«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 Қаулысы
(2022.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 971 Қаулысымен күші жойылды
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 101 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 3-трмақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі. ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 101 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі. ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары. ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн
өзгертулер және толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 686 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2005.20.04. № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)