5. Көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы. Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мəліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар
1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі, оған қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеушінің тұрған жерінде əкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдай;
2) техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы ақпарат уəкілетті органның интернет-ресурсында расталған жағдай жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс;
3) осы Кодекстің 88-бабына сəйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған жағдай жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 88-бабына сəйкес шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді тоқтата тұрудың күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс;
4) төтенше ахуал немесе төтенше жағдай қолданылған кезең жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше ахуал кезеңі немесе төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс. Шот-фактураны жазып берудің тəртібі мен нысанын уəкілетті орган белгілейді.
2. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура электрондық шот-фактура нысаны бойынша екі данада жазып беріледі, оның біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.
Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада шот-фактураның электрондық нысанында көзделмеген қосымша мəліметтерді көрсетуге құқылы.
3. Мынадай:
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жасалған (орындалған) мəмілелер (операциялар) бойынша;
2) осы Кодекстің 467, 521 жəне 523-баптарына сəйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мəмілелер (операциялар) бойынша;
3) осы Кодекстің 468-бабына сəйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
4) осы Кодекстің 473-бабының 3-тармағына сəйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, шот-фактурадағы құндық жəне сомалық мəндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
4. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі əрекет етсе жəне заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактуралар жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізсе, сондай-ақ, егер заңды тұлғаның атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болып əрекет етсе, онда шот-фактурада осындай құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі.
5. Қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 480-бабының 6-тармағында көзделген өзге құжатта:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша - қосылған құн салығының сомасын;
2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша - «ҚҚС-сыз» деген белгіні, өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылмаса - «ҚҚС-сыз - ҚР емес» деген белгіні көрсетеді.
6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылады.
Шот-фактура осы Кодекстің 93-бабына сəйкес тəуекелдерді басқару жүйесінің негізінде салық төлеушіге қатысты тəуекел анықталған кезде уəкілетті орган көздеген тəртіппен шот-фактура жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куəландырылады.
Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
заңды тұлғалар үшін - басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, атауы жəне ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен;
дара кəсіпкерлер үшін - тегі, аты жəне əкесінің аты жəне (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кəсіпкердің қолтаңбасымен куəландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен осыған уəкілеттік берілген жұмыскердің қолтаңбасымен куəландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көріп-танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураға қол қоюға уəкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уəкілеттік берілген адам куəландырған көшірмесін ұсыну талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, салық төлеуші жазып берген шот-фактураларды оның шешімі бойынша осындай құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғаның атауы жəне ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрімен куəландыруға құқылы.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уəкілетті өкілі осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жазып берген шот-фактура уəкілетті өкілдің атауы жəне ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрімен, сондай-ақ осындай уəкілетті өкіл басшысының жəне бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куəландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына жəне есепке алу саясатына сəйкес басшы немесе дара кəсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
7. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 494 - 498-баптарында белгіленген.
493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін жəне осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
2. Мынадай:
1) электр жəне (немесе) жылу энергиясын, суды, газды өткізген;
2) коммуналдық қызметтерді көрсеткен;
3) байланыс қызметтерін көрсеткен;
4) теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, əуе көлігімен жолаушыларды, багажды жəне жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсеткен;
5) көлік экспедициясы шарты бойынша, талаптары комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін шарт бойынша қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсеткен;
6) жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді көрсеткен;
7) кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді көрсеткен;
8) қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын жүргізген;
9) осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген;
10) осы Кодекстің 460-бабының 2-тармағы бойынша айналым жасалған күн танылған;
11) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы алынатын қызметтерді көрсеткен;
12) Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсеткен;
13) төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде төлем карточкаларымен жəне электрондық ақшамен операциялар бойынша қалыптасатын ақпаратты жинау, алмасу, өңдеу жəне тарату бойынша қызметтерді көрсеткен кезде шот-фактура айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша айналым жасалған күн тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Тауарлар экспорт кедендік рəсімімен орналастырыла отырып əкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
4. Есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша жазып беріледі.
5. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдары немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімі өткізілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Салық төлеуші айналым жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны ол жасалған күннен бұрын жазып беруге құқылы.
6. Түзетілген шот-фактура осы Кодекстің 499-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезде жазып беріледі.
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен кейін жəне осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры ұлғайту жағына қосымша шот-фактураны жазып беруді айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірмей жүргізеді.
Осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған кезде лизинг беруші қосымша шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.
8. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 208-бабының 4 жəне 5-тармақтарына жəне 491-бабының 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес шот-фактураны жазып беруді талап етумен жүгінген кезде шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
9. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бейрезиденттен сатып алынған жағдайда, электрондық нысандағы шот-фактураны бейрезидент үшін осындай айналым бойынша қосылған құн салығын бюджетке төлегеннен кейін, бірақ мұндай төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оның ішінде осы Кодекстің 122 жəне 123-баптарында айқындалған тəртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы сатып алушы жазып береді.
