71 | 153,45 |
| 72. | 72 | 156,35 |
| 73. | 73 | 159,4 |
| 74. | 74 | 162,3 |
| 75. | 75 | 165,45 |
| 76. | 76 | 168,4 |
| 77. | 77 | 171,55 |
| 78. | 78 | 174,65 |
| 79. | 79 | 177,55 |
| 80. | 80 | 180,75 |
| 81. | 81 | 183,55 |
| 82. | 82 | 186,7 |
| 83. | 83 | 189,6 |
| 84. | 84 | 192,8 |
| 85. | 85 | 195,9 |
| 86. | 86 | 198,8 |
| 87. | 87 | 201,9 |
| 88. | 88 | 204,75 |
| 89. | 89 | 207,95 |
| 90. | 90 | 210,85 |
| 91. | 91 | 210,9 |
| 92. | 92 | 216,95 |
| 93. | 93 | 220 |
| 94. | 94 | 223,1 |
| 95. | 95 | 226 |
| 96. | 96 | 229,2 |
| 97. | 97 | 231,9 |
| 98. | 98 | 235,15 |
| 99. | 99 | 238,05 |
| 100. | 100 | 241,25 |
| 101. | 100-ден жоғары | 250,9 |
577-бап. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Қалалар: | | |
| 1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
| 2. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
| 3. | Астана | 19,30 | 0,96 |
| 4. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
| 5. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
| 6. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
| 7. | Жезқазған | 8,20 | 0,58 |
| 8. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
| 9. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
| 10 | Қонаев | 9,17 | 0,58 |
| 11. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
| 12. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
| 13. | Орал | 5,79 | 0,58 |
| 14. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
| 15. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
| 16. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
| 17. | Семей | 8,68 | 0,58 |
| 18. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
| 19. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
| 20. | Түркістан | 7,79 | 0,39 |
| 21. | Алматы облысы: | | |
| 22. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
| 23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 24. | Ақмола облысы: | | |
| 25. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 26. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
| 27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
| 28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
| 29. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
| 30. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган бекіткен əкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сəйкес белгіленеді.
578-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын жерге (бұдан əрі - өнеркəсіп жері) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркəсіп жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бір гектарға есептегенде бонитет балдарына пропорционалды түрде мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
| Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) | Р/с № | Бонитет балы | Базалық салықтық мөлшерлеме (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 0 | 48,25 | 52. | 51 | 2634,45 |
| 2. | 1 | 91,67 | 53. | 52 | 2690,23 |
| 3. | 2 | 135,1 | 54. | 53 | 2745,95 |
| 4. | 3 | 178,52 | 55. | 54 | 2801,72 |
| 5. | 4 | 221,95 | 56. | 55 | 2857,46 |
| 6. | 5 | 265,37 | 57. | 56 | 2913,24 |
| 7. | 6 | 308,8 | 58. | 57 | 2968,96 |
| 8. | 7 | 352,22 | 59. | 58 | 3024,73 |
| 9. | 8 | 395,65 | 60. | 59 | 3080,47 |
| 10. | 9 | 439,07 | 61. | 60 | 3136,25 |
| 11. | 10 | 482,5 | 62. | 61 | 3188,36 |
| 12. | 11 | 530,75 | 63. | 62 | 3247,75 |
| 13. | 12 | 592,41 | 64. | 63 | 3325,49 |
| 14. | 13 | 654,08 | 65. | 64 | 3364,61 |
| 15. | 14 | 715,68 | 66. | 65 | 3423,05 |
| 16. | 15 | 777,35 | 67. | 66 | 3489,25 |
| 17. | 16 | 839,01 | 68. | 67 | 3539,95 |
| 18. | 17 | 900,67 | 69. | 68 | 3598,39 |
| 19. | 18 | 962,29 | 70. | 69 | 3656,81 |
| 20. | 19 | 1023,96 | 71. | 70 | 3715,25 |
| 21. | 20 | 1084,66 | 72. | 71 | 3769,29 |
| 22. | 21 | 1138,7 | 73. | 72 | 3829,64 |
| 23. | 22 | 1189,07 | 74. | 73 | 3890,53 |
| 24. | 23 | 1239,35 | 75. | 74 | 3951,67 |
| 25. | 24 | 1287,73 | 76. | 75 | 4012,79 |
| 26. | 25 | 1340,29 | 77. | 76 | 4073,88 |
| 27. | 26 | 1390,66 | 78. | 77 | 4135,02 |
| 28. | 27 | 1441,07 | 79. | 78 | 4196,15 |
| 29. | 28 | 1491,45 | 80. | 79 | 4257,23 |
| 30. | 29 | 1541,88 | 81. | 80 | 4319,34 |
| 31. | 30 | 1592,25 | 82. | 81 | 4371,45 |
| 32. | 31 | 1646,29 | 83. | 82 | 4432,57 |
| 33. | 32 | 1693,03 | 84. | 83 | 4493,66 |
| 34. | 33 | 1740,76 | 85. | 84 | 4554,8 |
| 35. | 34 | 1788,47 | 86. | 85 | 4615,92 |
| 36. | 35 | 1836,2 | 87. | 86 | 4677,01 |
| 37. | 36 | 1883,87 | 88. | 87 | 4738,15 |
| 38. | 37 | 1931,58 | 89. | 88 | 4799,27 |
| 39. | 38 | 1979,31 | 90. | 89 | 4860,36 |
| 40. | 39 | 2027,02 | 91. | 90 | 4921,5 |
| 41. | 40 | 2074,75 | 92. | 91 | 4975,54 |
| 42. | 41 | 2126,86 | 93. | 92 | 5054,48 |
| 43. | 42 | 2178,19 | 94. | 93 | 5134,32 |
| 44. | 43 | 2228,61 | 95. | 94 | 5214,22 |
| 45. | 44 | 2278,98 | 96. | 95 | 5294,09 |
| 46. | 45 | 2329,41 | 97. | 96 | 5373,99 |
| 47. | 46 | 2379,79 | 98. | 97 | 5453,83 |
| 48. | 47 | 2340,22 | 99. | 98 | 5533,73 |
| 49. | 48 | 2480,57 | 100. | 99 | 5613,59 |
| 50. | 49 | 2531 | 101. | 100 | 5693,5 |
| 51. | 50 | 2582,34 | 102. | 100-ден жоғары | 5790 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтаждықтары үшін берілген жер осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін берілген, қорғаныс мұқтаждықтары үшін уақытша пайдаланылмайтын жəне ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жер осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
4. Магистральды теміржолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан теміржол көлігі кəсіпорындарының жеріне осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
