2) бүлінген сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары есептен шығару жəне жою туралы актінің негізінде қабылдаған жағдайларда қайта есептеуге жатады.
3. Темекі бұйымдарына берілген сəйкестендіру құралдары бүлінген, жоғалған кезде сəйкестендіру құралдарының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан жəне (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда акциз төленбейді.
544-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды көтерме жəне бөлшек саудада өткізуге жатқызудың өлшемшарттары
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды қабылдауға жəне осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша өнім беруші:
1) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды өндіруші;
2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын одан əрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нəтижесінде бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;
3) осы Кодекстің 104-бабына сəйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған жəне Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне (немесе) экологиялық отынды одан əрі өткізу мақсатында əкелуді жүзеге асырған салық төлеуші болып табылады деген шартпен оларды одан əрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетін тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды одан əрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.
2. Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушінің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды олардың өндірістік мұқтаждықтары үшін тұлғаларға өткізуі, сондай-ақ беруі;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткізу;
3) одан əрі өткізу үшін өндірілген немесе сатып алынған бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды өзінің өндірістік мұқтажына пайдалану.
545-бап. Акцизделетін тауарларды экспорттауды растау
1. Акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар Мыналар болып табылады:
1) экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) акцизделетін тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы куəландырған оның көшірмесі.
Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рəсімі қолданыла отырып əкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларация экспортты растау болады;
3) ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен əкетілген жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшірмесі.
2. Акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарларды экспорттауды акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді қоспағанда) экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан экспорттың кедендік рəсімінде əкетілген, акцизделетін тауарлар импортталатын елде ресімделген тауарларға арналған декларация акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын қосымша құжат болып табылады.
3. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде осы Кодекстің 538-бабының 3-тармағына сəйкес акциз төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 521-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші акциз бойынша декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды салық органына операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ұсынуға құқылы.
4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде əкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
5. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1, 2 жəне 3-тармақтарына сəйкес расталмаған жағдайда, акцизделетін тауарларды өткізудің расталмауына байланысты өсімпұл есепке жазыла отырып, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін осы бөлімде айқындалған тəртіппен акциз салынуға жатады.
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жатады.
6. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдер өткен соң расталған жағдайда, осы баптың 5-тармағына сəйкес төленген акциздердің сомалары осы Кодекстің 120 жəне 122-баптарына сəйкес есепке жатқызылуға жəне қайтарылуға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу расталмауына байланысты есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомасы қайтарылуға жатпайды.
546-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз мөлшерлемесін салықтық базаға қолдану арқылы жүргізіледі.
547-бап. Салықтық базаны түзету
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық база акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салықтық кезеңде түзетіледі.
Осы бапқа сəйкес салықтық базаның мөлшерін түзету түзетуге жататын акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негізді растайтын екіжақты актілердің жəне шартта (келісімшартта) көрсетілген қайтару жағдайларының басталғанын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Акцизделетін тауарларды өндірушіге өндіріс мекенжайына қайтарған кезде салықтық базаның мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарлардың өндіріс мекенжайынан орнын ауыстырған, бірақ оларды өткізбеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі.
Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден импорттау кезінде салықтық базаның мөлшерін түзету осы Кодекстің 533-бабының 1, 2, 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес жүргізіледі.
2. Арақты, айрықша арақты жəне этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан асатын басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабының 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша салықтық базаны, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндіруші жүзеге асырған оның орын ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленсе, акцизделетін тауарды өндіруші экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салықтық базаны түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.
Бұл ретте осындай түзету ескеріле отырып, салықтық базаның теріс мəні болуы мүмкін.
548-бап. Салықтан шегеру
1. Салық төлеушінің осы Кодекстің 546-бабына сəйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгіленген шегерулерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сəйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегеруге жатады.
3. Мыналар:
1) осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды сатып алған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) акцизделетін алыс-беріс шикізатынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегеруге жатады.
Спирттің барлық түріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегеруге жатпайды.
4. Шегеру салықтық кезеңде акцизделетін тауарлар дайындауға іс жүзінде пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып есептелген акциз сомасына жүргізіледі.
5. Акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде төленген акциз сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын төлем құжаттары немесе бақылау-касса машинасының чектері қоса берілген кіріс-кассалық ордерге түбіртек;
3) акцизделетін шикізат беруге тауар-көлік жүкқұжаттары;
4) акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген шот-фактура;
5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
6) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
6. Өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акциздің бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
3) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
7. Акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізат ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған кезде импортталатын акцизделетін шикізатқа тауарларға арналған декларация немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған кезде тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
5) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
8. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін алыс-беріс шикізатынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар болған кезде шегеруге жатады:
1) акцизделетін алыс-беріс шикізатының меншік иесі мен қайта өңдеуші арасындағы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу туралы шарт;
2) акцизделетін алыс-беріс шикізаты меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжат немесе қабылдау-беру актісі.
