2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екiншi бөлiктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекеттер -
бес жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал ауырлататын мән-жайлар болған кезде - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған iс-әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасымен жазаланады.
5. Ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметке ұқыпсыз қарау не адал қарамау салдарынан бұйрықты орындамау -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не тоқсан тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, соғыс уақытында, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекет -
үш жылдан он жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
5) 441-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
1. Бейбiт уақытта жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, егер өз бетiмен болмау бір айдан ұзаққа созылса, -
екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бiр тәулiктен ұзаққа созылса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бір тәулiктен ұзаққа созылса, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұзақтығына қарамастан, соғыс уақытында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттi жасаған әскери қызметшi, егер бұл iс-әрекет ауыр және өзге де мән-жайлардың тоғысу салдарынан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.».
16-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы «507-бап. Сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс жүргізу» деген сөздер «507-бап. Сот қаулыларын қайта қарау және сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 31-тармағындағы «өтінішхаттын» деген сөз «өтінішхатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 53) тармағы алып тасталсын;
4) 16-баптың екінші бөлігіндегі «жүрізуді» деген сөз «жүргізуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 35-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтату туралы шешiм қабылдау үшiн жәбiрленушiнiң немесе оның өкілінің келiсiмi талап етiлмейдi.»;
6) 36-бапта:
бірінші бөліктегі «69-бабының бiрiншi бөлiгiнде,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлікті белгілей отырып, адамды қылмыстық жауаптылықтан босатып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.
Сот іс бойынша басқа түпкілікті шешім қабылдаған жағдайда, кепіл енгізген адамға кепіл нысанасы дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге кеткен сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепілді қабылдау, сақтау, қайтару және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер айыпталушы немесе жәбірленуші қарсы болса, кепілгерлікті белгілей отырып, адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол берілмейді.»;
7) 40-бапта:
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарған, қаулы шығарған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi тоқтату туралы қаулы шығарған органның орналасқан жері бойынша сотқа мүлiктiк зиянды өтеттіру туралы не өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiм шығарған сотқа жiберiледi. Кәмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдеуге құқылы.
4. Судья арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшiн төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық тәртiппен немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, iстi бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген әрекеттердi сот талқылауын өткiзбестен жеке-дара жүргiзедi.
Қаулыда: мүлiктiк зиянды өтеу негiздерi, оның ақшалай мәндегi есеп-қисабы мен мөлшерi; ақталған адамға қайтарылуға жататын мүлiк; төлем жүргiзуге немесе мүлiктi қайтаруға мiндеттi орган; төлемдер жүргiзу үшiн қаулыны ұсынудың мерзiмдерi; қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
Соттың қаулысына осы Кодексте көзделген тәртiппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
5. Мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес орындалады.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
8) 52-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кассациялық сатыда iстердi қарауды облыстық немесе оған теңестiрiлген сот төрағасының төрағалық етуiмен кемiнде үш судья бар құрам алқалы түрде жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың төрағасы iссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттануына байланысты болмаған кезде iстi кассациялық сатыда қарау кезiнде өзіне сот төрағасы аталған міндеттерді атқаруды жүктеген кассациялық алқа судьясы төрағалық етедi.
Облыстық сот төрағасына мәлімделген қарсылық білдіру қанағаттандырылған кезде, оның тапсырмасы бойынша сот отырысына кассациялық алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.»;
9) 56-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында, екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi. Сот отырысын өткiзу мiндеттi болған жағдайда, қорғаушы тарап пен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күнi бұрын хабарланады.»;
10) 60-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тергеушi - қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда - прокурор.»;
11) 61-баптың екінші бөлігінде:
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) экономикалық тергеу қызметі;»;
4) және 10) тармақтар алып тасталсын;
12) 131-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады.»;
13) 145-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiл сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша енгiзуiнен тұрады. Тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлiк кепiл ретiнде қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендiгiн дәлелдеу кепiлгерге жүктеледi. Аса ауыр қылмыстар жасады деп күдiк келтiрiлген адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепiл қолданылмайды.»;
14) 147-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы прокурормен келiсiлген қаулысы, сондай-ақ оның негiздiлiгiн растайтын материалдар ұстап алу мерзiмi аяқталардан бұрын он екi сағаттан кешіктірілмей тергеу судьясына ұсынылуға тиiс, бұл туралы мүдделi тұлғалар хабардар етiледi.»;
15) 187-бапта:
бірінші бөліктегі «437 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «437 (үшiншi бөлiгiнде)» деген сөздермен, «441 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «441 (үшiншi бөлiгiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203, 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 287 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 291, 293 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297, 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 335 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 337 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 338, 340 (төртiншi бөлiгiнде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 394 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде), 428 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 215 (екiншi бөлігінің 3) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) тармағында), 364 - 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында, төртінші бөлігінде), 190 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында, төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, егер оларды тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерiнiң тергеулiгiндегi қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерумен тiкелей байланысты болса, алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзуi мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (екiншi бөлiгiнде), 215 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 4) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2), 3) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 219-221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында) 235, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 237, 238, 239 (екiншi бөлiгiнде), 240, 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244 (екiншi бөлiгiнде), 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 249 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 149 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 362 (бірінші, екiншi, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 371, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 146, 412, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi осы органның қызметкерi болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-бөліктермен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшiншi және төртiншi бөлiктерінде), 196 (үшiншi, төртінші бөлiктерінде), 197 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 198 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 199 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 217 (екіншi бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 232, 250-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда - экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.»;
бесінші бөліктегі «437 (бесiншi және жетiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде)» деген сөздермен, «441 (бесінші бөлiгiнде)» деген сөздер «441 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған ұлттық қауiпсiздiк органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
16) 191-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 204 (екiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 292, 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 337 (үшiншi бөлiгiнде), 339, 341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 346 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379 (екiншi бөлiгiнде), 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
төртінші бөліктегі «437 (үшiншi бөлiгінде)» деген сөздер «437 (екіншi бөлiгiнде)» деген сөздермен, «441 (екінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік алып тасталсын;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.»;
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.»;
он екінші бөлік алып тасталсын;
он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 144, 145, 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 334 (бiрiншi бөлiгiнде), 335 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336, 340 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 343 (бiрiншi бөлiгiнде), 346 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 393, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.