“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 411 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына лицензиялар берудiң тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi қызметкерлерінің саны олардың мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi сан нормативiнен аспауы керек. Сан нормативін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, лицензиат бір айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм ішiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат телқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
23-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке күзет ұйымының, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесi басшысының жоғары заңгерлiк білімi немесе құқық қорғау органдарындағы кемiнде үш жыл жұмыс өтілі болуы және күзетшiлерге қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Күзет бөлiмшесiн құру кезінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
2) күзетшi лауазымына 21 жасқа толған, күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнайы курсын) өткен, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн;";
3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жеке тұлғаларға арналған біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға осы Тәртiптiң 23-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар қойылады;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенi туралы құжаттың және iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторынан мiнездеменiң болуы;
3) оның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың болуы.";
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар берудің тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңды және жеке тұлғалар тек атауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты бар арнайы техникалық құралдарды ғана пайдалана алады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) көрсетiлген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензия алу кезінде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына лицензиаттың сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда лицензиат бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат төлқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
19, 20-тармақтар мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |