10) соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары - бір жыл ішінде;
11) қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін:
қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде;
онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде;
ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде;
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он жыл ішінде;
аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он бес жыл ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін.»;
7) 14-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сот орындаушысы;
4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.»;
8) 16-баптың 1-тармағындағы «материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға,» деген сөздер «материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 25-бапта:
3-тармақтағы «заңсыз іс-әрекетіне» деген сөздер «әрекетіне (әрекетсіздігіне)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Прокурор, егер жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі;
2) мемлекеттік органдардың, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алып қоюға және оны мемлекеттік сот орындаушысына орындау үшін беруге құқылы.
5. Прокурор атқарушылық құжатты беру туралы қаулы шығарады.»;
10) 27-бапта:
1-тармақта:
«хатпен» деген сөзден кейін «, жеделхатпен» деген сөзбен толықтырылсын;
«не жеделхатпен» деген сөздер алып тасталсын;
«Осы туралы мәлімделген өтініші болған жағдайда атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар», «хабардар етіледі» деген сөздер тиісінше «Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар», «хабар алады немесе хабардар етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Жеке сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 28-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру»;
1, 2 және 3-тармақтардағы «Шақыру қағазы немесе хабарлама», «шақыру қағазы немесе хабарлама», «шақыру қағазын немесе хабарламаны»,«шақыру қағазы немесе хабарламасы», «шақыру қағазының, хабарламаның», «Шақыру қағазын немесе хабарламаны» деген сөздер тиісінше «Шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары», «шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары», «шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын», «шақыру қағазы, хабары, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары», «шақыру қағазының, хабардың, сот орындаушысы хабарламасының және (немесе) процестік құжаттарының», «Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) мен процестік құжаттарын қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ оларды алғаны туралы қол қоюдан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін, пайдаланылған техникалық құралдардың техникалық сипаттамасын келтіре отырып, бас тарту туралы актіде бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.»;
12) 30-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасы мен процестік құжаттарын қабылдаудан бас тартудың немесе оларды алуға келмеудің салдарлары»;
1-тармақтағы «шақыру қағазын немесе хабарламаны», «шақыру қағазы немесе хабарлама» деген сөздер тиісінше «шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын», «шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«шақыру қағазын немесе хабарламаны», «шақыру қағазы немесе хабарлама» деген сөздер тиісінше «шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын», «шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «тартса, хабарланды деп есептеледі.» деген сөздер «тартса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын;
«4) шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ оларды алғаны туралы қол қоюдан бас тарту бас тартқаны туралы акт жасала отырып аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелсе, хабарланды деп есептеледі.»;
13) 32-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «мүлкiн» деген сөз «жылжымалы мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сот орындаушысы осы баптың 2-тармағының 1), 2-1) және 6) тармақшалары бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен қолданады.»;
14) 33-бапта:
тақырыбындағы «заңды тұлғаның лауазымды адамының» деген сөздер «заңды тұлға басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.»;
екінші бөліктегі «тұлғаның лауазымды адамының» деген сөздер «тұлға басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.»;
3 және 4-тармақтардағы «тұлғаның лауазымды адамының» деген сөздер «тұлға басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 35-бапта:
1-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін.»;
16) 36-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі «жоқ» деген сөзден кейін «, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.»;
17) 37-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.
Атқарушылық құжат өзіне осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жіберілген жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.»;
4-тармақта:
екінші бөлік «жасасады» деген сөзден кейін «, осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «сондай-ақ» деген сөзден кейін «атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы тексеру жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.
Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.
Борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.
Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.»;
19) 48-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады.»;
20) 55-баптың 8-тармағындағы «Жеке сот орындаушысы мүліктен» деген сөздер «Сот орындаушысы борышкердің мүлкінен, оның ішінде ортақ мүліктегі үлесінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 62-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот орындаушысы борышкердің банк шоттарының бар екендігі туралы ақпарат болған кезде банк шоттарындағы ақшаға және борышкердің банктегі басқа да мүлкіне сот санкциясымен ғана тыйым салады.»;
22) 73-баптың 1-тармағындағы «борышкерге» деген сөзден кейін «, тіркеуші органға» деген сөздермен толықтырылсын;
85-тармақтың 23) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 74-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Республикалық палата» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 85-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электрондық аукцион өткізу арқылы тыйым салынған мүлікті өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді. Егер мүлік электрондық аукцион өткізу арқылы өтпеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге де мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қолданылады. Бұл ретте мұндай мүлікке салынған тыйым осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алып тасталады.»;
25) 9-тарау мынадай мазмұндағы 103-1-баппен толықтырылсын.
