38) 143-бапта:
1-тармақтағы «тәртіптік комиссия шешімінің» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарының және Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және өңірлік палаталары тәртіптік комиссиясының ұсынуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.» деген сөздер «бұзғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) егер жеке сот орындаушысы мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша үш айдан аспайтын берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
39) 145-бап алып тасталсын;
40) 148-баптың 1-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен үш жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;»;
41) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі, қызметтік үй-жайы
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушыларының қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Жеке сот орындаушысының кеңсесін Республикалық палатаның мүшесі (мүшелері) құрады. Жеке сот орындаушысы бір ғана кеңсенің құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
3. Бір жеке сот орындаушысы құрған жеке сот орындаушысының кеңсесі өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.
Бірнеше жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушысының кеңсесін құрған кезде құрылтай шарты да құрылтай құжаты болуы мүмкін.
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы Республикалық палатаны жазбаша хабардар етуге және оның қарамағына жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтай құжаттарын ұсынуға міндетті.
4. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
5. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің атауы аумағында ол құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.
6. Жеке сот орындаушысы кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді.
7. Қызметті дара жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай жеке сот орындаушысының жұмыс орны болып табылады.
8. Қызметтік үй-жайдың орналасқан орны және жұмыс режімі туралы жеке сот орындаушысы Республикалық палатаға хабарлайды.»;
42) 156-бапта:
2-тармақтағы «Жеке сот орындаушысының лицензиясы бар» деген сөздер «Заңгерлік білімі және Республикалық палата бекітетін бағдарламалар бойынша кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өткені туралы сертификаты (куәлігі) бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын.
«6. Көмекші өз қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырады.»;
43) 156-1-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысының көмекшісі жеке сот орындаушысының қабылданған процестік шешімі және оның тапсырмасы бойынша атқарушылық іс жүргізуді орындау шеңберінде:»;
2) тармақшадағы «тапсыруға құқылы.» деген сөздер «тапсыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) атқарушылық іс жүргізу тараптарын, үшінші тұлғаларды шақыруға және олармен жеке сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша келіссөздер жүргізуге;
4) борышкер орналасқан немесе оған, сондай-ақ басқа тұлғаларға тиесілі үй-жайда және сақтау қоймасында борышкерге тиесілі мүліктің бар екені туралы ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қатысуымен оларға кіруге құқылы.».
44) 162-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
45) 163-1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
3-2) Республикалық палатаның мүшесіне қабылдау жүзеге асырылған кезде жеке сот орындаушыларын облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағына бөлуді және олардың санын айқындауды жүзеге асырады;
3-3) жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кінәлі адамдарға тәртіптік жаза қолданады;
3-4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысына қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша оқу орталықтары мен білім беру ұйымдарын айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жеке сот орындаушысы мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқытуды жүргізу бағдарламасы мен мерзімдерін бекітеді және кәсіптік оқыту қорытындылары бойынша сертификат (куәлік) береді;
6-2) жеке сот орындаушыларының және олардың көмекшілерінің кәсіптік оқытудан уақтылы өтуін бақылауды қамтамасыз етеді;»;
46) 167-бапта:
3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мыналарды:
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережені;
жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін; тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібін;
жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
іс жүргізу қағидаларын;
жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
47) 168-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «немесе тоқтату» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарайды;
7) алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізеді.»;
2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
48) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсынуды уәкілетті органға бере отырып, Республикалық палатадан шығару.
2. Жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.
3. Тәртіптік жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.
Жеке сот орындаушысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
4. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.»;
49) 174-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.
4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.».
86. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы
Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуына құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
2) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дайындаушы тұтынушылық қасиеттері уақыт өте келе нашарлауы мүмкін тауарларға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.».
87. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар):
1) 35-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 4-1) тармақшасындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 66-баптың 8-тармағының екінші бөлігі «пайдалы қазбалар» деген сөздерден кейін «, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 69-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 76-баптың 1-тармағында:
9) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға міндетті.»;
12-1) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты емес, қосылған құны жоғары (қайта жасалуы жоғары) өнім алуға, экология, еңбекті қорғау, өндірістік қызмет шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді (технологиялық циклді) қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге бағытталған қызметке байланысты ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты жұмсаған шығыстары және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары аталған жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.»;
5) 78-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 118-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
88. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексерулер;»;
2) 16-6-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес тексерулер жүргізуге;».
89. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
90-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
90. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
16-баптың 7-тармағының 9) тармақшасындағы «хабарлама беруі негіз болып табылады.» деген сөздер «хабарлама беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретін өнімдерді іріктеу және олардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.».
91. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 77-баптағы, 86-баптың 2-тармағындағы және 119-баптағы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына», «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 133-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 146-баптың 3-тармағындағы және 156-баптың 3-тармағындағы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 202-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
92. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 1-баптың 7), 16) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қанықпаған мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі;»;
«16) мұнай өнімдерін өндіру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;»;
«23) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;»;
2) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «өнімдерін» деген сөз «өнімдерінің жекелеген түрлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Адам саны он мыңнан асатын елді мекеннің немесе әкімшілік ауданның аумағында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы бір өткізушінің не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес адамдар тобы деп танылған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нарықтық үлесі осы нарықтың жалпы көлемінің отыз бес пайызынан аспауы керек.»;
5) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
93. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
94. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
26-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жазуға құқығы бар.» деген сөздер «жазуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқығы бар.».
95. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
15-баптың 1-тармағының 26) тармақшасындағы «монополияға қарсы» деген сөздер «бәсекелестікті қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
96. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;»;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында уәкілетті орган жүзеге асырады.».
97. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.».