16-тармақтың 54) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
54) 106-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын орынбасары (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда) болып табылатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы тиісінше әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.»;
4-тармақтағы «уәкілетті органмен» деген сөздер «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 55) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
55) 107-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органда» деген сөздер «уәкілетті ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «2020» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын.
18-тармақ 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
140-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асырады.».
19. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету - пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;»;
2) 16-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында, сондай-ақ теңіз объектілерін, жүзбелі бұрғылау қондырғыларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттеріне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға келе отырып, Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған жобаларды іске асыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге беріледі.»;
19-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қазақстандық және шетелдік кемелер өздігінен жүзетін кемеде кеменің тұрған жері туралы ақпаратты автоматты түрде тұрақты беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық және өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.»;
3-тармақтағы «Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің» деген сөздер «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою кезінде жүргізілетін іс-шараларға тартылған кемелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым жобаларды іске асыру шеңберінде тартылған кемелерге;»;
4) 55-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
5) 62-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді.».
20. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:
«5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
3) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы бар адамға оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;»;
4) 34-бап алып тасталсын;
5) 54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;»;
6) 67-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы және 7) тармақшасындағы «болған;» деген сөз «болған жағдайда тыйым салынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақшасы алып тасталсын;
7) 74-баптың 2-тармағында:
төртінші абзацтағы «С1» санатына» деген сөздер «С1» кіші санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «D1» санатына» деген сөздер «D1» кіші санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы» немесе «өндірістік оқыту шебері» не «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.»;
9) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аттестаттауға мынадай талаптардың біреуіне сай келетін:
1) жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі, өздері оқыту жүргізетін санат бойынша жүргізуші куәлігі;
2) өздері оқыту жүргізетін санат бойынша кемінде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.»;
10) 88-бап мынадай мазмұндағы 6-1 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі қағидаларында айқындалады.»;
«14. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы:
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын және қорғалуын;
уәкілетті орган мен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қол жеткізуін;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері иелерінің дербес деректері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.».
21. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-1-баптың 1-тармағындағы «жол-патрульдік полиция» деген сөздер «патрульдік полиция» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
22-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (немесе) лицензияға қосымша берудің ерекше шарттары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі.»;
22-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
3) 2-қосымшаның 188-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
188. | Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру | Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат |
».
23-тармақ 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІІ, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
1-баптың 4) тармақшасы «қызметшілері;» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері;» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат):
1) 16-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Зейнеткерлік жасқа толған адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттік саяси лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы ғана тағайындауы мүмкін.»;
2) 59-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін өз өкілеттігін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімі бойынша, әдетте, бес жылға дейінгі мерзімге жалғастыра алады;».
25. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
39-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 56) тармақшамен толықтырылсын:
«56) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.».
26-тармақ 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26. «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 77-құжат):
13-баптың 3) тармақшасындағы «жол-патрульдік полицияның» деген сөздер «патрульдік полицияның» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап.
Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 26-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 8-тармағын, 12-тармағы 3) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын және 22-тармағының 3) тармақшасын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағы 1) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 6), 11), 15) және 16) тармақшаларын және 22-тармағының 2) тармақшасын;
4) 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағының 5) тармақшасын, 5-тармағын, 6-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларын, 7-тармағының 2) тармақшасын, 16-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 39), 40), 41), 42), 43), 45) тармақшаларын, 47) тармақшасының екінші абзацын, 50), 51), 53), 54), 55) тармақшаларын, 18-тармағын, 22-тармағының 1) тармақшасын және 23-тармағын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағы 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
6) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 16-тармағының 9) тармақшасын, 47) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
7) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 19 сәуір
№ 249-VІ