16-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
69. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):
12-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».
70. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.».
71. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нарықта үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие тұлғаның мақта өңдеу ұйымының мүлкін сатып алуы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
72. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат):
12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
73. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;»;
2) 5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;
мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);
өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;
генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;»;
3) 12-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;»;
4) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сәйкестігін растау
1. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар, олар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылған жағдайда, Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.».
74. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Химиялық өнімнің сәйкестігін растау
1. Химиялық өнімнің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат, ол Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылған жағдайда, Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.».
75. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сәйкестікті растау
1. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат, оны Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі таныған жағдайда, Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.»;
3) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген және сәйкестігі міндетті расталуға жататын машиналар мен жабдықтар үшін олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа қайта түскен кезде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестікті растау жүргізілуге тиіс.».
76. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ойыншықтар қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген және сәйкестігі міндетті расталуға жататын ойыншықтар үшін олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа қайта түскен кезде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестікті растау жүргізілуге тиіс.».
77. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат):
21-баптың 3-1-тармағындағы және 22-баптың 6-1-тармағындағы «монополияға қарсы» деген сөздер «бәсекелестікті қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
78. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат):
59-баптың 8-4-тармағында:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен тоқтата тұруға білім беру саласындағы уәкілетті органның құқығы бар.».
79. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алтыншы абзацтағы «жүргізуге құқылы» деген сөздер «жүргізуге» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттаудан өткізуге құқылы;»;
2) 8-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
3) 17-баптың 2-тармағы «тағайындайды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәлімделген сәйкестікті бағалау объектілері бойынша техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 18-бапта:
2-тармақ «Тексеруді» деген сөзден кейін «аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 30-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жоспардан тыс тексеру нысанында» деген сөздер алып тасталсын.
80. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
9-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
81. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
20-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
82. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 61, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
83. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық преференциялар беру;».
84. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 8-баптың 4-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
2) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) байланыс операторынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;»;
24) тармақша «қоспағанда,» деген сөзден кейін «респонденттерге қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексеру және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
3) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бақылау:
1) әкімшілік деректер жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;
2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;
3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;
4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.
3. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректердің мониторингі, оларды талдау және салғастыру түрінде жүзеге асырылады.»;
4) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы және 23-баптың 1-тармағындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
85. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9 құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
6) сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) істердің әлеуметтік маңызы бар санаты - алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар;»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi
Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.»;
3) 7-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;
12) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы.»;
5) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер қаулылармен ресімделеді.
Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулылармен тепе-тең мәнде болады.»;
5-тармақтағы «шағым жасалуы» деген сөздер «он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы, наразылық білдірілуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, - бір жыл iшiнде;»;
5) тармақшадағы «iшiнде берiлуi мүмкiн.» деген сөздер «ішінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лаузымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар - бір жыл ішінде;
7) мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылары - үш жыл ішінде;
8) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары - үш жыл ішінде;
9) жеке сот орындаушысының өз қызметіне төленетін ақы сомаларын бекіту туралы қаулылары - үш жыл ішінде;