9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған немесе импорттаған кезде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегеруге жатпайды.
10. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген импортталған акцизделетін тауарларға акциздің сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 537-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 21-жолында көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленген акциздің сомасы шегеруге жатады.
549-бап. Акциз төлеу мерзімдері
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-беріс шикізаты мен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз одан əрі экспортқа өткізілетін өнімді беруді қоспағанда, өнім тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркəсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
4. Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акцизді алкоголь өнімін өндірушілер таңдау бойынша:
1) есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін;
2) осы Кодекстің 175-бабына сəйкес акцизді төлеу туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарлар тиеп-жөнелтілген (берілген) күні төлейді.
5. Салық органдарының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уəжді бас тартуы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға жататын көлік құралдарын сатып алған кезде акциздерді төлеу бірінші басталатын мынадай күндердің бірінен:
осындай акцизделетін тауарлар сатып алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
осындай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін құжаттарды тапсыру күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
550-бап. Акциз төленетін жер
1. Осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, акцизді төлеу салық салу объектісінің тұрған жері бойынша жүргізіледі.
2. Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) жəне дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің тұрған жері бойынша төлейді.
3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған кезде акцизді төлеу акцизді төлеушінің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.
551-бап. Салықтық кезең жəне акциз бойынша салық декларациясы
1. Акцизге қатысты күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, əрбір салықтық кезең аяқталған соң акциз төлеушілер өзі тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше тұрған жердегі салық органына акциз бойынша декларацияға осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше бойынша акциз сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті жəне осы Кодекстің 530-бабының 2-тармағына сəйкес өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды сатып алған жеке тұлғалар өздерінің тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны осындай көлік құралдарын сатып алған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
6. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште жəне электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана осындай акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
55-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
552-бап. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салықтық базасы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі, құны жəне саны ретінде айқындалады.
553-бап. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері
1. ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні уəкілетті орган айқындаған тəртіппен төленеді.
2. Осы Кодекстің 175-бабына сəйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау жүзеге асырылған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады жəне акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.
3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осындай акцизделетін тауарларды əкелу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағына импорттау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес акцизді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар төлеуден босату немесе төлеудің өзге тəртібі сол мақсаттарға байланысты берілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, аталған акцизделетін тауарлар осы Кодекстің 537 жəне 552-баптарында жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген тəртіппен жəне акциздер мөлшерлемелері бойынша акциздер салынуға жатады.
554-бап. Акцизден босатылған акцизделетін тауарларды импорттау
1. Жеке тұлғалар ЕАЭО-ның кеден заңнамасында (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды.
2. Мынадай:
1) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын жолда жүру уақытында жəне аралық аялдама пункттерінде пайдалану үшін қажетті;
2) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар жəне материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған;
3) шетелдік дипломатиялық жəне оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық жəне əкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың жеке пайдалануы үшін əкелінген импортталатын акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сəйкес акциз төлеуден босатылады;
4) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рəсімін қоспағанда, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рəсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында акциз төлеуден босатылатын импортталатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);
6) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, кесте бойынша азаматтық əуе авиатасымалдарын жүзеге асыруға арналған ұшақтар акциз төлеуден босатылады.
9-БӨЛІМ. ƏЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
56-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
555-бап. Төлеушілер
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, əлеуметтік салық төлеушілер мыналар болып табылады:
1) дара кəсіпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
5) қызметін тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
2. Мынадай салық төлеушілер əлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
1) арнаулы салық режимін:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
оңайлатылған декларация негізінде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар;
2) Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне сəйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары.
3. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен:
осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша əлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;
осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу жəне аудару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде орындайтын өзінің құрылымдық бөлімшесін əлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімін қабылдау немесе оның күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше əлеуметтік салық төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
556-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналардың:
1) жұмыскердің осы Кодекстің 426-бабында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 23), 25), 26) жəне 27) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;
2) осы Кодекстің 226-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары əлеуметтік салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Осы тармақтың ережелері жеке практикамен айналысатын адамдар жəне (немесе) дара кəсіпкерлер болып табылатын əлеуметтік салық төлеушілерге қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі объектіден мынадай ерекшеліктерге азайтылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
2) Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар;
3) мыналарды:
осы Кодекстің 429-бабының 2) тармақшасында белгіленген кірістерді;
556-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің кірістері бөлігінде осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 429-бабында белгіленген кірістер;
4) осы Кодекстің 681-бабының 12) тармақшасында белгіленген кірістер.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Осы тармақтың ережелері осындай жұмыскерді жалдау жəне (немесе) жұмыстан шығару жүргізілген күнтізбелік ай үшін есептелген жұмыскердің кірістеріне қолданылмайды.