Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы № 690 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, № 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |