Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1175 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
I-тармақта:
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;
Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
мынадай:
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi вице-министрi;"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Ақпарат бiрiншi вице-министрi;";
көрсетiлген құрамнан:
Әмрин ұсман Кәрiмұлы, Андрющенко Александр Иванович, Лавриненко Юрий Иванович, Мерзадинов Eрғали Серiкбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |