Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 қыркүйектегі № 1376 Қаулысы
(2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара); 2005.28.04. № 398 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2005.22.09. № 941 (бұр.ред.қара); 2005.30.12. № 1327 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1248 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 728 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1707 (бұр.ред.қара); 2010.23.06. № 632 (бұр.ред.қара); 2010.27.12. № 1420 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; 2011.30.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.03. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.12.10. № 1296 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға, |
Мизанбаев Өсер Елеусізұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Сәдуақасова Елдана Мәкенқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық - орталық басшысы (келісім бойынша); |
Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы | «Қазақ гуманитарлық заң университеті» - акционерлік қоғамы Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
Уақпаев Марат Сұлтанұлы | -Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша); |
Бәшімов Марат Советұлы | - Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы; |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Меркель Иоган Давидович | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Үкібаев Ермек Елеуханұлы | - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі; |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Громов Сергей Николаевич | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, |
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы | - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы; |
Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің жауапты хатшысы, |
Түсіпбеков Әміржан Нұрышұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Вагапов Данияр Валерьевич | - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары - заң басқармасының бастығы (келісім бойынша) |
Күреңбеков Амантай Жанкенұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, |
Дерновой Анатолий Григорьевич | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы |
Шәженова Дина Мэлсқызы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы; |
Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Аман Евгений Иосифович | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігің жауапты хатшысы; |
Ғалымова Әлия Қайратқызы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы; |
Смағұлов Асылбек Айжарықұлы | - «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор |
Баймолдина Зауреш Хамитқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары, |
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), |
Байжүнісов Ерік Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, |
Досмұхамбетова Балжан Ибатқызы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, |
Тихонюк Николай Петрович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, |
Мәтішев Әлиақпар Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, |
ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара)
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) алып тасталды
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін;
уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар Үкіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды Үкіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу;
әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау;
заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу.
3. Комиссияның негiзгi құқықтары
5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Yкіметінiң 2009.29.10. № 1707 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі.
10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен мазмұн 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Комиссияның әрбір отырысына Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің басшылары міндетті түрде қатысуы тиіс.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, Комиссияға төрағалық етуші мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi.
14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды
15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары дереу барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар бір апта мерзімде өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзірлеуші орган келіспеген жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
Комиссия мүшелеріне материалдарды жіберу Комиссия отырысы басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында
заң жобалау жұмысын ұйымдастыру
ережесi
1. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi.
Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша - олардың белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
3. Заң жобасын әзiрлейтiн уәкiлеттi орган жобаны әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құрады немесе оны әзiрлеудi жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бiр бөлiмшесiне тапсырады. Жобаны әзiрлеуге жобаны әзiрлейтiн органның заңгерлiк бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.
Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн.
4. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкiлеттi орган заң жобасын әзiрлеудi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады.
Уәкiлеттi орган балама жобаларды әзiрлеудi бiр немесе бiрнеше тұлғаға тапсыруға құқылы.
Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары жеке жауап бередi.
5. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы қадағалауды, олардың осы бағыттағы қызметiн әдiстемелiк басқаруды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
6. Заң жобасының мәтiнi әдеби тiлдiң, заң терминдерiнiң нормаларын, заң техникасының талаптарын және заңнамамен белгiленген өзге де талаптарды сақтай отырып әзiрленуге тиiс.
7. Заң жобасын әзiрлеу тиiстi салалар мен қоғамдық өмiр салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына Жолдауы, Конституциялық Кеңестiң жыл сайынғы жолдауының ережелерi мен Жоғарғы Соттың сот практикасы түсiндiрмелерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 9 және 10-тармақ алынып тасталды
9. Заң жобаларына ғылыми сараптаманы қаралған жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер мен тиiстi жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi.
Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған адамдар тартылады.
Заң жобасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Ғылыми сараптаманы жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сарапшылық комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.
10. Заң жобасы бойынша әртүрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама немесе әртүрлi дербес сараптамалар, қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
12. Егер заң жобасын келiсу кезiнде келісім берушi мемлекеттік орган Уәкiлеттi орган келiспейтiн ескертпелер жасаса, заң жобасы жөніндегі келiспеушiлiктер хаттамасын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия қарайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі түпкiлiктi шешiмдi Ведомствоаралық комиссия дайындаған ұсыным кезiнде шығарады.
13. Заң жобасын ?кіметтiң қарауына енгізу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi белгiлейдi.