«9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі - клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;»;
13-тармақтың 1) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бөлінбейтін жүк - тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк;»;
23-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-3) және 23-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-3) сертификаттау орталығы - 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келісімі (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
23-4) спутниктік навигация аппаратурасы - көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;»;
25-1), 25-2) және 25-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға қолжетімділік беретін бағдарламалық өнім;
25-2) таксимен тасымалдаушы - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
25-3) таксометр - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;»;
мынадай мазмұндағы 25-4) тармақшамен толықтырылсын:
«25-4) тахограф - жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін тіркейтін механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;»;
2) 7-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жүргізушінің орнынан басқа, он алтыдан көп отыратын орындары бар автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.»;
3) 8-бапта:
3-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай:
1) қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) - әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді облыстық маңызы бар қалалармен жалғастыратын, бір облыс шегіндегі тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық - әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипатына қарай тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.»;
13-тармақтың 4) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 11-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақ және габарит өлшемдерін асыра отырып, автокөлік құралының жүріп өтуі;
2) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде болуға тиіс, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы;
3) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол жүру маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау;
6) осы Заңның 44-бабында белгіленген талаптарды тексеру;
7) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау;
8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеудің болмауы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіздер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген автокөлік құралын тоқтатуға негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам болған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады.
5. Уәкілетті органның лауазымды адамына осы баптың 4-тармағында көзделмеген негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
6. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы жүріп өту тәртібі Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
5) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «сұратуға құқығы бар.» деген сөздер «сұратуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.»;
13-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 16-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3 - 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау
Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттауды сертификаттау орталығы Қазақстан Республикасы халықаралық шартының ережелеріне сәйкес Еуропалық комиссияның бас сертификаттау орталығының цифрлық сертификатын қолдана отырып жүзеге асырады.»;
8) 19-баптың 2-1-тармағындағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздер «жергілікті атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-7-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2) (лицензияның болуын бақылау бөлігінде), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган да жүзеге асырады.»;
10) 19-10-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Отандық автокөлік құралдары рұқсат беру құжаттары бланкілерімен алмасу жүргізілген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы ұсынылған өтінімдер негізінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат беру құжаттарын ала алады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
13-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 19-11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган белгілеген, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттері және (немесе) массасы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша асып түсетін, жүксіз немесе бөлінбейтін жүгі не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүгі бар отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрі - арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.»;
12) 22-баптың 2-тармағының 5-1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға нақты уақыт режимінде ақпарат беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауға;
6) жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін маршруттың аялдама пункттерінде өздері не автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы сатуды, оның ішінде оларды Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, электронды сатуды қамтамасыз етуге;»;
13) 26-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) ақпараттық-диспетчерлік қызметінің болуына немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға;
2-2) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген, оның ішінде таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы жасалған автокөлік құралын экипажымен қоса жалға алу шарты бойынша таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады және таксимен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде таксимен тасымалдаушы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 8) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда, өз қызметтерін көрсетеді.
Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.»;
5-тармақтағы «Облыстардың» деген сөз «Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 37-баптың 6-тармағындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттері және (немесе) массасы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша асып түсетін жүгі бар отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне жол берілмейді.»;
13-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 38-1-бап алып тасталсын;
17) 4-тарау мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
«41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу
Тасымалдаушының уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеуге құқығы бар.»;
18) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасы облысының шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
19) 45-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында межелі пунктпен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырған кезде сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып өткізіледі.
Сәйкестендіру құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
14. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кеме - шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылғы, оның ішінде «өзен-теңізде» жүзетін кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбін тереңдетуші және су түбін тазартушы снарядтар, жүзбелі кран және осы сияқты басқа да техникалық құрылғылар);»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-31) және 26-32) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-31) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту;
26-32) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;»;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Уәкілетті орган кәсіпорындарының кемелерін қоспағанда, тиесілілігіне және қай ұлтқа жататындығына қарамастан, кемелердің навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталмаған (навигация ашылғанға дейін және жабылғаннан кейін) кеме қатынасы су жолдарымен жүзуіне тыйым салынады.
Кемелердің навигациялық кезеңнің аяқталуына байланысты навигациялық жағдай құралдары алып тасталған ішкі су жолдарының жекелеген учаскелері бойымен тұру орнына дейін бір жолғы жүзіп өтуіне аумақтық бөлімшемен және уәкілетті органның кәсіпорнымен келісу бойынша жол беріледі.»;
«5-2. Кеме қатынасы шлюздерінде шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және шлюздерде төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының болуы міндетті.
Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
4) 17-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) қайта жабдықтау салдарынан кеменің техникалық деректері өзгерген жағдайда шағын көлемді кемелерді қайта тіркеуді жүргізу;»;
5) 17-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеруді жүргізуі»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру кеменің (оның ішінде шағын көлемді кеменің) (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Ішкі суларда жүзетін кемелерді және шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру - навигацияаралық кезеңнен кейін, ал «өзен-теңізде» жүзетін кемелерді теңізде пайдаланғаннан кейін олар ішкі су жолдарына кірген кезде жүргізіледі.
Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) бақылау мақсатында қарап-тексеру навигация кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кезінде:
1) кеме билеті;
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік;
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі;
12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады.
5. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі аумақтық бөлімшеде сақталады.»;
6) 23-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Ішкі су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар:
1) кеме билеті;»;
7) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «сәйкестігін жоғалтқан кеме шығарылуға тиіс.» деген сөздер «сәйкес келмей қалған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиіс.».
15. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-35) және 70-36) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-35) жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
70-36) жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;»;
2) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 5-4) және 5-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-4) электр энергиясын беру және онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;