2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі жəне оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған жəне:
заңды тұлғалар үшін - егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған жəне ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген;
дара кəсіпкерлер үшін - мөрі болған кезде, тегі, аты жəне əкесінің аты жəне (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы:
1) егер осындай түзетілген шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса - осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі;
2) егер түзетілген шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса - түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сондай шот-фактураны жазып беруді қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге осындай түзетілген шот-фактураны кері қайтарып алуды талап ете отырып жүгінуге құқылы.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 500-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
5. Қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры түзетілген шот-фактураны жазып беруді жүргізбейді.
500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру
1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші:
1) осы Кодекстің 464-бабына сəйкес айналым мөлшері түзетілген;
2) осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді.
2. Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сəйкес келуге;
2) мына ақпаратты:
шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабын сақтамау» деген белгіні қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 492-бабының 6-тармағына сəйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен жəне мөрімен растауының;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі жəне оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған жəне:
заңды тұлғалар үшін - егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған жəне ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген;
дара кəсіпкерлер үшін - мөрі болған кезде, тегі, аты жəне əкесінің аты жəне (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша:
1) егер осындай қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса - осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі;
2) егер қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса - қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураның жазып берілуін қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге осындай қосымша шот-фактураны кері қайтарып алу талабымен жүгінуге құқылы.
501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу
1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып берілуін жарамсыз деп тану мақсатында жүргізіледі. Шот-фактураны кері қайтарып алуды шот-фактураны жазып берген салық төлеуші жүргізеді.
2. Электрондық нысанда жазып берілген, кері қайтарып алынған шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы:
1) егер осындай шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса - осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды растауға немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура кері қайтарып алынған болып есептеледі;
2) егер шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса - шот-фактураны кері қайтарып алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактураны кері қайтарып алуды тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы бұрын жазып берілген шот-фактураны қалпына келтіруді талап ете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.
51-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ
502-бап. Қосылған құн салығын есептеу
1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай тəртіппен есептеледі:
салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 488 жəне 489-баптарына сəйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 490-бабына сəйкес айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы.
2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай тəртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 503-бабының 1, 2 жəне 3-тармақтарында белгіленген мөлшерлемені жəне осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 464 жəне 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған жəне (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту
қосу
осы Кодекстің 503-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемені жəне осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген, осы Кодекстің 464 жəне 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған жəне (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нəтижесі:
1) оң мəнге ие болса, мұндай нəтиже осы Кодексте айқындалған тəртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс мəнге ие болса, мұндай нəтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.
503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызды құрайды жəне салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.
2. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 пайызды құрайды жəне:
1) мыналарды:
осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында жəне осы Кодекстің 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген тауарларды қоспағанда, дəрілік заттарды;
Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес медициналық бұйымдарды, жиынтықтауыш медициналық бұйымдарды, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша салық салынатын айналымның жəне импорттың мөлшеріне қолданылады.
Дəрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
2) медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес медициналық, оның ішінде кешенді түрде көрсетілетін қызметтерді өткізуі бойынша салық салынатын айналымның мөлшеріне қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында көзделген медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды жəне отандық мерзімді баспасөз басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшеріне қолданылады.
4. Осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы Кодекстің 47-тарауына сəйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналымға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің бірыңғай мөлшерлемелерін төлеу мөлшерлері мен тəртібі ЕАЭО-ның кеден заңнамасында жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 461-бабының 4-тармағына сəйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі құралдар, материалдық емес жəне биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемесі қолданылады.
504-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.
505-бап. Салық декларациясы
1. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны əрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін жəне есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынады.
2. Қосылған құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 103-бабында көзделген тəртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде;
осы Кодекстің 7-тарауында көзделген тəртіппен тарату кезінде қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті.
