2) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қамтамасыз етілуі жемдік астық сатып алу басталған кезден бастап жыл бойы жүзеге асырылатын мемлекеттік жемдік астық ресурстарын қоспағанда, агент мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуды күнтізбелік жыл бойына қамтамасыз етеді.».
37. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «инвестициялар туралы» деген сөздер «инвестициялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
38. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-баптың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банкаралық кредит беру - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және бейрезидент банктеріне кредиттер беру;
2) жоба - инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік операция;
3) инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жоба;
4) кредиттік құрал - Меморандумда айқындалған, Даму Банкінің қарыз алушыны қаржыландыру тәсілдері;
5) қайта құрылымдау - Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді бұзған қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалар іске асыратын инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені, бұл сыйақыларды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастауды және (немесе) қарыз алушының айналым капиталын қаржыландыруды немесе қайта қаржыландыруды және (немесе) Даму Банкінің талап ету құқықтарын қарыз алушыға беруді және (немесе) қарыз алушының жарғылық капиталына Даму Банкінің кіруін және (немесе) қарыз алушыға субсидияланған қарыз беруді және (немесе) инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге ықпал ететін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін;
6) қарыз алушы - Даму Банкінен қарыз алған заңды тұлға;
7) мезониндік қаржыландыру - қарыз алушының акцияларына немесе капиталға қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен реттелген қарыз беру;
8) Меморандум - осы Заңның 1-бабында көрсетілген ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму Банкінің кредит саясаты туралы меморандумы;
9) синдикатталған қарыз - Даму Банкі синдикаттың басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, бір банктік қарыз шарты негізінде жүзеге асыратын қарыз операциясы, бұл ретте банктік қарыз шарты бойынша синдикат қатысушыларының мүдделерін білдіру, сондай-ақ қарыз бойынша кредиттік әкімшілендіру синдикат қатысушыларының біреуіне тапсырылуы мүмкін;
10) субсидияланған қарыз - қаржыландырылу құны кредиттік құралдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу үшін Даму Банкі белгілейтін қарыз алу құнынан төмен белгіленетін қарыз. Субсидияланған қарыздар бойынша өлшемдер Меморандумда белгіленеді;
11) экспорттық операциялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шығарылатын өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты.»;
3) 2-бапта:
2-тармақтағы «заңдары Даму Банкіне осы Заңда және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «орындауының, лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму банкінің Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрі - Меморандум)» деген сөздер «орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Даму Банкінің міндеттері:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы орта мерзімді (бес жыл және одан көп мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру;
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру;
3) мезониндік қаржыландыруды ұсыну, жобалық қаржыландыру, синдикатталған қарыз ұсыну, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары ұсынатын қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ қоса қаржыландыру және банкаралық кредит беру, лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
5) жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.»;
5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес жобаларды іздестіру, iрiктеу және, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, қаржыландыру;
2) қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға шарт негізінде банк сараптамасын жүргізу;
3) Даму Банкінің қызметі шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық және ұлттық даму институттарымен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Даму Банкi қарыз алушыларының қаржылық жай-күйінің және Даму Банкі қаржыландыратын жобалардың іске асырылуының мониторингі, оның ішінде қамтамасыз ету мониторингі;
6) Даму Банкі қарыз алушылары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
7) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес қарыздарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау;
9) Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражатын берген жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қарыздар ұсыну болып табылады.»;
6) 5-бапта:
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;»;
«5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;»;
8) тармақшадағы «болуға құқылы.» деген сөздер «болуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға құқылы.»;
7) 6-баптың 1-тармағы «қалыптастыру» деген сөзден кейін «, қарыз алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында еншілес ұйымды құруға немесе оны иемденуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (кері қайтарып алу)» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 7-бапта:
1) тармақшадағы «резидент емес заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен», «инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды» деген сөздер тиісінше «бейрезидент заңды тұлғаларға төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарымен», «жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «инвестициялық жобалар және операциялар» деген сөздер «жобалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру бойынша агенті болуы кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау кезінде банк шоттарын ашуды және жүргізуді;»;
9) тармақшадағы «қамтамасыз ету» деген сөздер «тарту» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 8-бап алып тасталсын;
10) 9-баптың 3-тармағында:
«Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден» деген сөздер «Бюджеттерден» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сәйкес» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 9) тармақшасында көзделген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражаты берілген жағдайда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында Даму Банкі контрагент-банктерге арналып белгіленген лимиттер шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге қарыздар береді.
Кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында Даму Банкінің контрагент-банктерге арналған лимиттерінен асып кеткен жағдайда, сондай-ақ өзге де жағдайларда Даму Банкі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкіл (агент) болуға құқылы.»;
12) 11-бап алып тасталсын;
13) 12-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «орташа» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Даму Банкі беретін қарыздар, болашақта келіп түсетін мүлік кепілін, оның ішінде күтілетін жүйелі ақшалай түсімдерді, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен, сақтандырумен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс басқа да тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Даму Банкі жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қарыздар беруге, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды және қамтамасыз етпей банкаралық кредит беруді жүзеге асыруға құқылы.»;
3-тармақтың екінші бөлігінде:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
«банкпен» деген сөз «Даму Банкімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ұйымдарға» деген сөз «заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
Даму Банкі жобалық қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
Даму Банкінің жобалық қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылатын жобаларға қойылатын талаптар, жобалық қаржыландыру кезінде қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Меморандумда белгіленеді.»;
15) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «капиталдарына» деген сөзден кейін «қайта құрылымдауға,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 15-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мерзімдік, төлем жасау, қайтарымдылық қағидаттарын сақтамастан қарыздар беруіне;»;
5) тармақшадағы «және ішкі» деген сөздер алып тасталсын;
17) 16-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге жағдайларда да ұлғайтылуы мүмкін.
Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.»;
3-тармақ алып тасталсын.
39. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы стандарттау;»;
2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау
Туристік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 28-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
40. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
31-1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
41. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 2-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) темiржол көлiгiнде кәсiпкерлiкті дамыту және оған жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметке заңсыз араласуына жол бермеу;»;
2) 88-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
42. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
1) 22-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 24-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
43. «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 12, 117-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк саласындағы заңнамасы қолданылады.»;
2) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау қағидаттары мен нысандарының бiртұтастығы;».
44. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
45. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
9-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы аспаптар мен жабдықтарға шет мемлекет берген сертификат, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сертификаттау жүйесi таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.».
46. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 14-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 14-1-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тексеру актісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.».
47. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат):
52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
48. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары