Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын
монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және
оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 Қаулысы
(2011.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Күзет қызметін лицензиялау ережесі;
2) Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
3) күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары;
4) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 461-құжат);
2) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 224-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 10 тамыздағы
№ 686 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметін лицензиялау
ережесі
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Күзет қызметін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру жөніндегі уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылады.
Лицензиар заңнамаға және Ережеге сәйкес өзінің аумақтық органдарына күзет қызметін лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиялар қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін заңды тұлғаларға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, онда лицензия заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша беріледі.
Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
5. Лицензия өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
6. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не болмаса өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, заңнамада лицензияны беру үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды өзі өтініш берген қызмет түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
7. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беріледі.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төленеді.
9. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) заңнамаға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылады.
Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензия алып қойылғанда;
2) заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі алып тасталғанда тоқтатылады.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады.
11. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындаған залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Ереженің негізінде заңды тұлғаларға берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар лицензиялар тізілімін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
лицензиардың атауы;
лицензияның берілген күні және нөмірі;
заңды тұлға үшін - атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
қызметтің түрі;
лицензияның қолданылу мерзімі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алымның төленген күні;
лицензияны қайта ресімдеу негіздері және күні;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңарту негіздері және күні;
лицензияның қолданылуын тоқтату негіздері және күні.
14. Әрбір берілген лицензия бойынша лицензиар бақылау ісін ашады, онда өтінішпен бірге ұсынылған барлық құжаттар сақталады. Іс лицензия берген уәкілетті органда сақталады.
15. Лицензиаттардың Ережені сақтауын лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 10 тамыздағы
№ 686 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2010.09.12. № 1334 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғалар үшін мыналарды:
1) жеке күзет ұйымы басшыларының, сондай-ақ олардың филиалдары басшыларының жоғары заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуын.
Жеке күзет ұйымы қасақана басшысының лауазымдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
2) күзетші лауазымына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің нашар көруіне, психикалық ауруына, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсеткіштері жоқ) жасы 19-дан төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады;
3) қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайлардың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған келісім-шарттың) болуын;
4) ҚР Үкіметінің 2009.02.04. № 461 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2009.02.04. № 461 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1. Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетші қызметіне:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің баптың тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
2) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін күзет ұйымының басшысы немесе күзетші болып жұмысқа қабылданғанға дейін бұрын бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
3) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған;
4) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметінен босатылған адамдар қабылданбайды.
2. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 909 Қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) осы біліктілік талаптарының 1-тармағында көзделген талаптар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығына келісімі.