Осы Кодекстің 511-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.
Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үздіксіз) негізде өткізілетін болса, онда:
1) шот-фактура жазып берілген күннің;
2) əрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күннің бірінші басталатын күні өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
Тұрақты (үздіксіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нəтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні пайдалана алатын жағдайда, он екі ай жəне одан астам мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын, қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын жəне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын бейрезиденттен сатып алған жағдайда жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні айналым жасалған күн болып табылады.
517-бап. Тауарларды экспорттау кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
1. Тауарларды экспорттау кезінде салық салынатын айналымның мөлшері, егер осы бапта жəне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мəміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерге сүйене отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оларды экспорттау кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының əрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде əрбір лизингтік төлемді төлеуге арналған лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.
Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақы есепке алынбаған, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.
3. Заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарларды экспорттау кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген, берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген кезде - тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) жəне тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген кезде тауарлардың бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген құны ретінде айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін тауарға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, теміржол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжат, багаж ведомосы, пошта ведомосы, багаж квитанциясы, авиа жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыржол көлігімен жəне электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар жəне акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілеспе өзге де құжаттар; шот-фактуралар, ерекшеліктер, тиеп-жөнелту жəне орау парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мəліметтерді, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын жəне Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сəйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапада жəне (немесе) жинақта болмауы себебінен қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарларды экспорттау кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шарт (келісімшарт) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) салықтық кезеңде түзетіледі.
518-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нəтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.
Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сəйкес тауарлар үшін төленуге жататын мəміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мəміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса жəне бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны жəне (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда тек сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мəміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса жəне бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны жəне (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мəміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Бағалардың ең төмен деңгейін бағалардың ең төмен деңгейін айқындау тəртібіне сəйкес бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша уəкілетті орган айқындайды.
Бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төмен деңгейін айқындау тəртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган бекітеді.
Бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталатын тауар бойынша құн бағалардың белгіленген ең төмен деңгейінен төмен мəлімделген кезде салық төлеуші көрсетілген сомалардың айырмасы ескерілген салықты осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша осы Кодекстің 530-бабында көзделген мерзімде төлеуге міндетті.
Салық органы салық төлеушінің осы тармақтың алтыншы бөлігінде белгіленген талапты сақтамағанын анықтаған кезде бағаның ең төмен деңгейі мен бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталған тауардың мəлімделген құнының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке шотты жүргізу тəртібіне сəйкес жеке шотқа есепке жазылады.
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары енгізіледі.
Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күнге енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескеріле отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны - шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасы, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың бағасы, шарттарда (келісімшарттарда) жəне тауарға ілеспе құжаттарда тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде тауарлардың бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген бағасы негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты негізінде сыйақы есепке алынбаған, осы Кодекстің 516-бабының 3-тармағында белгіленген күнге көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына əкелу күніне дейін белгіленсе, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сəйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 511-бабы 2-тармағының талаптарына сəйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемдерді лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі оның мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизингтік төлемдер мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 511-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескеріле отырып, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің (сыйақы есепке алынбаған) сомасына азайтылған тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартында (келісімшартында) көзделген сыйақы көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне қосылады.
7. Салық органдары тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші уəкілетті орган айқындаған жоғарыда көрсетілген тəртіпті жəне (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өзі дербес түзетеді.
8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
519-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 461, 462 жəне 463-баптарына сəйкес айқындалады.
520-бап. ЕАЭО-ға тауарларды экспорттау
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 49-тарауына сəйкес қосылған құн салығын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Осы баптың ережелері тауарларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нəтижесі болып табылатын, аумағында оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына əкетілетін тауарларға да қатысты қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау нəтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.
3. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына əкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
521-бап. Тауарларды экспорттауды растау
1. Мыналар тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар болып табылады:
1) өзгерістер, толықтырулар жəне оларға қосымшалар ескеріле отырып, тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан əрі - шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда - лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу жəне (немесе) оларды төлеуден босату жəне (немесе) төлеудің өзге тəсілі туралы белгісі бар, тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);
3) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттау жағдайында тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
4) авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттау жағдайында оның құны туралы растауы.
2. Осы Кодекстің 473-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын əкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатының əкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы əкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
5) тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу жəне (немесе) төлеуден босату жəне (немесе) төлеудің өзге тəсілі туралы белгісі бар (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);
6) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан əкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе - осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы əкеткен жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
7) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын əкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдері ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан əрі экспортталған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатын əкетуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы əкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
5) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Қайта өңдеу өнімдері магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы əкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттың кедендік рəсімінде əкету;
уақытша декларациялау рəсімін қолдана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде əкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация;
8) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорттың кедендік рəсімімен орналастырыла отырып əкетілген жағдайда, тауарларды берудің мəлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, əкетілген тауардың нақты саны туралы мəліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
9) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде əкету туралы хабарламасы бар, сондай-ақ тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы тармақтың 6) жəне 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
10) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
4. Қайта өңдеу өнімдері сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
522-бап. ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 468-бабына сəйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан əрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) экспорттау жағдайында - тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
2) импорттау жағдайында - тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
3) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан əрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілері;
4) шот-фактуралар.
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірінің аумағынан ЕАЭО-ға мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан əрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілерімен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
523-бап. ЕАЭО-да алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына əкету үшін əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы баптың 7-тармағында жəне осы Кодекстің 524-бабында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған кезде нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО-ға мүше сол мемлекеттің аумағына əкету үшін əкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, мыналар Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау болып табылады:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін əкелу (əкету) туралы міндеттеме);
4) қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін əкелу (əкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда).
Алыс-беріс шикізаты қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына əкетілген жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш ұсынылмайды;