5-5) электр энергиясын беру және онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;»;
3) 5-2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары электр энергиясын беру және онымен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру, беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.».
16. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
16-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшы мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері;
16-3) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;»;
20), 21), 22) және 31) тармақшалардағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-1) инспекторлық нұсқама - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін берген жеке сипаттағы акт;»;
65-1) тармақшадағы «уәкілетті органның мемлекеттік авиациялық инспекторларына» деген сөздер «уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту:
1) стратегиялық және ұзақ мерзімді міндеттердің операциялық және қысқа мерзімді міндеттерден басым болу қағидатына;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында адами капиталды есепке алу, зерттеу, дамыту және сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы жүйелі тәуекелдерді анықтау, талдау және барынша азайту жөнінде шаралар қолдану процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қамтамасыз етеді.»;
16-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 10-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы және 3) тармақшадағы «авиацияның қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган», «нысанында жүзеге асырады» деген сөздер тиісінше «авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау», «нысандарында жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын техникалық бақылау мен қадағалауды (бұдан әрі - бақылау мен қадағалау) жүзеге асырады.»;
5-тармақтағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексерулері мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша қорытынды құжаттар (актілер, инспекторлық нұсқамалар) жасалуы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ықпал ету шаралары қолданылуы» деген сөздер «Тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындысы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері қорытынды құжаттар (актілер, инспекторлық нұсқамалар) жасауы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 10-1-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 10-2-баптың 16) тармақшасындағы «қауіпсіздік шаралары жатады.» деген сөздер «қауіпсіздік шаралары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) азаматтық авиация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады.»;
16-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) 11-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы (бұдан әрі - авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «Авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік авиация инспекторының объектілерге кіруіне және (немесе) тексеру жүргізу үшін қажетті», «мемлекеттік авиация инспекторы» деген сөздер тиісінше «авиация инспекторының тексеру жүргізу үшін қажетті объектілерге және (немесе)», «авиация инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік авиация инспекторы» деген сөздер «авиация инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) 12-бапта:
тақырыптағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
1-тармақтағы «Мемлекеттік бақылау», «қызметі туралы», «мемлекеттік авиация инспекторлары», «мемлекеттік авиация инспекторы» деген сөздер тиісінше «Бақылау», «қызметі саласындағы», «авиация инспекторлары», «авиация инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
16-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 12-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен және авиация қызметімен байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің қызметіндегі негізгі басымдық және міндеттеме болып табылады.»;
16-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-2) және 60-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«60-2) осы Заңда айқындалатын тәртіппен субсидиялауға жататын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттарды айқындайды;
60-3) басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекітеді;»;
16-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 14-баптың 1-тармағында:
2-1) тармақшадағы «әзірлейді және» деген сөздер алып тасталсын;
2-2) және 2-3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қолданады;
5-2) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
15-2), 16), 17), 18), 19), 19-2), 27), 28), 30-1), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38-1), 41-2) және 41-69) тармақшалар алып тасталсын;
11) 15-баптың 22) және 23) тармақшалары алып тасталсын;
16-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
12) 16-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті органмен» деген сөздер «уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
13) 16-1-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік авиациялық инспекторлар» деген сөздер «Авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде Қазақстан Республикасының шегінде немесе шегінен тыс жерде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және өздерінің қарамағындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа авиация инспекторларының қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
6-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
14) 16-2-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органға», «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйымға», «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
15) 16-3-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің екінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«авиация инспекторын азаматтық авиация пайдаланушысының және (немесе) ұйымдарының объектілеріне (әуе кемелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, ангарларды, отын қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда және аумағына) кіргізуден бас тарту;»;
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекітуіне жататын құжаттамаға осындай ұйымның тиісті бекітуінсіз өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
екінші деңгейдегі бұзушылық кезінде азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын оған бағалау жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген мерзімде ұсынбауы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым белгілеген немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамауы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе авиация инспекторы азаматтық авиация пайдаланушысына немесе ұйымына анықталған бұзушылықты жою үшін түзету іс-қимылдарын қолдану талабымен нұсқама жібереді.
Қажет болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органына хабар береді.»;
5, 6, 7 және 8-тармақтардағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
16) 16-4-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «жататын» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйымның», «жатқызылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
17) 16-5-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «мемлекеттік авиация инспекторы» деген сөздер «авиация инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы «мемлекеттік авиация инспекторы» деген сөздер «авиация инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
18) 16-6-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-6-бап. Авиация инспекторы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі авиация инспекторы болып табылады.
Авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржы-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері қатарынан тағайындалады.
Авиация инспекторларының санын Қазақстан Республикасында коммерциялық авиация мен жалпы мақсаттағы авиацияның азаматтық әуе кемелері жүзеге асыратын авиациялық қызметтің көлеміне қарай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындайды.
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторларын тағайындау ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторларына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасының талаптарына сәйкес белгіленеді.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік авиация инспекторларының» деген сөздер «Авиация инспекторларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «мемлекеттік авиация инспекторының» деген сөздер «авиация инспекторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авиация инспекторлары инспекцияланатын азаматтық авиация ұйымдары персоналының жұмыс жағдайларымен және сыйақысымен салыстырылатын деңгейлерге сәйкес келетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік авиация инспекторлары» деген сөздер «Авиация инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларында белгіленген көлемде және деңгейде азаматтық авиация және пайдаланушылар ұйымдарында кәсіптік даярлықты (біліктілікті) ұстап тұруға тиіс.»;
7-тармақтағы «біліктілік деңгейін ұстау кезінде мемлекеттік авиация инспекторларының» деген сөздер «біліктілікті ұстап тұру кезінде авиация инспекторларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
19) 16-8-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде мемлекеттің уәкілетті ұйымы ретінде ұшу қағидаларын сақтауды, радиомен хабарлау аппаратураларын пайдалануды және ұшуға жарамдылықты ұстап тұруды, сондай-ақ авиация персоналының талаптар мен нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен міндеттерді осы әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті биліктеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесін тіркеген мемлекеттің өзіне берген функциялар мен міндеттерді қабылдауға құқылы.»;
2 және 3-тармақтардағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті ұйым», «уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
20) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым
16-9-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның негізгі ережелері
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруда жәрдем көрсетеді;
2) авиация инспекторларын ақшалай ризықпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде жәрдем көрсетеді;
4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды әзірлейді;
5) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстап тұру үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
7) авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламаларын келіседі;
8) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті білімі мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлікті кері қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;
9) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдалану шының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын беруді жүзеге асырады;
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не уәкілетті ұйым берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) беруден бас тартады, иелері сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) кері қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
11) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ұшуды орындау құқығына арналған куәлігін таниды, өзгертеді, шектейді, қолданылуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады;
12) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тартады;
13) әуежайдың, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;