1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті жалға беру немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын табыстарды осы тармақта көрсетілген табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, табыстардың жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.».
67-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 137-бабы мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.».
68-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».
69-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».
70-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 262-бабы мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын ұйымның:
мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:
күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.».
27. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. 1-тармақты қоспағанда, осы баптың ережелері екінші деңгейдегі банктерге (Қазақстан Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен басқа) қолданылмайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қорды басқару кеңесі
Қорды басқару жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басшылық ететін консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылады. Кеңестің құрамы және ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.»;
3) 9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасы «банктердiң» деген сөзден кейін «, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қордың даму стратегиясын Кеңес мақұлдағаннан кейін Қордың жалғыз акционері бекітеді.».
28. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат, № 5, 43-құжат):
65-бапта:
9-тармақта:
28-тармақтың төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«тіркеушіге (номиналды ұстаушыға)» деген сөздер «номиналды ұстаушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздарды тіркеушінің құқықтарды есепке алу үшін бірыңғай тіркеушіге беруіне жол беріледі.»;
28-тармақтың жетінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтағы «тіркеушінің (номиналды ұстаушының)» және «тіркеуші (номиналды ұстаушы)» деген сөздер тиісінше «номиналды ұстаушының» және «номиналды ұстаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтың сегізінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-тармақтағы «тіркеушімен (номиналды ұстаушымен)» және «тіркеуші (номиналды ұстаушы)» деген сөздер тиісінше «номиналды ұстаушымен» және «номиналды ұстаушы» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
166-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ұлттық» деген сөз «Екінші деңгейдегі банктерді (Қазақстан Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен басқа) қоспағанда, ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң:
осы Заңның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 11-тармағы 11) тармақшасының жетінші абзацын, 14-тармағының 7) тармақшасын, 18-тармағы 34) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын;
осы Заңның 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасының он екінші абзацын, 6) тармақшасын, 19) тармақшасының жиырма екінші абзацын;
осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 22-тармағы 3), 4) тармақшаларын, 25-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 2) тармақшасын;
осы Заңның 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасының сегізінші, отыз сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 14-тармағы 13) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 17) тармақшасының қырық бірінші абзацын, 17-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 8) тармақшасын, 18-тармағы 8) тармақшасының сегізінші абзацын, 27) және 28) тармақшаларын, 32) тармақшасының үшінші абзацын, 46) тармақшасының он жетінші абзацын, 47) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 48) және 49) тармақшаларын, 54) тармақшасының бесінші абзацын, 55) тармақшасының екінші абзацын және 56) тармақшасының екінші абзацын, 21-тармағы 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 19) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 20) және 21) тармақшаларын, 22) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 23-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 28-тармағының төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын;
осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 11-тармағы 11) тармақшасының жиырма үшінші абзацын;
осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 18-тармағы 16) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацы, 14-тармағы 17) тармақшасының қырқыншы абзацы, 18-тармағы 2) тармақшасының отыз үшінші және тоқсан бірінші абзацтары, 41) тармақшасының он екінші және жиырмасыншы абзацтары, 23-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 28-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 20-тармағы 24) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарындағы «бизнес-сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркелу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.
4. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 1-бабының 18, 19 және 23-тармақтарындағы «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнеткерлік активтерге инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап үш ай ішінде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 15) тармақшасының оныншы абзацында және 32) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
6. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай ішінде, осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының талабына сәйкес келтіруге міндетті. Сақтандыру ұйымдары осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының талабын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларды «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілетін лицензиядан айыруға құқылы.
7. Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні зейнеткерлік активтерге инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ірі қатысушы белгілері бар тұлғалар өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай ішінде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында, 12) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісінше осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 8) тармақшасының жетінші, оныншы абзацтарында және 14-тармағы 9) тармақшасының сегізінші, он бірінші абзацтарында белгіленген талаптарға сай болуға міндетті.
8. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін банктік қарыз және банктік кепілдік шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктер өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 4) тармақшасының үшінші - он алтыншы абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 10-тармағының 3), 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтеріне еншілес банкті құруға немесе сатып алуға не банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсатты банк холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 11) тармақшасының жетінші - жетпіс екінші абзацтарында, 17) тармақшасының отыз үшінші - жетпіс тоғызыншы абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтеріне еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе сатып алуға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға рұқсатты сақтандыру холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесі бар, Қазақстан Республикасының резидент емес банк немесе сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісінше осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацында және 14-тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге не банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өздеріне тиесілі акцияларын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының орналастырылған (артықшылықты және банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан аз деңгейіне дейін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін, сондай-ақ банк холдингі еншілес ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы бас ұйым болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, банк холдингінің еншілес ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасының отызыншы абзацында, 5) тармақшасының он бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банктің еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасының жиырма тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілетін күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 11) тармақшасының он бірінші абзацында, 17) тармақшасының қырық жетінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының резидент еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін, сондай-ақ сақтандыру холдингі еншілес ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы бас ұйым болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілетін күні сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 11) тармақшасының он екінші абзацында, 17) тармақшасының қырық сегізінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
11. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзінің ішкі құжаттарын 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 18-тармағының 59) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес келтіруге міндетті.
13. Акционерлік инвестициялық қорлар және басқарушы компаниялар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 21-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті. Акционерлік инвестициялық қор 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 21-тармағында белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор ретіндегі өз қызметін акционерлік инвестициялық қор тоқтатуға міндетті.
14. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 11) тармақшасы сегізінші абзацының күші жинақтаушы зейнетақы қорларының акцияларын аталған абзац қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алған тұлғаларға қолданылмайды.
15. Осы Заңның қолданысқа енгізілу күніне банктік қарыз операцияларына лицензияны иеленетін, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарып беруге міндетті.
16. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 1-тармағында аталған, осы Заңның қолданысқа енгізілу күніне кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасқан ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру күнінен бастап үш ай ішінде аталған шарттарды қайта жасасуға не бұзуға міндетті.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Осы Заң қолданысқа енгізілген күні уәкілетті органның лицензиясы бар кредиттік бюролар мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде, сондай-ақ кредиттік бюроға кредиттік тарихтың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сәйкестігі туралы «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған актіні ол алған күннен бастап күнтізбелік 190 күн ішінде кредиттік тарихтың дерекқорын мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған талаптарды кредиттік бюролар орындамаған жағдайда, уәкілетті орган кредиттік бюро мен оның лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
18. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін кредиттік тарих субъектілері берген, өзі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімі:
осы Заң қолданысқа енгізілген, сондай-ақ ақпарат беруші кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шартты қайта жасасқан күнге дейін жасалған, банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдерді есепке алу, кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығару шарттары бойынша ақпарат беру жағдайында, «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес, кредиттік бюроларға берілетін ақпаратқа қолданылады;
осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған, банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдерді есепке алу, кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығару шарттары бойынша кредиттік бюроларға берілетін ақпаратқа қолданылмайды. Бұл жағдайда ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) өзі туралы ақпарат беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімін ақпарат берушінің алуы мүмкін.
19. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін алынған, өзі туралы кредиттік есепті алуға кредиттік тарих субъектісінің келісімі мемлекет қатысатын кредиттік бюро беретін ақпаратқа қолданылады.
20. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 34-бабының 3-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары жалпы санының кемінде он пайызы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сатып алуға ұсынылуға және бір-біріне, жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның ірі қатысушыларына үлестес тұлғалар болып табылмайтын инвесторлардың шектеусіз тобы арасында сұраныс болған кезде, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өткізілуі тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 9) тармақшасының төртінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарында, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 9) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарында, 17) тармақшасының он төртінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.