Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.».
49. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
50. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
11-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады;».
51. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 72-1-баптың 13-тармағының бірінші бөлігіндегі «монополияға қарсы» деген сөздер «бәсекелестікті қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 72-2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш беруші инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;».
52. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
19-2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
53. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат):
17-2-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
54. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
12-баптың 3-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органдарының бақылау объектілеріне (субъектілеріне) баруы арқылы жүргізілген бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
55. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
5-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
56. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
5-1-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолданады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
57. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 31-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;»;
2) 33-1-баптағы «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-2-баптың 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
«6. Бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.».
58. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 2-баптың 21) тармақшасындағы «басым», «монополияға қарсы» деген сөздер тиісінше «үстем», «бәсекелестікті қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
59. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
60. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 6-1-баптың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес тексеруді жүзеге асырады.».
61. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
49-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
62. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мемлекетаралық стандарт - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;»;
18) және 18-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
18-1) өнімді айналысқа шығару - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өтеусіз немесе өтеулі негізде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға жинамастан тиеп-жөнелту);»;
мынадай мазмұндағы 18-2) және 40-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-2) өнімді каталогтау жүйесі - өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе;»;
«40-1) стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжат - нормативтік құқықтық актіде сілтеме берілген ұлттық стандарт және техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауышы;»;
45) тармақшадағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) техникалық реттеу - өнімге немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу;»;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;»;
3) 6-баптың 14-2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
екінші бөлікте:
11) тармақшада:
«аккредиттеу,» деген сөз алып тасталсын;
«тәртібін әзірлейді» деген сөздер «тәртібін әзірлейді, бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рұқсат беру талаптарын әзірлейді» деген сөздер «рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;»;
23) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
25) стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
үшінші бөлікте:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.»;
5) 13-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
6) 16-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 21-баптың 1-тармағында:
«заңдарында» деген сөз «нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе техникалық регламенттерде» деген сөздер алып тасталсын;
8) 22-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған жағдайда, міндетті болып табылады.»;
9) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдардың стандарттарын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
10) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша, оның ішінде мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.»;
11) 37-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана» деген сөздер алып тасталсын;
12) 39-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 41-баптың 1) тармақшасындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
63. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
64. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысын алу міндетті.».
65-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
65. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы 41) тармақшасының он алтыншы абзацындағы «мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту» деген сөздер «мөлшерлемесін» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«ауыл шаруашылығы малын сатып алуға кредит беру және лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-9) тармақшамен толықтырылсын:
«17-9) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;»;
3) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) ауыл шаруашылығы малын сатып алуға кредит беру және лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;».
66. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақшадағы «түзуге және екінші тарапқа беруге» деген сөздер «түзуге және (немесе) екінші тарапқа беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «түзу және беру, сондай-ақ» деген сөздер «түзу және (немесе) беру және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «түзетін және беретін, сондай-ақ» деген сөздер «түзетін және (немесе) беретін және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-4-баптың 1-тармағындағы «түзу және беру, сондай-ақ» деген сөздер «түзу және (немесе) беру және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын.
67. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес берiлетiн инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;».
68. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат):