Егер тұрғынжайдың, саяжай құрылысының тас немесе тіреу панельдерінің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардың тозуы 65 пайыздан асып кетсе, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (K функц) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат х К абат. х К жылыт, мұнда:
К қабат - тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент;
К бұрыш - тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент;
К қабырғ.мат - қабырғалардың материалын ескеретін коэффициент;
К абат. - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылуы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент;
К жылыт - жылыту түрін ескеретін коэффициент.
Қабатына қарай қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
| Р/с № | Қабаты | К қабат |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бірінші | 0,95 |
| 2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
| 3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппəтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабат коэффициенті 1-ге тең деп алынады.
Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұрыш) қолданылады:
| Р/с № | Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы | К бұрыш |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бұрышта орналасқан | 0,95 |
| 2. | Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғаларының материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К қаб. мат) қолданылады:
| Р/с № | Қабырғаларының материалы | Коэффициент |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Кірпіштен | 1,1 |
| 2. | Керамзит-бетон блоктардан құрама | 1,0 |
| 3. | Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 4. | Темір-бетон панельдер | 1,0 |
| 5. | Темір-бетон панельдерден, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 6. | Балшықтан соғылған саман | 0,5 |
| 7. | Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған | 0,6 |
| 8. | Монолитті шлак-бетон | 0,7 |
| 9. | Темір-бетон блоктардан | 1,0 |
| 10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
| 11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған | 0,75 |
| 12. | Кесілген ағаштан | 0,85 |
| 13. | Шпалдан | 0,75 |
| 14. | Шпалдан, кірпішпен қапталған | 0,95 |
| 15. | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
| 16. | Өзгелері | 1,0 |
Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен жəне техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп алынады.
Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кəріз, басқа абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8-ге тең деп алынады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылыт) қолданылады:
| Р/с № | Жылыту түрлері | К жылыт |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
| 2. | Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту | 0,98 |
| 3. | Қатты отынды қолданып, сумен жергілікті жылыту | 0,95 |
| 4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм.) жергілікті атқарушы органдар осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу əдістемесіне сəйкес бекітеді жəне ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға тиіс.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу əдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан əрі - К аек өзг.) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек өзг. = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек.,
мұнда:
ағ. ж. АЕК - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК;
алдыңғы ж. АЕК - алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК.
8. Сəн-салтанат коэффициенті (К сəн-сал) 1-ге тең.
Бұл ретте жергілікті өкілді органның шешімі бойынша сəн-салтанат коэффициенті тұрғынжайлар бойынша 50%-дан асырмай ұлғайтылуы мүмкін.
Сəн-салтанат коэффициентін арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды жəне ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда Мемлекеттік корпорация осындай салық салу объектілерінің жиынтық құнын осы бапқа сəйкес айқындайды.
10. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектілері бойынша əрбір осындай тұлғаның салықтық базасына оның осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептелетін салық салу объектісінің құны енгізіледі.
11. Əкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нəтижесінде басқа əкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтағы елді мекенде тұрған салық салу объектілерінің құны, осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін, осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен шекараларында орналасқан елді мекен санаты үшін белгіленген базалық құнға сүйене отырып айқындалады.
12. Осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша мыналар салықтық база болып табылады:
1) егер бір салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны құнның шекті мөлшерінен кем немесе оған тең болса, - жеке əрбір объект бойынша салық салу объектісінің құны;
2) егер бір салық төлеушіде салық салу объектілерінің жиынтық құны құнның шекті мөлшерінен асып кетсе, салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін құнның шекті мөлшері 450 000 000 теңгені құрайды.
13. Осы Кодекстің 599-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер учаскесінің жəне (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.
601-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кəсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді жəне төлейді жəне оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64, 65 жəне 66-тарауларында айқындалған тəртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.
Осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 591-бабының 6-тармағына сəйкес айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сəйкес айқындалатын жəне салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай жəне басқа да объектілер, сондай-ақ осындай тұрғынжайлар жəне басқа да объектілер тек қана тұру мақсаттары үшін жалға (пайдалануға) берілген жəне тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар сақталған кезде, осындай тұрғынжай жəне басқа да объектілер алып жатқан жер учаскесі кəсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері деп танылмайды.
602-бап. Салықтық мөлшерлемелер жəне салықтық кезең
1. Салықтық база осы Кодекстің 600-бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сəйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
| 2. | 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз |
| 3. | 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз |
| 4. | 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз |
| 5. | 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз |
| 6. | 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 600 теңге + 10000000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз |
| 7. | 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз |
| 8. | 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз |
| 9. | 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз |
| 10. | 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз |
| 11. | 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз |
| 12. | 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз |
| 13. | 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 471 600 теңге + 100000000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз |
| 14. | 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз |
| 15. | 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз |
| 16. | 450 000 000 теңгеден жоғары | 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз |
Салықтық база осы Кодекстің 600-бабы 12-тармағының 2) тармақшасына сəйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығының жиынтық сомасы мынадай мөлшерлеме бойынша есептеледі: құнның шекті мөлшерінен асатын салықтық базадан 2 946 600 теңге + 2 пайыз.
