Осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнің өзi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн мiндеттi түрде алу;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;»;
22) 28-баптың бірінші абзацындағы «1-тармағының 1), 2) және 3)» деген сөздер «1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 29-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;»;
«3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.»;
24) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат берудің және кредиттік есепті алудың ерекшеліктері
30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 20-тармақтың 24) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарындағы «бизнес-сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркелу нөмірі» деген сөздер деп есептелді
1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілдеме шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электронды жеткізгіште бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
21. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) басқарушы компания - уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;»;
13) тармақша «активтерін» деген сөзден кейін «және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) пайды сатып алу - осы Заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес айқындалатын оның құнын пай ұстаушысына басқарушы компанияның төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару;»;
2) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «сенiмгерлiк» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шығарған (берген) қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтері жабық инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн және оның активтері мөлшерінің бес және одан көп пайызын құрайтын заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес.»;
5-тармақтағы «6) және 8)-12) тармақшаларында» деген сөздер «6), 9) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
4) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әдiлет органдарында акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте «инвестициялық қор» деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.
Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты бұзылған күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.»;
5) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару
1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.
Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.
3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
7-бап. Аудитке қойылатын талаптар
1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы орындаушы аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.»;
6) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.»;
21-тармақтың 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс.»;
4-тармақ алып тасталсын;
7) 10-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс.»;
8) 11-бапта:
2-тармақ «жобалары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
9) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.
4. Акционерлік инвестициялық қордың бірінші құрылтай жиналысында Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген мәселелер бойынша шешімдерден басқа, кастодиан таңдау туралы шешім қабылданады.»;
10) 14-бапта:
1-тармақ «дауыс берсе,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«енгенге дейін» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
«барлық» деген сөз алып тасталсын;
11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату
1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.
3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.»;
12) 16-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Инвестициялық» деген сөз «Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«елу» деген сөз «жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, тиiстi қаржы жылына арналған» деген сөздер алып тасталсын;
13) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.
Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту
1. Қордың қағидаларында белгiленген талаптармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi.»;
15) 20-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады.»;
16) 21-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi тiркеушiнiң iшкi құжаттарында айқындалады.»;
4-тармақтағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 23-бапта:
1-тармақ «валюта» деген сөзден кейін «немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі «орналастыру кезеңі» деген сөздерден кейін «инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні пайларды ұстаушылардың саны бестен кем болмайтын жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 26-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «қаржы құралдары немесе өзге де мүлкi» деген сөздер «шығарған (берген) қаржы құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 18) тармақшасының үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтағы «, тiркеушiнiң», «, тіркеуші» деген сөздер алып тасталсын;
19) 27-баптың 1-тармағында:
21-тармақтың 19) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшадағы «нақтылы» деген сөз «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайдың номиналды құны көрсетілетін өзге валютада көрсетілуі мүмкін номиналды» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 19) тармақшасының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) тармақшадағы «, тiркеушiнiң» деген сөз алып тасталсын;
21-тармақтың 20) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 28-бапта:
4-тармақтағы «немесе тiркеушi», «, тіркеушімен» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «немесе тiркеушi» деген сөздер алып тасталсын;
21-тармақтың 21) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 30-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «, тiркеушiсiн» деген сөз алып тасталсын;
22) 33-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабының 4-тармағында айқындалған талап орындалмаса;»;
21-тармақтың 22) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақшадағы «немесе тiркеушiнiң», «немесе жаңа тiркеушi» деген сөздер алып тасталсын;
21-тармақтың 22) тармақшасының алтыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақшадағы «, тiркеушiнiң», «, жаңа тiркеушi» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 34-бапта:
2-тармақ «кастодианы» деген сөзден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«өткiзудi қамтамасыз етуге» деген сөздер «өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді.»;
24) 35-баптың 2-тармағындағы «аяқталғаннан кейiн оның таза активтерi құнының инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне» деген сөздер «аяқталған күні осы Заңның 23-бабы 4-тармағының талаптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 36-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған кезде, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.»;
26) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы
1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.
2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:
1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;
2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.
Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.
3. Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.
4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.
Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құрылуға тиiс.
5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.
6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:
1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;
2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;
3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;
4) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және Қазақстан Республикасы қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, олардың жалпы санының он бестен асатын пайызы мөлшерiндегі бiр заңды тұлғаның бiр түрдегi қаржы құралдары болмауға тиiс.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерiнің қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.
9. Бiр тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтерi есебiнен инвестициялардың жинақталған мөлшерi:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлiк қоры үшiн таза активтер құнының он бес пайызынан;
2) акционерлiк инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының жиырма пайызынан;
3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшiн таза активтер құнының отыз пайызынан аспауға тиiс.
10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн.
Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс:
1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс;
2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс.»;