қосу
осы Кодекстің 484-бабының 3-тармағында жəне 485-бабының 2-тармағында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы.
2. Осы бапқа сəйкес айқындалған, түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мəнге ие болуы мүмкін.
487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау əдістері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай əдістердің бірімен:
пропорционалды əдіспен;
салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындайды.
2. Есепке жатқызудың пропорционалды əдісін пайдаланатын мынадай тұлғалар бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындауға құқылы:
1) кепіл мүлкін (тауарларды) алуға жəне өткізуге байланысты айналымдар бойынша - банк ұйымдары жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда);
487-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) мыналарды:
бас банктен күмəнді жəне үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нəтижесінде алынған кепіл мүлкін (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нəтижесінде бас банктің меншігіне өткен жəне банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге жəне (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша - бас банктің күмəнді жəне үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы;
3) мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша - лизинг беруші. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналымның мақсаттары үшін жұмсалған шығындар ретінде қаралады;
4) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке жəне заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша - ислам банкі;
5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке жəне заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша - қосылған құн салығын төлеуші;
6) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сəйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензиясы бар дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды қалған қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 474-бабының 10) тармақшасына сəйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым жəне салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі;
487-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
7) мыналарды:
банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша осындай банктен алынған кепіл мүлкін (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нəтижесінде банктің меншігіне өткен жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым осындай банктен сатып алынған күмəнді жəне үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иелік етуге жəне (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша - есепке жатқызудың пропорционалды əдісін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым.
3. Объектілер салуды жүзеге асыратын тұлға өткізуге арналған құрылыс объектілері бойынша əрбір құрылыс объектісін салу процесінде пайдаланылатын жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомаларын бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
Өзге айналым бойынша мұндай тұлға осы Кодекстің 488-бабына сəйкес пропорционалды əдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.
488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды əдіспен айқындау тəртібі
1. Пропорционалды əдіс бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс/ А жал, мұнда:
ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
А сс - салық салынатын айналымның сомасы;
А жал - салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.
Бұл ретте осы Кодекстің 487-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс жəне А жал мəндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 489-бабына сəйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдарды есепке алмайды.
Салықтық кезеңде өткізу бойынша айналым болмаған кезде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде айқындалады.
2. Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСере = ҚҚСеж - ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСере - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСер - осы баптың 1-тармағына сəйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін.
Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мəні осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады.
489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тəртібі
1. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізеді.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, бөлек есепке алуды жүргізу кезінде:
1) есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;
2) есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;
3) бір мезгілде салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген жəне есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСере = ҚҚСеж - ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - бір мезгілде салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
А сс - салық салынатын айналымның салықтық кезеңдегі сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 487-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс-ны осы бапқа сəйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ретінде айқындайды;
А жал - салық салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын, айналымның жалпы сомасы;
ҚҚСере - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін.
Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады.
3. Осы Кодекстің 476-бабының 1-тармағына сəйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісі өткізілген жағдайда, осы объектіні салу процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы бапқа сəйкес айқындалады жəне аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылатын салықтық кезеңде:
1) осы Кодекстің 476-бабына сəйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде - көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күніне қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 476-бабына сəйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде - аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бөлігіне тура келетін қосылған құн салығының мөлшерінде есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
ҚҚС ақер = ҚҚСже х Sақб / Sақ, мұнда:
ҚҚС ақер - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілген бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;
ҚҚСже - құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 482-бабының 4-тармағына сəйкес өткізу күніне жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы;
Sақб - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын өткізілетін аяқталмаған құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңы;
Sақ - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.
4. Қосылған құн салығынан босатылатын жəне қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күніне тура келетін салықтық кезеңде осындай тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуға пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:
ҚҚСер = (ҚҚСеж - ҚҚСақер) х Sтеү / Sтғ, мұнда:
ҚҚСер - өткізу бойынша айналымы осы Кодекстің 476-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығы салынуға жататын тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бөлігі) бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСеж - қосылған құн салығынан босатылатын, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуға пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасына сəйкес тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күніне айқындалады;
ҚҚСақер - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда жəне тəртіппен айқындалады;
Sтеү - тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) жалпы алаңы.
Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСере = ҚҚСеж - ҚҚСақер - ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСере - осы Кодекстің 476-бабының 1-тармағына сəйкес өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бөлігі) бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.
490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы
1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нəтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша - шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өндірушілер;
2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру немесе кəсіпшілік балық аулау өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нəтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша - заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады:
етті қайта өңдеу мен консервілеу жəне ет өнімін өндіру;
балықты, шаян тəрізділер мен моллюскаларды қайта өңдеу жəне консервілеу;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу жəне консервілеу;
өсімдіктер мен жануарлардың майларын жəне тоңмайларды өндіру;
сүтті қайта өңдеу жəне ірімшік өндіру;
ұн-жарма өнімдерін өндіру;
крахмал мен крахмалдан жасалған өнімдерді өндіру;
нан, тоқаш өнімдерін, құймақ өндіру;
қант өндіру;
салық төлеуші агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье жəне ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;
балалар тағамын жəне диеталық тамақ өнімдерін өндіру;
ашытқы өндіру;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру;
былғарыны илеу жəне өңдеу, теріні өңдеу жəне бояу, тоқыма талшықтарын дайындау жəне иіру, жүн талшығын дайындау, жүн талшығын иіру;
3) мыналар:
өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өткізу;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін қайта өңдеу нəтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған жəне (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу;
агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне уəкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері.
Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды жəне оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сəйкес жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:
осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет жəне өзге қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды;
осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте жəне өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.
Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте жəне өзге қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген жəне есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСер 2 = ҚҚСеж - ҚҚСер 1, мұнда:
ҚҚСер 1 - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте жəне өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін;
А сс - осы бапқа сəйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы;
А жал - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет жəне өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы;
ҚҚСер 2 - өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мəнге ие болуы мүмкін.
Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 488 жəне 489-баптары ескеріле отырып айқындалады.
Өзге айналым бойынша қосылған құн салығын осындай төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 488-бабына сəйкес пропорционалды əдіспен айқындауға құқылы.
3. Егер тұлға шетелдік адам, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.
4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ҚҚСеқ = (ҚҚСсс - ҚҚСер - ҚҚСак) х 80%, мұнда:
ҚҚСеқ - есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;
ҚҚСсс - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 488 жəне 489-баптарына сəйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады;
ҚҚСак - есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы.
Алынған нөлдік немесе теріс мəн салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды.
50-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ШОТ-ФАКТУРА ЖАЗЫП БЕРУІ
491-бап. Жалпы ережелер
1. Қосылған құн салығын төлеушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті.
Осы тармақтың ережелері дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу кезінде қолданылмайды.
2. Осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп-айырысулары:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша мұндай чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сəйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе əуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) дара кəсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;
6) осы Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары, сондай-ақ жеке тұлғаларға өткізілетін, қосылған құн салығы салынатын қызметтер іске асырылған жағдайларда талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайда қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 208-бабының 1-тармағының 8) - 10) тармақшаларында көзделген тауарларды:
1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кəсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес микрокəсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
4. Мынадай:
осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында;
осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.
Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мəліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кəсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.