4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды əкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тəртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
5. Есепке жатқызу əдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Пайдаланудың міндетті кезеңі ішінде осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, əкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тəртіппен жəне мөлшерде тауарларды əкелу кезіндегі қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады. Əкелінген тауарларды пайдаланудың міндетті кезеңі Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар əкелінген күннен басталған мерзім болып табылады:
импортталған тауарлар бойынша (ауыл шаруашылығы құстарын қоспағанда) - бес жыл;
ауыл шаруашылығы құстары бойынша - 18 ай.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген малды мəжбүрліктен сою жəне (немесе) осындай мəжбүрліктен сою нəтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мəжбүрліктен сою тəртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган бекітеді;
2) осы Кодекстің 516-бабына сəйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат жəне (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
7. Осы баптың ережелері сыйақы сепке алынбаған, лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.
510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас
1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық кезеңнің соңында өсу қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан əрі осы баптың мақсатында - салықтың асып кету сомасы) қосылған құн салығы (бұдан əрі осы баптың мақсатында - салық) бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.
Салықтың асып кету сомасы импортталатын тауарлар бойынша жəне (немесе) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық төлеу есебіне есепке жатқызылмайды.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің 10-тарауының 1-параграфына сəйкес бюджетке артық төленген салық;
2) осы Кодекстің 10-тарауының 2-параграфына сəйкес салықтың асып кету сомасы;
3) осы Кодекстің 10-тарауының 3-параграфына сəйкес өзге де негіздер бойынша салық бюджеттен қайтаруға жатады.
3. Салық төлеушінің тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша:
осы Кодекстің 496-бабының 2-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару күніне;
осы Кодекстің 439-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан салықтың асып кету сомасы есептен шығаруға жатады.
Салық төлеушінің жеке шотынан салықтың асып кетуін есептен шығару уəкілетті орган айқындаған жеке шотты жүргізу тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.
52-тарау. ЕАЭО-да ТАУАРЛАРДЫ ЭКСПОРТТАУ МЕН ИМПОРТТАУ, ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ,
ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
511-бап. Жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттар негізінде белгіленген жəне тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасында оны салықтық əкімшілендіруді реттейді.
Егер осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оны салықтық əкімшілендіру бөлігінде осы Кодекстің басқа тарауларында қамтылғаннан өзгеше нормалар белгіленсе, осы тараудың нормалары қолданылады.
Осы тарауда реттелмеген, тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оны салықтық əкімшілендіруге қатысты мəселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық жəне басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.
ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын алуды салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші ұсынған салықтық есептіліктің, сондай-ақ мемлекеттік органдардан жəне өзге де тұлғалардан алынған салық төлеушінің қызметі туралы мəліметтердің жəне (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаттары үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
2. Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша мүлікті (лизинг нысанасын) үш жылдан астам мерзімге беру, егер ол мынадай шарттардың біріне сай келсе:
1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартында айқындалса;
2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асса;
3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің бүкіл мерзімінде мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін құнның 90 пайызынан асса, лизинг деп танылады.
Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы жəне лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға тауарлар құны бөлігінің мөлшерінде берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.
Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп лизинг шартында (келісімшартында) көзделген сыйақы ескеріле отырып, тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі түсініледі.
Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған немесе олар бойынша лизинг шарты осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда, лизингтік мəмілелер лизинг деп танылмайды.
Осы тараудың мақсатында осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер лизинг шарты бойынша сыйақы деп түсініледі.
512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер
Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1) осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар;
2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар:
резидент-заңды тұлға;
егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылса, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
егер резидент-заңды тұлға мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;
сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық жəне оған теңестірілген өкілдігі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, əкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;
жеке практикамен айналысатын, нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті, медиатордың кəсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын тұлғалар;
кəсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кəсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уəкілетті орган белгілейді.
513-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау
Егер осы Кодекстің 514-бабында өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 448, 449 жəне 454-баптарына сəйкес айқындалады.
514-бап. ЕАЭО-да тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жəне салық салынатын импортты айқындау
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.
2. Кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей əкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына уақытша əкету өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
3. Егер осы Кодекстің 515-бабы 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 452-бабының 2-тармағына сəйкес айналымдар ЕАЭО-да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым болып табылады.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген (əкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 525-бабының 2-тармағына сəйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, əкелінген (əкелінетін) көлік құралдарына да қатысты қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
5. Мыналар:
1) кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей əкетілетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша əкелу;
2) бұрын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына уақытша əкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
Осы тармақтың ережелері:
1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша;
2) көрмелер мен жəрмеңкелерге тауарларды уақытша əкелу кезінде қолданылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 468-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды əкелу салық салынатын импорт болып танылады жəне осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тəртіппен жəне мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.
Уақытша əкелінген тауарлар əкелу күнінен бастап екі жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларды əкелу салық салынатын импорт болып танылады жəне мұндай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тəртіппен жəне мөлшерде қосылған құн салығы салынуға жатады.
6. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) жеке тұлғалар кəсіпкерлік қызметті мақсат етпей əкелінетін тауарларды;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан əкелінетін тауарларды импорттау кезінде алынбайды.
7. Салық төлеуші осы баптың 5-тармағы екінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында жəне 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларды əкелу (əкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға тауарларды уақытша əкелген кезде, тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама беру міндеті туындайды.
Тауарларды əкелу (əкету) туралы хабарламаның нысанын, оны салық органдарына ұсыну тəртібі мен мерзімдерін уəкілетті орган бекітеді.
515-бап. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын
1. Тауарлар өткізілетін орын осы Кодекстің 459-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке тікелей байланысты болса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалдау жəне өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерге де қатысты қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелері, жер қойнауы учаскелері, оқшауланған су объектілері жəне жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес нұқсан келтірмей көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылысжайлар, құбыржолдар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кəсіпорындар жəне ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік болып танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымалы мүлікті жəне көлік құралдарын жалға беру, олардың лизингі бойынша жəне өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз жəне əуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; теміржол немесе трамвай жылжымалы құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік өзі аударғыштар көлік құралдары болып танылады;
3) мəдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс жəне спорт саласында көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне тəжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) əзірлеу, оларды бейімдеу жəне модификациялау, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды қолдап отыру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істесе, персоналды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркəсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куəландыратын өзге де құжаттарды, сауда маркаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін жəне өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке жəне өзге де негіздерде пайдалануға беру;
шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингке жəне өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орынды растайтын құжаттар болып табылады:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасында жасалған, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
4. Егер салық төлеуші салық салу тəртібі осы бөлімде реттелетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін орындаса, көрсетсе жəне кейбір жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің басқа жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын қосалқы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 21-бөлімінде белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
516-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күн
1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарлардың тиеп- жөнелтілгенін растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нəтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы тараудың мақсаттары үшін:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелген күн мыналар болып табылады:
тауарларды əуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан əуежайға немесе портқа əкелген күн;
тауарларды халықаралық автомобиль қатынасы мен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын жəне ұсыну тəртібін уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп белгілейді. Салықтық əкімшілендіру мақсатында уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мəліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
тауарларды халықаралық жəне мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірінші өткізу пунктіне (станциясына) əкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тасымалдау кезінде - тауарларды тапсыру пунктіне əкелген күн;
тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде - Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн.
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелу күні туралы мəліметтер болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Осы тармақтың екінші - жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не сатып алуды) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте тауарлардың жеткізілгенін растайтын құжаттар болған кезде тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн деп танылады.
3. Сыйақы есепке алынбаған, лизинг шартында көзделген (төлемнің іс жүзіндегі мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу күні лизинг алушыға осы тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) əкелген кезде салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына əкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бірінші күні болып табылады.
Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.