14) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін тергеп-тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдеседі, оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
15) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, жете тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады;
16) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметті және көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруді жүзеге асырады;
17) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшуға және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
18) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) авиация персоналына жатқызылатын адамдардың осы Заңға сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
20) авиация персоналының кәсіптік даярлығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды азаматтық авиация ұйымдарының қамтамасыз етуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
21) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) объектілерінің, қону алаңдарының күтіп-ұсталуын және әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
22) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
23) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарумен және авариялық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
24) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келу мониторингін жүзеге асырады;
25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауға жәрдем көрсетеді;
26) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар береді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
27) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетігін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін әзірлейді, енгізеді, зерделейді және ұстап-тұрады;
28) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпарат таратуға қатысады;
29) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты жинауды және талдауды, сондай-ақ осындай ақпаратты жасауды және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізуді жүзеге асырады. Талдау ақпарат көздерін ашып көрсетуді талап етпейді;
30) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындайды;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
16-10-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджеті азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар есебінен қалыптастырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына бюджеттің ашықтығын, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында қаржылық есептілікті, сондай-ақ сомасы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асып түсетін шығыстардың баптары туралы өзекті және егжей-тегжейлі ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
16-11-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды іске асыру мақсатында азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аударады.
2. Бөлу нормативін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес белгілейтін таза кірістің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің билігінде қалған бөлігі осы аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарының көзі болып табылады.
3. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі мен олардың нормативін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
16-12-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші болып табылады.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші өз қызметінің негізгі мақсатын аэронавигациялық қызметтер көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асыру арқылы іске асырады.»;
16-тармақтың 21) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
21) 21-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган», «дәйектілігін, нақтылығын» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «анықтығын, дәлдігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 28-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қолдану шарттары мен тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.»;
23) 31-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшуының тұрақты схемаларын (маршруттарын) белгілеуді қоса алғанда, олардың үстінен ұшуды келісу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
16-тармақтың 24) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
24) 35-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 25) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
25) 35-1-бапта:
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «әкімшілік іс жүргізуді қозғайды» деген сөздер «шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
26) 35-2-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «уәкілетті органды», «уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйымды», «уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 27) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
27) 38-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «талаптарға», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «талаптарына», «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
28) 39-баптың 4-тармағындағы «уәкілетті органға», «хабарлауға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйымды», «хабардар етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 29) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
29) 43-баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарындағы «жаңа үлгідегі», «уәкілетті орган», «үлгі», «үлгісінің», «осы үлгісі», «уәкілетті органның», «Үлгіні сертификаттау және сертификат беру», «кеңістігін» деген сөздер тиісінше «жаңа типтегі», «уәкілетті ұйым», «тип», «типінің», «осы типі», «уәкілетті ұйымның», «Сертификаттау және тип сертификатын беру», «кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 30) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
30) 44-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үлгі конструкциясы», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «типтік конструкциясы», «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 31) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
31) 45-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын» деген сөздер «және оларға құқықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 3) тармақшасындағы және үшінші бөліктегі «әуе кемесі типінің сертификатын», «уәкілетті орган», «кемесінің мемлекеттік тіркелгені» деген сөздер тиісінше «әуе кемесінің тип сертификатын», «уәкілетті ұйым», «кемесін мемлекеттік тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану мақсатында меншік құқығын иеленген кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда есепке алуға жатады.
Есепке алуға жататын пилотсыз ұшу аппараттарының санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану мақсатында иеленетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою туралы өтініш береді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік тізілімде тіркелген азаматтық әуе кемелері және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұратын ұшу аппараттары туралы мәліметтер мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;
16-тармақтың 32) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
32) 46-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 33) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
33) 47-бапта:
2-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктердегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 және 12-тармақтардағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 34) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
34) 48-бапта:
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган», «уәкілетті органның келісуі» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйыммен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 35) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
35) 51-бапта:
1-1-тармақтағы «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес» деген сөздер «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2-тармақта:
екінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсаты бойынша мынадай (шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды қоспағанда): саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін - бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін - тұрақты және тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын пропорцияда және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға Қазақстан Республикасы пайдаланушысына мынадай:
1) көрсетілген жалға алу мерзімі басталған кезге Қазақстан Республикасының пайдаланушысы әуе тасымалдаушысы қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған;
2) жүк таситын әуе кемесін пайдаланушыны артықшылықпен иелену және нақты бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматтарына тиесілі болған;
3) Қазақстан Республикасының пайдаланушысы шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды бұрын жүзеге асырмаған;
4) жалға алынатын әуе кемесін жалпы пайдалану мерзімі отыз жылдан аспаған шарттар сақталған жағдайда, әуе кемесін экипажымен қоса жалға алу туралы шарт жасасқан кезден бастап үш жыл бойына рұқсат етіледі.»;
төртінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 36) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
36) 54-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі, алтыншы және сегізінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган», «уәкілетті органнан» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйымнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган», «деңгейде ұстауға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «деңгейін ұстап тұруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі, бесінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «уәкілетті органмен», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйыммен», «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацындағы «талаптарының бұзылуы», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «талаптарын бұзушылықтар», «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөліктің бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалардағы «әкімшілік іс жүргізуді қозғайды», «әкімшілік іс жүргізуді қайтадан қозғайды» деген сөздер тиісінше «шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді», «шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайта береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалардағы «әкімшілік іс жүргізуді қозғайды», «әкімшілік іс жүргізуді қайтадан қозғайды» деген сөздер тиісінше «шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді», «шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайтадан береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақтың бірінші абзацындағы және 6-2-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 37) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
37) 55-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 58-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
16-тармақтың 39) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
39) 60-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктердегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 40) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
40) 61-бапта:
2 және 3-тармақтардағы «уәкілетті орган», «Әуе», «уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «Азаматтық әуе», «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 41) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
41) 64-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 42) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
42) 66-бапта:
2-тармақтағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «пайдаланушы», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «пайдаланушы тоқтата тұру негіздері бойынша», «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «уәкілетті органмен келісім» деген сөздер «уәкілетті ұйыммен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 43) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
43) 67-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «уәкілетті органға», «уәкілетті органда» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйымға», «уәкілетті ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 68-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе кемелерінің ұшуы мен қонуын, оларды күтіп алу мен ұшуға шығаруды және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету:»;
16-тармақтың 45) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
45) 71-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «уәкілетті органмен» деген сөздер «уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 74-баптың 4-1-тармағы «капиталындағы» деген сөзден кейін «тікелей және (немесе) жанама» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 79-бапта:
16-тармақтың 47) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 47) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша тұрақты тасымалдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын тасымалдар, сондай-ақ басымдығы бар халықаралық авиамаршруттарға жатқызылатын тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жатады.»;
48) 81-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 89-баптың жетінші абзацындағы «бұйымдарын» деген сөз «өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 50) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
50) 90-бапта:
6-тармақтағы «азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарға» деген сөздер «мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар» деген сөздер «мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 51) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
51) 91-баптың 2-тармағындағы «объектілерге таңба салудың», «азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарға» деген сөздер тиісінше «объектілерді таңбалаудың», «мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 93-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді комиссия мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес жүргізеді.»;
16-тармақтың 53) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
53) 105-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы лауазымдық өкілеттіктер берілетін орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындалатын адамды келісуден бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.»;
4-1 және 10-тармақтардағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;