Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 587 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбденов Серік Сақбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппарат басшысы (келісім бойынша) |
Шаймерденова Гүлвира Балташқызы | - Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы кеңесі төрағасының құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)