«103-1-бап. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі
1. Жеке сот орындаушылары істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектісі ретінде жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетеді.
2. Жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын Республикалық палата қамтамасыз етеді.
3. Аумақтық орган жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей жеке сот орындаушыларымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасайды.
Уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып әзірлейтін және бекітетін келісім нысаны жеке сот орындаушыларының міндеттерін және атқарушылық округ шегінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халықты заң қызметтерімен толық қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қамтуға тиіс.
4. Жеке сот орындаушылары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп береді. Есеп нысанын уәкілетті орган Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып бекітеді.
5. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жыл сайын, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей аумақтық органына жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есепті Республикалық палатаның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша береді.
6. Қажет болған жағдайда аумақтық органдар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасынан жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындауы туралы қосымша ақпарат сұратып алуға құқылы.»;
26) 108-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «орындау жөніндегі» деген сөздерден кейін «, оның ішінде осы Заңның 9-бабының 10) тармақшасында көзделген атқарушылық құжат бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
27) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:
«117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
1. Жеке сот орындаушысының қызметіне бюджеттен ақы төлеу:
1) мыналар:
борышкерді іздестіруге байланысты үш және одан көп ай берешек болған;
борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде алименттерді өндіріп алу туралы;
2) өндіріп алуды қолдануға болатын ақша және мүлкі болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жүзеге асырылады.
2. Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Аумақтық органға ұсынылған атқарушылық әрекеттерді жасағаны және өндіріп алынған төлемдер туралы есеп жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
4. Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
28) 118-бапта:
1-тармақтағы «және» деген сөзден кейін «он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
3-тармақтағы «нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерде және тәртіппен» деген сөздер «осы Заңда көзделген және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 122-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктер жеке сот орындаушысының рұқсатынсыз жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарындағы қаражатпен қандай да бір операцияларды жүргізуге құқылы емес.»;
30) 125-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
31) 126-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «орындауға» деген сөз «мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар қолдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 137-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жеке сот орындаушыларының қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.»;
33) 138-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысы орындауға:
1) мемлекеттен өндіріп алу;
2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден өндіріп алу;
4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;
5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;
6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.»;
2-тармақ алып тасталсын.
4-тармақтағы «тәртіппен айқындалған тарифтерге» деген сөздер «мөлшерлерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 140-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.»;
35) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
1. Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссиялардың жұмыс регламенті уәкілетті органның аумақтық органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
1) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына қатысуға құқылы.
4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия отырыстарының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба немесе стенограмма жазу жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазба отырыстың хаттамасына қоса тігіледі және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның материалдарымен бірге сақталады.»;
36) мынадай мазмұндағы 141-1-баппен толықтырылсын:
«141-1-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
1. Тағылымдаман өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарға тестілеуді жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.
3. Құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық берілмеген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары құжаттармен бірге берілген өтінішті олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, қарамастан қайтарады.
4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, атттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәжді шешімді жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға уәкілетті органға шағым жасауға болады. Уәкілетті органның қабылданған шешімімен келіспеген немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа беріледі.
5. Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары аттестаттау өтетін орын, күні, уақыты, тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
6. Аттестаттауды жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді.
7. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.
8. Үміткер өзінің таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.
9. Аттестаттау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы уәжді шешім шығарады.
10. Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиет, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбалар пайдалануына жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткерді жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.
11. Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.
Үміткер қайта келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.»;
37) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы
1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдама мен аттестаттаудан өткеннен кейін береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Жеке сот орындаушысының лицензиясын беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. Жеке сот орындаушысы лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
5. Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау немесе арнаулы органдарда жұмыс істеген адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын не қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болған кезде тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;