Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1352 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жошыбаев Рәпiл Сейiтханұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің орынбасары;
Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары;
Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi;
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Әбусейiтов Қайрат Қуатұлы, Рябченко Олег Григорьевич, Қабденова Мәриям Нұрымқызы, Мыңбаев Алмас Саятұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Д.К. Ахметов |