9. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
64-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Түркістан облысының Түркістан қаласында кезең-кезеңімен жобалануы және салынуы көзделетін объектілер мен кешендер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша сараптамалық қолдау режимінде жүзеге асырылуы мүмкін. Объектілерге сараптамалық қолдауды жүзеге асыру тәртібі қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қазіргі барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады.».
10. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жол бойындағы сервис объектілері - жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүрісіне қатысушыларға жүру жолында қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылысжайлар (мотельдер, қонақүйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызметтер көрсету объектілері);»;
20) тармақша алып тасталсын;
2) 5-2-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«патрульдік полицияның;»;
3) 7-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту» деген сөздер «автомобиль жолдарын салу және күтіп-ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
3-тармақтағы «жол сервисі», «бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар», «Жол сервисі» деген сөздер тиісінше «жол бойындағы сервис», «жол бойындағы белдеуінде ғимараттар мен құрылысжайлар», «Жол бойындағы сервис» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жол сервисі», «келісе отырып,» деген сөздер тиісінше «Жол бойындағы сервис», «келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 2-тармағының 27) тармақшасындағы «жолдарындағы жол сервисі» деген сөздер «жолдарында жол бойындағы сервис» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-11) тармақшамен толықтырылсын:
«6-11) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін ұйымдастыру және дамыту;»;
7) 29-баптың 3-тармағындағы «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар», «қозғалысты», «жол сервисі» деген сөздер тиісінше «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын», «жол жүруді», «жол бойындағы сервис» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 30-бапта:
6-1) тармақшадағы «жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар», «қозғалысты», «жол сервисі» деген сөздер тиісінше «халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын», «жол жүруді», «жол бойындағы сервис» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамыту;».
11. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авария - теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе пошта жөнелтілімдерін алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
1-2) апат - теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін теміржолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де теміржол көлік құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам;»;
32-1) және 32-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1) қауіпсіздік сертификаты - тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
32-2) қауіпсіздікті басқару жүйесі - операцияларды жоспарлау, дайындау және орындау, мониторинг, бақылау, талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру тәуекелдерін азайтуға бағытталған, тасымалдаушыны басқарудың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасаушы құрауыштарының жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 32-3), 43-4) және 43-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-3) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті - қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың және бағалаудың жүйелі процесі;»;
«43-4) оқиға - теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, бірақ авария мен апат салдары жоқ жағдайлары;
43-5) оқыс оқиға - теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары;»;
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«54) тасымалдау процесіне қатысушы - тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар иесі;»;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау
Жылжымалы құрам және жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен міндетті мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) жатады.
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен жылжымалы құрам Мемлекеттік жылжымалы құрам тізіліміне енгізуге жатады. Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 14-баптың 2-тармағында:
19), 24), 27) және 34-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«19) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;»;
«24) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;»;
«27) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;»;
«34-15) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 34-32), 34-33), 34-34), 34-35), 34-36), 34-37), 34-38) және 34-39) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-32) қауіпсіздік сертификатын беру;
34-33) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-34) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
34-35) қауіпсіздік сертификатының нысанын бекіту;
34-36) кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту;
34-37) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;
34-38) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
34-39) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;»;
4) 30-бапта:
2-1-тармақта:
екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей жазбаша нысанда беріледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
3-тармақтағы «құрылыстарды», «болуы ықтимал авариялар» деген сөздер тиісінше «құрылысжайларды», «теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге» деген сөздер «құрылысжайлардың иелері тасымалдау процесіне қатысушыларға және мемлекеттік көлік бақылау органдарына жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін авариялық жағдайлардың туындауы туралы дер кезінде хабар беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 32-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тасымалдаушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес әзірлеуге және енгізуге міндетті.
Уәкілетті орган тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудитті тасымалдаушының өтініші бойынша теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібі мен мерзімдері теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалады.»;
6) 88-4-бапта:
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгіленген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;»;
7) мынадай мазмұндағы 10-2-тараумен толықтырылсын:
«10-2-тарау. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру
88-7-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексерудің жалпы ережелері
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарға апаттар, авариялар, оқиғалар және оқыс оқиғалар жатады.
2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықты болашақта болғызбау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.
Оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді.
4. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді апаттар, авариялар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.
6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімділікпен оқудан өтеді.
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы беруге міндетті.
8. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен тәуелсіз жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде, тергеп-тексеру жүргізу кезінде апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
88-8-бап. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері
1. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) апат және авария болған жерге, жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және апаттың және аварияның туындауына себепші болған немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) жылжымалы құрамдағы объективті бақылау аспаптарының немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдардың жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және апатқа және аварияға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, апаттың және аварияның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың апатты және аварияны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) жылжымалы құрамның меншік иесімен келісу бойынша апат және авария болған жерге жүру жолындағы жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.
2. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.».
12. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авариялық жағдай - кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) авариялық жарна - жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшін жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесін төлеуді қамтамасыз ету ретінде алушы оған жүкті берген кезде енгізуге міндетті болатын ақша сомасы;»;
58-1) тармақшадағы «жөнелтілімдері мен жүктерді теңізде тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін және Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста теңізде тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін және уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану
Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) нақты қарарларын және ұсынымдарын қолдану жөнінде сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.»;
3) 4-баптың 3-тармағында:
2-2) тармақша алып тасталсын;
12-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту;»;
12-тармақтың 3) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
55-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-6) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту;»;
55-15) тармақша «халықаралық» деген сөздің алдынан «теңіз порттарын, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 55-39), 55-40), 55-41), 55-42) және 55-43) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-39) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекіту;
55-40) басқа мемлекеттердің аумағында кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;
55-41) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту;
55-42) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту;
55-43) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын бекіту;»;
4) 4-1, 5 және 5-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы
1. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының мәртебесін уәкілетті орган халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кемелері (танкерлер, құрғақ жүк кемелері, паромдар, контейнер тасушылар) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда береді.
2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы:
1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, стратегиялық, гуманитарлық және арнайы жүктерді теңіз арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетеді;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде құтқару операцияларына және кемелерден мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға шарттық негізде қатысады;
3) қазақстандық сауда флотын дамыту жөнінде шаралар қолданады;
4) ұлттық теңіз көлігі мамандарын даярлауға қатысады;
5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.