13) лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;
18) интернет-ресурста барлық корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;
19) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.»;
62) 89-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңы сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу үшін қосымша талаптар мен шарттар белгіленуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтердің көрсетілуіне шарт жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
63) 101-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырады.»;
64) 102-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бағалы қағаздары қор биржасы тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпаратқа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді және тізбесі осы баптың 2-тармағында айқындалған ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы эмитент активтерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомада эмитент мүлкін кепілге (қайта кепілге) беру;»;
7) тармақшадағы «өзгерістер эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерістер деп танылады.» деген сөздер «өзгерiстер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер;
9) эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамауы, осы эмитент жол берген дефолт фактілері туралы ақпарат эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.»;
3-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және облигацияларды (болған жағдайда) ұстаушылардың өкiлiне» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында қамтылатын өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.»;
65) 103-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін клиенттерден - жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;»;
9) тармақша «органның назарына» деген сөздерден кейін «мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
66) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi
1. Уәкілетті орган:
1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiндегі және эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде қамтылатын;
2) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру немесе олардан айыру туралы, мұндай лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептерi туралы;
3) шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша дефолтқа жол берген эмитенттер, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары мен ірі акционерлері (қатысушылары) туралы ақпаратты өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес ашып көрсетуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көздейтін халықаралық шарттары негiзiнде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бередi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты оған мұндай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.»;
67) 107-баптың бірінші бөлігі «өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
68) 108-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;».
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 19-тармақтағы «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
19. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасындағы «депозитарийдің» деген сөзден кейін «, бірыңғай тіркеушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi» деген сөздер «оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді;»;
7-1) тармақша «ұйымдар» деген сөзден кейін «, банк және сақтандыру холдингтері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қаржылық ұйымдарға, қаржылық ұйымдардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;»;
2-2-тармақ:
«банктерде,» деген сөзден кейін «банк холдингтерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
«(қайта сақтандыру) ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингтерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «ұйымдарды» деген сөзден кейін «, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 9-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі:
«банктерге,» деген сөзден кейін «банк холдингтеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
«(қайта сақтандыру) ұйымдарына» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингтеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының талаптары банк және сақтандыру холдингтеріндегі уәкілетті органның өкіліне қолданылады.»;
4) 10-бапта:
1) тармақша:
«банктердің» деген сөзден кейін «және банк холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«рұқсат беру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «банктік топтар» деген сөздер «банк конгломераттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 1) тармақшасында:
«тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «және сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «және сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«рұқсат беру» деген сөздерден кейін «, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 12-бап мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесіне жеке және заңды тұлғалардың ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;
9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;
9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;
«14-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне қатысты шектеулі шараларды және санкцияларды қолданады;»;
7) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;
4) тармақшадағы «ашық» деген сөз алып тасталсын;
4-1) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жинақтаушы зейнетақы қорының, оның ішінде қайта ұйымдастырылатын немесе лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртiбiн белгiлейдi;»;
7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етедi. Уәкiлеттi органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерiлетiн ұйым тексеруді жүргiзу басталарда тексерушi қызметкерлерге беруге мiндеттi құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
Тексеруге жататын мәселелер, оның мерзімдері, тексеруші топтың құрамы уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары бекітетін тексеруді жүргізу тапсырмасында көрсетіледі.
Тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды.
Уәкілетті орган, қажет болғанда, тексеруді жүргізу мерзімін ұзарта алады, ол туралы ұйымға тексеруді жүргізу тапсырмасына қосымша түрінде жазбаша хабарлама жіберіледі.
Тексеру жүргізу тапсырмасына қосымшаның көшірмесі ұйымға беріледі. Ұйым оның көшірмесін алғандығы туралы белгi қойылған тексеру жүргізу тапсырмасына қосымшаның түпнұсқасы уәкiлеттi органда қалады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақта:
«екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
«отыз» деген сөз «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Ұйым уәкілетті орган белгілеген мерзімде тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады, онда жоспарланып отырған шаралардың тізбесі, жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі, сондай-ақ жоспарланып отырған шараларды орындау мерзімдері қамтылады.
Ұйым уәкілетті органмен іс-шаралар жоспарын келіскеннен кейін оның орындалуына қарай, іс-шаралар жоспарында көзделген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептер не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне алған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктер береді.»;
9) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты оған мұндай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.».
20. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақшадағы «коммерциялық» деген сөз алып тасталсын;
13) тармақшада:
«кредиттік бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«беруге не » деген сөздерден кейін «кредиттік бюродан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;
2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өзі туралы ақпарат беруді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi келiсiмiнiң болуы;»;
3) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «кредиттiк» деген сөздің алдынан «осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 5-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
«кредиттік бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кредиттiк есептi» деген сөздердің алдынан «кредиттік бюродан» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «кредиттiк» деген сөздің алдынан «осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 6-бапта:
1-тармақта:
«Кредиттiк» деген сөз «Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жетпіс бес және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.».
6) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «зерттеулер;» деген сөз «зерттеулер жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
7) 8-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңының 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік тарих деректерінің базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және сақталуын қамтамасыз ету және үй-жайлар жөнінде кредиттік бюроға қойылатын талаптарға оның сәйкестігі туралы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған акт болған кезде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға жол беріледі.»;
8) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.»;
9) 13-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
10) 15-бапта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасын иеленуге құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуі тиіс.»;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
11) 16-бапта:
2) тармақша «ақпарат берушiлерден» деген сөздердің алдынан «мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын».
3-1) тармақшадағы «кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз» деген сөздер «кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабының 8-2) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;»;
12) 17-бапта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмiн алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi беруге;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихта қамтылған ақпаратты, оның ішінде банк құпиясын құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында сақталатын ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын қредиттік бюроға өтініш жасаудың, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасына түзетулер енгізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;»;
13) 19-баптың 2-тармағында:
1) тармақша «кредиттік тарих» деген сөздердің алдынан «мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «ақпарат» деген сөздің алдынан «мемлекет қатысатын кредиттік бюромен» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «кредиттік бюроларға» деген сөздердің алдынан «ақпарат беру туралы шарт жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 20-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «және кредиттiк есептердi алу туралы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;
4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.»;
2-тармақтағы «2) және 3)» деген сөздер «2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 21-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы «2) және 3)» деген сөздер «2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «кредиттік тарих» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 22-баптың 1) тармақшасындағы «ақпарат берушіге» деген сөздердің алдынан «мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға» деген сөздермен толықтырылсын, «кредиттік бюроға» деген сөздер алып тасталсын;
17) 23-бапта;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде, осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беруінің және кредиттік есептерді алудың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттармен айқындалады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ «кредиттiк бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;»;
19) 25-бапта:
1-тармақта:
«кредиттiк бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кредиттiк есептi алушыға» деген сөздердің алдынан «кредиттік бюродан» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«кредиттiк бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) деген сөздермен толықтырылсын;
«кредиттiк есептi беруге» деген сөздердің алдынан «кредиттік бюродан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.»;
20) 26-баптың 1-тармағында:
«Кредиттiк бюроларға» деген сөздерден кейін «(мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кредиттiк есептер» деген сөздердің алдынан «кредиттік бюродан» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ол мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.