579-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркəсіп жеріне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Осы баптың 3-тармағында жəне осы Кодекстің 581-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркəсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 577-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында жəне осы Кодекстің 581-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркəсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 582-бабының 1-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, көрсетілген жерге салықтық мөлшерлемелерді жалпы азайту базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елді мекен шегінде орналасқан, əуеайлақтар алып жатқан өнеркəсіп жеріне осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 578-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Əуеайлақтар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекен шегінде орналасқан, əуежайлар алып жатқан өнеркəсіп жеріне осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 578-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін əуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету жəне оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалған жəне жабдықталған жер учаскесі əуеайлақ деп түсініледі.
580-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жеріне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жеріне осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке жəне заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттар үшін пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жеріне осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 578-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
581-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино алып жатқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Елді мекендердің автожанармай құю станцияларына бөлінген жеріне осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Автожанармай құю станцияларына бөлінген басқа санаттардағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салықтық мөлшерлемелер төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 577-бабында белгіленгеннен кем болмайды.
2. Елді мекендердің казино алып жатқан жеріне осы Кодекстің 577-бабында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Казино алып жатқан басқа да санаттардағы жерге, тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 577-бабында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Елді мекеннің жеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салықтық мөлшерлемелер төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 577-бабында белгіленгеннен кем болмайды.
3. Елді мекендердің автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жеріне осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерге жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген, жергілікті өкілді орган белгілейтін мөлшерлемелерді ұлғайту автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.
4. Объектілер салуға арналған жəне тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 27 - 30-жолдарында көрсетілген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстің 577, 578 жəне 579-баптарында жəне осы бапта белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелер жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уəкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің жəне осы баптың 5-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тəртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті орган уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға жəне оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
5. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 576-бабында белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелер меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уəкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс еткен күннен бастап қырық есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға жəне оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
6. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уəкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі салық органдарына осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мəліметтерді ұсынады.
7. Мəліметтерін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уəкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер салығын салық органдары салық төлеушіге салық органы есептеген салықтардың жəне (немесе) төлемдердің сомасы туралы хабарлама жібере отырып, жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін жəне жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді.
582-бап. Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету
1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстің 577 жəне 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жер салығының мөлшерлемелерін жекелеген салық төлеушілер үшін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.
Жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды жəне ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Жер салығын есептеген кезде мына төлеушілер тиістi мөлшерлемелерге 0 коэффициентін қолданады:
1) Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне сəйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары;
2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар - арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан жəне осы Кодекстің 80-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;