494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатынына не болып табылмайтынына қарамастан, экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар жəне жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде экспедитор жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым:
1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар жəне (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған жəне көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Шот-фактурада экспедитордың айналымына енгізілетін көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақы сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетіледі.
Экспедитор жазып беретін шот-фактурада:
өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.
3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 205-бабына сəйкес тасымалдаушылар жəне (немесе) осындай шарт шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.
4. Көрсетілген талаптарға сəйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
495-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін талаптарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент жəне (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатынына не болып табылмайтынына қарамастан, комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады);
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың (бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады) деректерін ескере отырып жазып береді.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналымның мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы жəне бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
2. Комитент комиссионердің атына комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін талаптарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мəртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мəртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
Комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға шот-фактураны жазып берген кезде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мəртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
3. Комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін талаптарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мəміле бойынша осындай үшінші тұлға комитент үшін жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комитенттің атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жəне (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді содан сатып алатын тұлға қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссионер комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріліп көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның (бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады);
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың (бұл жағдайда осындай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады);
комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде комиссионер жазып берген электрондық нысандағы шот-фактураның жəне бейрезидент үшін қосылған құн салығы төленгенін растайтын төлем құжатының;
тауарларды импорттау жағдайында - ЕАЭО-ның кеден заңнамасына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес ресімделген тауарларға арналған декларацияның деректерін немесе тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректерін ескере отырып жазып береді.
Комитентке жазып берілетін шот-фактурадағы комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы жəне комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бөлек жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы «ҚҚС-сыз» деген белгімен көрсетіледі.
4. Комиссионер комитентке комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактура жазып берген кезде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мəртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мəртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
5. Осы бапта көзделген жағдайларда комиссия шартының талаптарына сəйкес келетін шарт бойынша комиссионер шот-фактураны жазып берген кезде шот-фактурада сыйақы болған кезде мұндай сыйақы сомасы бөлек жолмен бөлініп көрсетіледі.
6. Көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Кодекстің 480-бабының талаптарына сəйкес жазып берілген шот-фактура комиссия шарты бойынша комитенттің немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуына негіз болып табылады.
496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері
1. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде:
1) шот-фактураны бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып жазып береді;
2) шот-фактурада айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сəйкес қатысушылардың əрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада алушыға (сатып алушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа əрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы (сатып алушы) ретінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі көрсетіледі;
2) шот-фактурада сатып алудың жалпы сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың əрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
3. Егер бірлескен қызмет шарты бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді немесе сатып алуды сенім білдірілген өкіл жүргізсе, сенім білдірілген өкілдің деректемелері шот-фактурада өнім берушінің сенім білдірілген өкілінің деректемелері немесе алушының сенім білдірілген өкілі үшін бөлініп берілген жолда көрсетіледі, ал бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың деректемелері жəне айналым сомасы немесе сатып алу сомасы осы баптың 1 жəне 2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
4. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператор тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.
497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Адвокаттық кеңсені өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат заң көмегін көрсеткен кезде осындай адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша шот-фактураны адвокаттық кеңсе:
1) сенім білдірілген өкіл үшін бөлініп берілген жолда - өз деректемелерін;
2) өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда - заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша заң көмегін көрсеткен əрбір адвокаттың деректемелерін көрсете отырып, өз атынан жазып береді.
2. Осы бапқа сəйкес жазып берілетін шот-фактурада:
1) айналымның жалпы сомасы;
2) заң көмегін көрсету туралы шарт шеңберінде заң көмегін көрсеткен əрбір адвокатқа тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сəйкес жазып беріледі.
2. Тапсырма шартына сəйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактура жазып беруді сенім білдірушінің деректемелерін көрсете отырып, сенім білдірілген өкіл, ал осы Кодекстің 455-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, осы бөлімде айқындалған тəртіппен сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.
3. Салық төлеуші жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімдерін өткізу бойынша күнтізбелік жыл ішіндегі барлық айналымға айналым жасалған күннен бұрын шот-фактураны жазып берген жағдайда, шот-фактурада өткізу бойынша айналымның мөлшері жəне осындай күнтізбелік жылға кіретін əрбір салықтық кезеңге тура келетін қосылған құн салығының тиісті сомасы бөлек көрсетіледі.
499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру
1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні жəне (немесе) алушыны ауыстыруға алып келмейтін қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.
Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады, қосымша шот-фактуралар болған кезде олардың да күші жойылады.
Күші жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазып беріледі.
2. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сəйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 492-бабының 6-тармағына сəйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен жəне мөрімен растауы;