98. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат):
7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
99. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
34-баптың 2-тармағындағы ««Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмейтін» деген сөздер алып тасталсын.
100. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 1-баптың 25) тармақшасындағы «немесе ұлттық компания» деген сөздер «, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін компания» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
101. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
67-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қызметтік міндеттерді шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын корабльдерге, ұшақтарға және тікұшақтарға (өзге де ұшу аппараттарына) мынадай:
1) Қазақстан Республикасының су және әуе кеңістігін, теңіз және өзен порттарын, әуежайларын және әуеайлақтарын (қону алаңдарын), олардың тиесілігіне және арналған мақсатына қарамастан, пайдалану;
2) навигациялық, метеорологиялық, гидрографикалық және өзге де ақпаратты алу;
3) ұшуларды және корабль жүргізуді қамтамасыз ету құқығы беріледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленеді. Аталған көрсетілетін қызметтерді ұсыну алдын ала ақы төленбей жүзеге асырылуы мүмкін.».
102. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат):
46-баптың 2) тармақшасындағы «монополияға қарсы» деген сөздер «бәсекелестікті қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
103. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
6-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «білдіру түрінде көрсетіледі.» деген сөздер «білдіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.».
104. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата) - Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;»;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 3-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «өкілдіктері;» деген сөздер «өкілдіктері кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
4) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 5-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;»;
6) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «өткізеді.» деген сөз «өткізеді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекеттік органдарға индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша қорытындыға қатысады және береді.»;
7) 14-1-бап алып тасталсын;
8) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «51» деген цифрлар «52» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілден;»;
4-тармақтың 11) тармақшасындағы «бекіту;» деген сөз «бекіту жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 12) тармақшасы алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді оның аппараты жүзеге асырады.
Аппараттың құрылымы, сандық және дербес құрамын Ұлттық палата Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен келісу бойынша бекітеді.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты туралы ережені Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бекітеді.»;
10) 5-1-тарау алып тасталсын.
105. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
106. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 36-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.
5. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 38-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.
6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге тексерулерден босатылады.»;
3) 64-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
107. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 42-1-баптың 3-тармағындағы және 49-баптың 5-тармағындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
108. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.»;
2) 21-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беруге міндетті.»;
3) 51-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру үшін сақтауын дербес тексереді.»;
4) 1-қосымшаның 81-жолының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Иеліктен шығарылмайтын; 5-сынып»;
5) 2-қосымшаның 360-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
360. | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім | |
».
109. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздер «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
110. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
111-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
111. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1-баптың 92-тармағы 20) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 65-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 5) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 11-тармағының 8) және 9) тармақшаларын, 22-тармағын, 23-тармағы 5) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасын, 90 және 111-тармақтарын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 23-тармағының 1, 2), 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 8) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші, үшінші және жетінші абзацтарын, 11), 12) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының екінші абзацын, 16), 17) және 18) тармақшаларын;
4) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 85-тармағының 23) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 5) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 29-ы.
№ 376-V