21. Уәкілетті орган берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленетін ұйымдармен эмитенттер жасасқан, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
22. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттар бірыңғай тіркеушімен ғана жасалады.
23. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеуші лицензиясының қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ тіркеуші лицензиядан айырылған жағдайда эмитент осы тіркеушімен жасаған, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.
24. Лицензияларының қолданылуы тоқтатылған тіркеушілер орталық депозитарийге берген, эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай тіркеушіге берілуін орталық депозитарий жүзеге асырады.
25. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленетін ұйымдар:
1) 2013 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей лицензиялар бланкілерін уәкілетті органға қайтаруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың берілуін жүзеге асыруға міндетті.
26. Осы баптың 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 20, 24 және 25-тармақтарында аталған тұлғалар көрсетілген тармақтарда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 524-ІV