27) 38-бапта:
1-тармақтағы «қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында,» және «, сондай-ақ акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қоры ережелерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
«Инвестициялық» деген сөз «Акционерлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валютамен жүргiзiледi.»;
28) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы
1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:
1) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианы мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және орналасқан жерi;
2) инвестициялық қор активтерiн есепке алу және олардың құнын айқындау тәртiбi;
3) инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодиан мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерлерi;
4) дивидендтiк саясат;
5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;
6) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;
7) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлерге инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;
9) инвестициялық саясат бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер қамтылуға тиіс.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға келiсуге табыс етіледі.
Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсетiле отырып, осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.»;
29) 40-баптың 4-тармағындағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
8) тармақшадағы «сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақша «кірмейтін» деген сөзден кейін «не актив бағалы қағаздар болып табылған жағдайда, оның бағалы қағаздарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын ұйымда инвестициялық қордың шотына есепке алынбаған» деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) инвестициялық қордың акцияларын және пайларын осы жабық инвестициялық пай қорының активтері құрамына кіретін қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтерді шығарған (берген) заңды тұлғаларға өткізуге;»;
31) 43-баптың 2-тармағындағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
32) 45-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы «проспектiсiмен» деген сөзден кейін «және инвестициялық декларациясымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) және 5) тармақшаларда:
«акционерлiк инвестициялық қордың немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
4-тармақтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының қызметiн тоқтату жағдайларын қоспағанда,» деген сөздер «Акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер басқарушы компанияның интернет-ресурсын қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 46-бапта:
тақырыптағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының» деген сөздер «басқарушы компанияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «немесе кастодианының» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):
1) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы»;
2) 16-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген операцияны жүргiзу процесiнде, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қарыз беруге не кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердi қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) депозиттер орналастыруға құқылы, оларды беру не орналастыру ерекшелiктерi мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;
3-тармақтағы «мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздер алып тасталсын;
22-тармақтың 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 18-баптағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақтың 4) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 19-баптың 2-тармағындағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 23-тармақтағы «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
23. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 4-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «серiктестiктер,» деген сөзден кейін «орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 32-бапта:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы «номиналдық ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар банктің, ипотекалық ұйымның, брокердің және (немесе) дилердің» деген сөздер «банктің, ипотекалық ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің қызметін қоспағанда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет;»;
23-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;»;
18) тармақша «кредиттік» деген сөздің алдынан «мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақшада:
«бухгалтерлер мен» деген сөздер «бухгалтерлердің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«болып табылатын» деген сөздерден кейін «, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «қаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «(қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) -жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;»;
2) 16-баптағы «мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде» деген сөздер «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларынан және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.»;
5-тармақтағы «1-3-тармақтарына» деген сөздер «1, 2, 3 және 3-1-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялайды.»;
4) 20-бапта:
4-тармақ «компанияларында» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк кәсiпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн:
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi табыс етудің мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;»;
3) тармақшада:
екінші абзац «актiлерiн» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 21-баптың 9-тармағының 4) тармақшасындағы «қарауға міндетті.» деген сөздер «қарауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға міндетті.».
25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 88-құжат):
1) 1-баптың 3-тармағында:
9) тармақшаның төртінші абзацындағы «инвестициялық портфельдердiң бiреуiнде немесе бiрнешеуiнде» деген сөздер «инвестициялық портфельде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының басқа түрдегі инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп консервативтiк инвестициялық портфельге аударады.
6. Инвестициялық портфельдi таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын, сондай-ақ зейнеткерлiк жасқа дейiн жетi жыл және одан аз уақыт қалған тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивтi инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп қалыпты инвестициялық портфельге аударады.»;
25-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша алып тасталсын:
25-тармақтың 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап.
1. Осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтарын, 12) тармақшасын, осы Заңның 2009 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын, осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының қырық төртiншi абзацын, 11) тармақшасын, 13) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының бірінші, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 20) тармақшасының үшiншi абзацын және 24) тармақшасын, осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағының 2), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын, 16) тармақшасының алтыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi ай iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельдi таңдау туралы өтiнiштерiн қабылдау бойынша жұмыс жүргiзсiн.».
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 26-тармақ өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 58, 60, 61, 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптармен толықтырылсын:
«58-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 12-бабы 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз беруші қарыз алушы үшін өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға берілген өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;».
60-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын - банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген;».
61-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын - банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген.».
62-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 99-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.».
64-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 115-бабы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.».
65-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында 2011-2018 жылдар ішіндегі салық кезеңдерінде мынадай:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жөніндегі;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында шеккен шығыстар жөніндегі ақпарат қамтылуға тиіс деп белгіленсін.
66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның табыстары, егер мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады: