5-бап. Каботаж
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер жүзеге асырады.
12-тармақтың 4) тармақшасының он екінші - он бесінші абзацтары 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелер каботажды шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен берген рұқсат негізінде жүзеге асырады.
5-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдалану
Каспий теңізінің қазақстандық секторында осы Заңның 5-бабының ережелерін ескере отырып, қазақстандық кеме иелерінің шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарларын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару операцияларын жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға берілген рұқсат негізінде пайдалануына жол беріледі.
Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып беріледі.»;
5) 8-4-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.»;
6) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 8-6-баппен толықтырылсын:
«8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру
1. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушінің Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізеді. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін.
Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кеме пайдаланылатын аудан мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап-тексеру кемені пайдалану кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.
2. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кезінде:
1) кеме билеті;
2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік;
3) техникалық куәландырудан өткендігі;
4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердің дұрыс орналастырылуының сақталуы;
5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы;
6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;
7) орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы;
8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі;
9) отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамдылығы;
10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі;
11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкестігі;
12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;
13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы;
14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады.
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кеме иесінде, екіншісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.»;
7) 28-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кеме иесі шет мемлекеттің портында кемесінің ұсталғандығы туралы өзіне мәлім болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы порттың теңіз әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Хабарда:
1) кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, порт немесе оның тіркелген орны, кеменің тіркеу нөмірі, типі және сыныбы, тоннажы);
2) кеменің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы;
3) жүктің түрі мен мөлшері;
4) ұсталған уақыты, күні мен мән-жайы;
5) ұстау себебі, сондай-ақ кемені ұстауға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
8) 31-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларында анықталған ластанулар туралы хабарлауға;
18) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларының ластануына алып келген немесе осындай ластану қатерін туғызған, өз кемесімен болған оқыс оқиға туралы хабарлауға міндетті.
Оқыс оқиға:
мұнайдың, зиянды заттардың және құрамында осылар бар сулардың кез келген себеппен және кез келген түрде және қаптамада кемеден ағуына немесе ықтимал ағуына;
соқтығысуды, қайраңға отырып қалуды, өртті, жарылысты, конструкцияның бұзылуын, жүктің суға батуын және жылжуын қоса алғанда, кеменің қауіпсіздігіне әсерін тигізетін, сондай-ақ руль тетігінің, күш қондырғысының, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің зақымдалуын немесе бұзылуын қоса алғанда, теңізде жүзу қауіпсіздігінің нашарлауына және жүзуді қамтамасыз ету үшін басқа кеменің қосымша көмегінің қажеттігіне алып келетін, ұзындығы 15 метр немесе одан ұзын кеменің зақымдалуына, сынып қалуына немесе аварияға ұшырауына алып келетін кез келген жағдайда хабар беріледі.»;
9) 33-баптың екінші бөлігі «Теңіз портының иесі» деген сөздерден кейін «(теңіз терминалының операторы)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 35-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады.
3-2. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы.
Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі немесе тиісті саланың уәкілетті органы (навигациялық қызметтер көрсетуге қатысты) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында айқындалған тәртіппен белгілейді.»;
«5. Тіркеу портының акваториясында жүзу кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелер (бортында қауіпті жүктері бар кемелерді және шығарылғанына жиырма жылдан асқан кемелерді қоспағанда) үшін, олардың маневр операцияларын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін рульді бұру құрылғысы және кеме капитанының осы порт акваториясында жүзу тәжірибесі кемінде он екі ай болған кезде сүйретіп жүзу қызметтерін пайдалану міндетті болмайды және ол осы порттың (теңіз терминалы операторымен) әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
11) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау»;
12) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңіз порты капитанының лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізуші дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.»;
13) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді бақылау мен қадағалау
1. Теңізге шығатын кемелерге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:
1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;
2) кеменің негізгі сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуін;
3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме алты айда бір реттен жиілетпей міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені қарап-тексереді.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме:
1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген;
2) порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай өткен;
3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, теңіз портына жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;
4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған;
5) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған;
6) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін Қазақстан Республикасы танымаған ұйым берген;
7) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған;
8) Кеме қатынасының тіркелімінен немесе шетелдік сыныптау қоғамынан кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайтыны туралы жазбаша ақпарат болған;
9) кеменің алдыңғы кіру портында ұсталғандығы туралы ақпарат болған;
10) уәкілетті органнан кеменің адам өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы туралы ақпарат болған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.
Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.
Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді. Нұсқама екі данада жасалады, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі.
4. Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізеді.
Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.»;
14) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
«41-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді теңіз портында бақылау мен қадағалау
1. Теңізге шығатын кемелерге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:
1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;
2) кеменің негізгі сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуін;
3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені қарап-тексереді.
3. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеме:
1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген;
2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оны соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген өзге кезең өткен;
3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, портқа жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;
4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған;
5) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған;
6) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған;
7) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін уәкілетті орган танымаған ұйым берген;
8) порттың теңіз әкімшілігінің немесе шет мемлекеттердің теңіз биліктерінің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын сақтау, теңізде адам өмірін сақтау және теңіз ортасын ластанудан қорғау жөніндегі нұсқамасы орындалмаған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.
4. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып, кемені қарап-тексеру актісі жасалады, ол екі данада жасалып, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі.
5. Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын анықталған кемшіліктердің жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізуі мүмкін.
Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.
6. Анықталған кемшіліктерді теңіз портында жою мүмкін болмаған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемеге, егер кеменің теңіз портына қауіпсіз жетуі үшін қажетті жағдайлар айқындалатын болса, басқа теңіз портына өтуге рұқсат береді. Бұл ретте порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы келесі кіру теңіз портының және ту мемлекетінің құзыретті органы бұл туралы хабардар етілгеніне көз жеткізуге тиіс.»;
15) 42-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әрбір кеме теңіз портынан шыққанға дейін порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамының осыған рұқсатын алуға міндетті.»;
2-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:
1) кеме техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде;»;
16) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру
44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері
1. Халықаралық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.
2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, авариялық жағдайды болашақта болғызбау және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.
Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді.
4. Тізбесі Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген авариялық жағдайлардың жекелеген түрлерін кеме иелері тергеп-тексереді. Тергеп-тексеру аяқталған соң кеме иесі материалдарды уәкілетті органға және порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.
5. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді авариялық жағдай болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.
7. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді оқудан өтеді.
8. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.
9. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлеріне қарамастан жүргізеді.
10. Тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне араласуына жол берілмейді.
44-2-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері
1. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге жататын дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) авариялық жағдай болған жерге және кемені пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орнын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және авариялық жағдайға себеп болған немесе туындауына ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) кемедегі объективті бақылау аспаптары немесе ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғы деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдар жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және авариялық жағдайға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авариялық жағдайдың себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авариялық жағдайды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) кеме капитанымен және (немесе) кеме иесімен келісу бойынша авариялық жағдай оқиғасы болған жерге жүзу жолында кемеде болуға құқылы.
2. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.»;
17) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдау кезінде жүктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін ыдысқа салуды және буып-түюді қажет ететін жүктер, оның ішінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес буып-түйілген қауіпті жүктер тасымалдау үшін жарамды ыдысқа салынып және буып-түйіліп берілуге тиіс. Ыдыс және қаптама техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.».
18) 187-бап:
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын уәкілетті орган, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
4. Кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайталауды) өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын теңізде құтқару-үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың мақсаттары үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған кемелердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздеу және құтқару үшін қолданылатын жұмыстар құтқару операциясы болып табылады.».
13. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 1-бапта:
8) және 9-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;