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) алып жатқан жерге базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
| Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
| 1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
| 1. | Алматы | 0,96 |
| 2. | Шымкент | 0,58 |
| 3. | Астана | 0,96 |
| 4. | Ақтау | 0,58 |
| 5. | Ақтөбе | 0,58 |
| 6. | Атырау | 0,58 |
| 7. | Жезқазған | 0,58 |
| 8. | Көкшетау | 0,58 |
| 9. | Қарағанды | 0,58 |
| 10. | Қонаев | 0,58 |
| 11. | Қостанай | 0,58 |
| 12. | Қызылорда | 0,58 |
| 13. | Орал | 0,58 |
| 14. | Өскемен | 0,58 |
| 15. | Павлодар | 0,58 |
| 16. | Петропавл | 0,58 |
| 17. | Семей | 0,58 |
| 18. | Талдықорған | 0,58 |
| 19. | Тараз | 0,58 |
| 20. | Түркістан | 0,39 |
| 21. | Алматы облысы | |
| 22. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
| 23. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
| 24. | Ақмола облысы: | |
| 25. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
| 26. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
| 27. | Қалған облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
| 28. | Қалған аудандық маңызы бар қалалар | 0,19 |
| 29. | Кенттер | 0,13 |
| 30. | Ауылдар | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган бекіткен əкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сəйкес белгіленеді.
3. Үй жанындағы жер учаскелері мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:
1) республикалық маңызы бар қалалар, астана жəне облыстық маңызы бар қалалар үшін:
1 000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
1 000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1 000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін;
2) қалған елді мекендер үшін:
5 000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
5 000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5 000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Елді мекендер жеріне жататын, тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған жəне тұрғын үй (тұрғын ғимарат), соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатпаған жер учаскесінің бір бөлігі үй жанындағы жер учаскесі деп есептеледі.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ тиісті құрылыстар алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық жəне саяжай құрылысы үшін берілген елді мекендердің жеріне базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) алаңы қоса алғанда 0,50 гектарға дейін болған кезде - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2) 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
5. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
6. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге базалық салықтық мөлшерлемелерді салықтың базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемелерді жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады.
Мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды жəне ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға тиіс.
7. 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерін жою, қирату, бұзу кезінде салық салу объектілерін жою, қирату, бұзу фактісі болған ай салықтық кезеңнің есебіне қосылады.
603-бап. Салықты есептеу мен төлеу тəртібі
1. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілгендерінен басқа, салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың салығын есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің тұрған жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, құқықтары есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салықтық кезең үшін осы Кодекстің 599-бабында көрсетілген əрбір салық салу объектісі бойынша жеке есептелген салық сомаларын қамтиды.
3. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сəйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу жəне салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-інен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.
4. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептеледі.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уəкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
6. Осы Кодекстің 597-бабы 2-тармағы 1) - 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-іне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-інен бастап қолданылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
9. Əкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нəтижесінде басқа əкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елді мекеніндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен орналасқан шекаралардағы елді мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
10. Салықтық жыл ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері бойынша мүлік салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты есептеу мен төлеу тəртібі
1. Жеке тұлғалардың осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көзделген, олар бойынша салықтық база құнның шекті мөлшерінен асатын салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
Салықты есептеу салықтық кезең үшін мынадай тəртіппен жүргізіледі:
1) салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына меншік құқығында бар барлық салық салу объектілері бойынша салықтың жиынтық сомасы салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады;
2) салықтық базаға енгізілген əрбір салық салу объектісі бойынша салық сомасы мынадай формула бойынша айқындалады: салықтың жиынтық сомасы * салық салу объектісінің құны/салықтық база.
2. Салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
13-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
68-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
605-бап. Төлеушілер
Ойын бизнесі саласында мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызметі түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар (ойын бизнесін ұйымдастырушылар) ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
606-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электрондық кассасы;
5) букмекерлік кеңсе кассасы;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.
607-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі - айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы - айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатор кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсе кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері салықтық кезеңнің 1-іне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
608-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салықтық кезең болып табылады.
609-бап. Салықты есептеу тəртібі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, əрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 606-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
610-бап. Салық декларациясын ұсыну мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің жері бойынша салық органына ұсынылады.
611-бап. Салықты төлеу мерзімі
Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге тиіс.
14-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР
69-тарау. АЛЫМДАР
612-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
1. Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар жəне басқа да уəкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу əрекеттері;
2) рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша əрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат беру құжаттары деп рұқсаттарға қатысы жоқ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган беретін келісім мен салық органдары беретін, АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат та түсініледі.
2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу əрекеттері деп уəкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен мынадай əрекеттер жасауы түсініледі:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу.
3. Тиісті уəкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алымдар алынады:
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасына сəйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;
2) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат беру құжаттары (бұдан əрі - автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттеу;
ірі габаритті жəне (немесе) салмағы ауыр отандық жəне шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
3) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) арналған рұқсаттар;
4) АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат.
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті əрекеттерді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес алым сомаларын есептеуді жəне есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сəйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мəліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.