506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері
Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей - əрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде - импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей - осы Кодекстің 103-бабына сəйкес қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы төленуге жатады.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін ұсынылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау мен ұсыну бойынша салықтық міндеттемені мынадай тəсілдердің бірімен:
жай серіктестікке қатысушының əрқайсысына келетін қосылған құн салығының үлесі бөлігінде аталған қатысушы;
өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салықтық міндеттемені орындауға уəкілетті болса, оператор жиынтықтап орындауға тиіс.
2. Жай серіктестікке (консорциумға) əрбір қатысушы қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау мен ұсыну бойынша салықтық міндеттемені орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 496-бабының талаптарына сəйкес жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімдерін жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының əрқайсысы ұсынады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған жəне төленген (есепке жатқызылғандары жəне қайтарылғандары ескеріле отырып) сомасы жай серіктестікке қатысушының əрқайсысының үлесіне келетін бөлігінде аталған тұлғаның жеке шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып кету сомасы декларацияны ұсынған жай серіктестікке (консорциумға) қатысушыға қайтарылады;
салықтық əкімшілендіру тəртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны жəне салықтық тексеру актісін табыс ету осы Кодексте айқындалған тəртіппен жай серіктестікке (консорциумға) əрбір қатысушыға қатысты қолданылады.
3. Қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау мен ұсыну бойынша салықтық міндеттемені оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтықтап орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактураларды осы Кодекстің 50-тарауының талаптарына сəйкес жалпыға бірдей белгіленген тəртіппен оператордың деректемелерін көрсете отырып, жазып береді;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімдерін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтықтап ұсынады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған жəне төленген (есепке жатқызылғандары жəне қайтарылғандары ескеріле отырып) сомасы оператордың жеке шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып кету сомасы операторға қайтарылады;
салықтық əкімшілендіру тəртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны жəне салықтық тексеру актісін табыстау осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тəртіпке сəйкес операторға қатысты қолданылады жəне бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестікке (консорциумға) əрбір қатысушыға табыс етілді деп есептеледі.
4. Осы бапқа сəйкес қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау мен ұсыну бойынша салықтық міндеттемені орындаудың таңдап алынған тəсілі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге жəне өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі өткенге дейін өзгеріссіз қалуға тиіс.
508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу əдісімен төлеу
1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рəсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теңіз кемелері;
6) теміржол локомотивтері мен вагондар;
7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;
8) асыл тұқымды мал жəне қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
9) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тəртіппен есепке жатқызу əдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін жəне оны қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу əдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші əкелетін:
1) одан əрі өткізуге немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне уəкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Есепке жатқызу əдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Пайдаланудың міндетті кезеңі ішінде осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы ЕАЭО кеден заңнамасында жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тəртіппен жəне мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады. Импортталған тауарларды пайдаланудың міндетті кезеңі Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен басталған мерзім болып табылады:
импортталған тауарлар бойынша (ауыл шаруашылығы құстарын қоспағанда) - бес жыл;
ауыл шаруашылығы құстары бойынша - 18 ай.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағының 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген малды мəжбүрліктен сою жəне (немесе) осындай мəжбүрліктен сою нəтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мəжбүрліктен сою тəртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган бекітеді;
2) тауарларды кері экспорттаудың кедендік рəсіміне орналастыру шарттары сақталған кезде бұрын əкелінген тауарларды кері экспорттаудың кедендік рəсіміне сəйкес əкету;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат жəне (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
4. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап пайдаланудың міндетті кезеңі өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.
Осы тармақтың ережелері импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген, өз өндірістік мұқтажы үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда əкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.
5. Қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесі қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген, өз өндірістік мұқтажы үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда əкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.
509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу əдісімен төлеу
1. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теңіз кемелері;
6) теміржол локомотивтері мен вагондар;
7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;
8) асыл тұқымды мал жəне қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
9) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тəртіппен есепке жатқызу əдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін жəне оны қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу əдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші əкелетін:
1) одан əрі өткізуге немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне уəкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:
1) осы Кодекстің 530-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) тауарды ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші қосымша позициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері жəне басқа да құжаттар ұсынылады.